Ақмола облысы Бурабай ауданы Тақырыбы: «Киімдер» Қазақ тілі мұғалімі



Дата22.08.2017
өлшемі89,27 Kb.
#23984
Ақмола облысы

Бурабай ауданы




Тақырыбы: «Киімдер»
Қазақ тілі мұғалімі:

Кудайбергенова Б. М.


Щучинск қаласы

«Ақбота» бөбекжайы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Киімдер»

Мақсаты:

  1. Білімділік: киімдердің қазақ тіліндегі атауларымен таныстыру.

  2. Дамытушылық: ойлау, түсіну, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілге тән дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету, киім түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сөздік жұмыс: киім, құлақшын, етік, бәтеңке, күрте, қалпақ, бөкебай, қолғап, шұлық т.б.


Іс-әрекет бөлімдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай? Көңіл-күйлерің қалай? Келіңдер көңілімізді көтерейік.

Армысың, досым!

Кел, маған қосыл,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық сыйлайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық!



Балалар мұғаліммен амандасады.

Өлең шумағының мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.






І. «Миға шабуыл».

- Балалар, мен таңертең жұмысқа келе жатып, тоңып қалдым. Неге екенін өзім білмеймін. Сендер не айтасыңдар?

Иә, дұрыс айтасыңдар, мен қалың киінбедім. Ал, сендер қалай дұрыс киіну керек екенін білесіңдер ме? Олай болса, бүгінгі сабағымызды киім түрлеріне арнайық.

(Кенеттен топқа дұрыс киінбеген Олақгүл кіреді.)

- Балалар, сәлеметсіңдер ме! Мен қонаққа бара жатырмын.

- Ой, Олақгүл, қонаққа барғанда осылай киіне ме екен? Балалар, Олақгүл дұрыс киінді ме?

- Біз балалармен қазір киімдер туралы біраз тапсырмалар орындайық деп едік. Сен де бізбен бірге орындасаң, дұрыс киінуге үйренетін едің.

ІІ. Сурет арқылы жаңа сөздерді меңгерту.

- Балалар, мына суретке назар аударайық. Мұнда нелер бейнеленген? Дұрыс айтасыңдар. Бұлар – киімдер. Қане, осы киімдерді қазақ тілінде дұрыс атап үйренейік.

Киім - одежда

Тон – шуба

Күрте – куртка

Құлақшын – шапка

Қалпақ - шляпа

Биялай – варежки

Қолғап – перчатки

Етік – сапоги

Пима – валенки

Бәтеңке – ботинки

Көйлек – платье

Жейде - рубашка



ІІІ. Топтық жұмыс.

- Балалар, мен сендерге тапсырма бергім келіп тұр. Келіңдер, топқа бөлініп отырайық.

1-топ. Берілген пазлды құрастырып, қыстық киімдерді ғана табасыңдар.

2-топ. Берілген суреттердің қиындыларынан тұтас киімнің суретін құрастырасыңдар.

3-топ. Берілген суреттерден қыздардың және ұлдардың киімдерін іріктейсіңдер.

ІҮ. Ойын ойнайық: «Қыс пен жаз»

- Балалар, мен сендерге жазда және қыста киетін киімдердің суреттерін беремін. Сендер жаздық киімдерді «жаздың» суретіне жапсырасыңдар, ал қыстық киімдерді «қыстың» суретіне жапсырасыңдар. Содан кейін сөйлем құрап үйренеміз. Мысалы:

Мен жазда көйлек киемін.

Мен қыста тон киемін.

Мен етікті қыста киемін.

Біз қыста пима киеміз.



Ү. Сергіту сәті.

- Балалар, келіңдер аздап сергіп алайық.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ-топ.

Топылдатып билейміз.

ҮІ. Фонетикалық жаттығу.

- Балалар, біз жаңа сөздерді дұрыс айта білу үшін дыбыстық жаттығу орындайық.

Кө – кө – кө – көйлек

Лық – лық – лық – шұлық

Пақ – пақ – пақ – қалпақ

Тік – тік – тік – етік



ҮІІ.«Бұл кімнің киімі?» ойын-тапсырма.

- Балалар, қазір мынадай ойын-тапсырманы орындаймыз. Көрсетілген ойын бұрыштарынан мамандықтарды анықтайсыңдар, атайсыңдар. Киімін киіп көресіңдер, қажеттілігін айтып бересіңдер. Ойын бұрышынан әр мамандықтың жұмыс орнын табасыңдар.



ҮІІІ. «Суреттерді қосайық» тапсырмасы.

- Балалар, сендерге мынадай тапсырма бергім келіп тұр. Бірінші қатарда киім түрлері, ал екінші қатарда бұл киімдерге қатысты заттары тұр. Сендер киімдерді сәйкес келетін заттарымен қосуларың керек.



ІХ. «Олақгүлді үйретейік».

- Қане, балалар, біз киімдерді жақсы ажыратып үйрендік. Келіңдер, Олақгүлдің киімдерін ретке келтірейік. Олақгүл, бантикті біз шашымызға тағамыз. Кел, мен сенің шашыңа тағып берейін. Ал мына орамалды мойынға немесе басымызға тағуға болады.

(Дұрыс киініп үйренген Олақгүл балалармен қоштасып кетеді).


Балалар өз ойларымен бөліседі.

Суретті тамашалай отырып, киімдердің атауларын айтып үйренеді.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды, тапсырманы орындайды.

Балалар қыстық және жаздық киімдерді ажыратып үйренеді.

Берілген суреттегі сөздермен сөйлем құрайды.

Өлең шумағының мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Мұғалімнің көмегімен дыбыстық жаттығуды орындайды.

Ойын-тапсырманы орындайды.

Мұғалімнің түсіндірмесінен кейін тапсырманы орындайды.

Балалар Олақгүлге дұрыс киінуге көмектеседі.




Рефлексивті-коррекциялаушы

Х. «Менің пікірім»

- Балалар, бүгінгі сабақта көп тапсырмалар орындадыңдар, жақсы жұмыс жасадыңдар. Мен сендерге ризамын. Ал сендерге сабақ ұнады ма? Мына күн біздің сабағымыз болады, ал күннің шуақтарын сендер жасайсыңдар. Ұнаса – күннің сары шуағын, ұнамаса – күннің қызыл шуағын жапсырасыңдар.



Балалар өздерінің көңіл-күйлерін күннің шуақтары арқылы білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет