бастауыш сынып мұғалімі Нурмагамбетова Алма Сайлаубекқызы
Еңбек өтілі : 25 жыл
Дүниетану
Ашық сабақ
Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
Мақсаты
:
Білімділік:Оқушылардың еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау.
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу.
Дамытушылық :
Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамаен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.