Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы



Дата21.07.2017
өлшемі102,71 Kb.
#21502
Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Невский орта мектебінің

Физика пәнінің мұғалімі

Женисхан Аймангул

«Шеберліктің белгісі- әртүрлі әдісті біліп,
сабақта орынды қолдана білу».
А. Байтұрсынұлы

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді  дамытудың мемлекеттік бағдарламасын   іскеа сыру     міндеттері ұстаздар алдына  білім берудің тиімді жүйесін құруды мақсат етіп қояды.

Сабаққа қойылатын қазіргі заман талаптары мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісіне материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет.

Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай жаңартылған инновациялық технологияны меңгеріп, жаңашыл әдіс-тәсілдерді таңдап, оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру аса қажет.


Оқыту – оқу материалының мазмұнын меңгерту және танымдық іс-әрекет әдістерін игерту мақсатында мұғалімнің оқушылармен жұмысы кезіндегі бірлескен әрекет процесі.


Әдістемелік құрал сыныпта тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру жолдарын айқындау, оқушыларға қолдау көрсету әдістерін зерделеу физика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу мақсатында әзірленді.

Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табатындықтан, әдістемелік ұсынымда күнделікті оқу үрдісінде қолдана алатын нақты материалдар, эксперименттік (олимпиадалық) есептер шығарудың 9 сыныптар бойынша элективті курс бағдарламасы, зертханалық жұмыстар жүргізу туралы нұсқаулық, физикадағы оқу экспериментінің әдістемесі және оған қойылатын талаптар, экскурсия ұйымдастыру жолдары, физикада олимпиада ессептерін шығарудың жалпы әдістемесі, шешімдері, лабораториялық сабақтардың негізгі формасы, жүргізілу технологиясы, ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыс жоспары өзімнің педагог ретінде жинақтаған нақты тәжірибемді келтірдім.

Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының формалары бір-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқушылардың оқу қаракетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары формасының әртүрлігінің қажеттілігі тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің әртүрлігімен сипатталады. Бұл:

Ұсынылып отырған жұмыстың ерекшелігі: оқушы тұлғасын дамыта отырып, басшылыққа алып, оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыру;

- оқушыларға дүние-танымдық көзқарас қалыптастыру;


- өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру;


- сабақ процесінде өзіндік іздену, шығармашылықпен еңбек етуді ұйымдастырудың жолдарын көрсету;

Оқу сабақтарының қай түрін алып қарасақта олардың ортақ мақсаты – оқушыларға білім қорын игерту. Сондықтан оларды дұрыс таңдап ұйымдастыру қажет.

Сабақ – оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы, әрі оқу процесіндегі шешуші буын. Сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.

Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс.

Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады.

Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген ғалымдар шұғылданды.

Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы формасы;



ә) нақты формасы.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы оқу үрдісіндегі атқаратын міндетіне, оқу материалын баяндау тәсілдеріне, білімдерді қалыптастыру және жетілдірудегі, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырудағы негізгі білім көздеріне байланысты анықталады.

Лекция – жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізу көзделеді. Себебі, ұзақ уақыт бойы жаңа ақпараттарды қабылдауға дағдыланған.

Лекцияда негізгі білім көзі – мұғалім. Лекция білімдерді қалыптастыру міндетін атқарады.

Семинар –білімдерді бекіту, жетілдіру міндеттерін атқарады. Семинарда білім көзі – пікір сайысқа қатысқан, рефераттарды талдауға қатысқан, қолдан


көрнекіліктер және приборлар жасаған оқушылар болып табылады.

Оқу-практикалық сабақтар оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың бұл формасында әртүрлі практикалық жаттығулар, экспериментік жұмыстар орындалады. Экскурсияда оқушылар білімді өндірістердегі механизмдердің жұмыс принциптерімен танысу, табиғатта өтіп жатқан әртүрлі процестерді бақылау барысында алады.

Конференцияда оқушылар білімді өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан алады.

Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері 2-кесте


Әдісте-мелік негізде-рі

Сезім арқылы қабылдау – абстракциялық

ойлау – практикада қолдану

Психологиялық негіздері

Оқу материал-дарын дайын -дау

Саналы түрде қабылдаула-рын және түсінулерін ұйымдастыру

Оқу материа- лын есте сақтау және игерулерін ұйымдастыру

(1 деңгей)

Алған білімді таныс жағдай ға қолданула-рын ұйымдас тыру

(2 деңгей)

Білімді жаңа жағдайға қол- дануларын ұйымдастыру

Дидактикалық негіздері

Жаңа матер- иалды өтуге дәлел келтіру, білімдерді өзек- тендіру

Оқу матер- иалдарын құрылымдық-логикалық сызба, жоспар лар, тірек конспектілері негізінде баян дау.

Меңгерудің

1-деңгейін бағалау және сұрау, бекіту

Жаттығу, ла- борториялық жұмыстар,

игер удің

2-деңгейін бағалау

Стандартты емес есеп- терді, оның ішінде экс периментті игерудің

3-деңгейін бағалау

Әдістемелік негіздері. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау

Әңгімелесу,қы -зықты тәжіриб- лерді демон страциялау есептерді шыға ру. Мәселелік сұрақтар қою, тарихи және ғылыми матер-иал дар енгізу

Лекция,түсін-діру, әңгіме- лесу,демонст рациялық тә- жірибелер,кес телер,кинофрагмент, тақта-ға, дәптерге жаздыру, ой-ша экспери ментпен бай- ланыстыру

Оқулықпен жұмыс, дәп-терге жазу, әңгімелесу. Есептер шы-ғару, кесте лер,графиктерсуреттермен және т.б. жұмыс тар

Есептер шы- ғару, оқулық пен жұмыс, фронталь тә- жірибелер

Әртүрлі есеп тер шығаруды және жатты ғуларды,оқушылардың өзін дік жұмыс тарын ұйым- дастыру


Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады.


Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті көрсеткенде оқушылар пассивті түрде бақылаушы ролін атқарады. Лабораториялық экспериментте оқушылар өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды.

Лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылымми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.



демонстрациялық эксперимент




лабораториялық эксперимент


физикалық практикум


кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент


эксперименттік есептер шығару


қолан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау

Физикадағы оқу экспериментінің жүйесі.
















2- сурет Физикадағы оқу экспериментінің жүйесі.

Физика пәнінен қиындатылған, олимпиадалық деңгейдегі есептерді шығару- физикалық құбылыстарды, оны сипаттайтын заңдылықтарды дұрыс және терең түсінуге көмектеседі. Физикалық пәндік олимпиадалар жастар арасында білімді насихаттауда, физиканың оқытылу сапасын көтеруде аса маңызды орта болып табылады. Ал, олимпиадаларға нәтижелі қатыса білу аса зор дайындықты, дәлірек айтсақ, сабақтан тыс дайындықты қажет етеді. Ұсынылып отырған арнайы курс осы мақсаттарды көздейді.

Бұл бағдарламада 9 сынып үшін экспериментальдық тапсырмалар келтіріліген. Біріншіден, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған, екіншіден, физиканы тереңдетіп оқытатын сыныптардағы физика пәнінің мұғалімдері, физикаға қызығушылығы жоғары оқушылар өзіндік экспериментальдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін пайдалануға болатындығы айтылады. Эксперименттік есептердің шығарылу жолдары көрсетіледі.

Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы. Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.

Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Бағдарлама бойынша экскурсия өтуі мүмкін обьектілер жазылған.

Физикада олимпиада ессептерін шығарудың жалпы әдістемесі тақырыбы алынды. Мұнда физикада олимпиадалық есептерді жүйелі түрде шығару — тақырып бойынша берілген заңдардын физикалық мағынасын тереңірек түсінуге көмектеседі; оларды нактылы жағдайда қолдана білу мәселелерін шығарылу жолдарын үйретеді.

«Лабораториялық сабақтардың негізгі формасы, жүргізілу технологиясы» тақырыбында лабораториялық жұмыстар, физика пәні бойынша зертханалық оқу құралдың Xplorer GLX жұмыс, зертханалық жұмыс атауы, тапсырмаларға арналған құрылғылар тізімі келтірілген.

Сабақ – қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады.

Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық - жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі артады.

Физикадан оқу сабақтарын дұрыс ұйымдастырудан күтілетін нәтиже:

1. Алдында өткен тақырып бойынша әр оқушының қабілетін бағалау.

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгере білуі;

2. Физика есептерін шығару барысында оқушы өзіне талдау жасай алуы;

3. Ең нашар оқушыға дейін тақырып бойынша min білім алуын қамтамасыз етуге болады;

4.Оқушылар білім игерудегі өз қабілетіне қарай ізденіп, өз биігіне жетеді;

5. Басқа пәндерден алған білімдерін пайдаланып, нақтылай түседі;

6. Оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға көмектеседі;

7. Сабақты тиімді ұйымдастырудың құралы болмақ;

8.Оқушылардың білім сапасының жоғарылауы байқалады;

9. Дарынды оқушылармен жұмысты жандандырады



Қорыта айтқанда, елімізде ғаламдық интеграциялық үрдістің пайда болу нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің негізі қаланып жатыр. Ол үшін физикадан оқу сабақтарын тиімді ұйымдастырып, интеграциялық білімнің біртұтас жүйесін ендіріп, оқушыларын әлемдік ақыл ойдың қол жеткен табыстар мен сусындауына, өз бетінше білім алуына, шығармашыл бастамаларға бейім болуына баулуымыз қажет.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет