Нурмагамбетова Данагүл Манарбековна
тарих, құқық және дінтану пәнінің мұғалімі
«Тарих сабағында жеке тұлғаның шығармашылық
қабілетін дамыту жолдары»
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім
оқушының өзін ізденуге жетелейді»
Мақсатым:
“Оқыту мен тәрбиелеу барысында оқушылардың сана – сезімін, ұлттық озық дәстүрді қалыптастырып, жас ұрпақтың білім дәрежесін арттыру, оқу тәрбие жұмысын, жаңа биікке көтеру”
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастағанынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы – үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймын.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар -жаңа технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Осыған сәйкес сабаққа қойылатын қазіргі талаптар да мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Халқымызда «шайнап берген ас - ас болмайды» деген мақал бар, сол сияқты мұғалім де сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай түрткі болатындай (стимулятор) әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуциидің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл -ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Олай болса, әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай әртіс болып қана қалмай / яғни өз білгенін орындап қана, кете беретін/, орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің: «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» дегендей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет.
Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтыратын баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалады. Осы себептен оқушы игерген білімін іс - әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болады. Ал оқушыны дамыта оқытатын болсақ ізденушілік – зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру жағдайы басты назарда болмақ. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жағдайды шешуге қабілетсіз екендігін сезінуі керек. Осыдан кейін барып оқушының білім алуға ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді. Оқушы алдына мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әркім оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр оқушыға жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Оқушы әр түрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінін айта білуі керек. Кез келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. Топқа бөлінген оқушылар өз сұрақтарына тынымсыз жауап іздейді. Әр оқушы өз идеясымен бөліседі. Бұл оларға сол проблема бойынша өз көзқарастарының қалыптасуына, пікірлерін қарсыластарының көзқарастарымен салыстыруға, өз пікірін қорғауға үйретеді, сол проблеманы өздігінен терең зерттеуге итермелейді. Пікір – сайыс жастардың білімдерін жан –жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсінікпен қарап, олардың пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.
Пікір – сайыс технологиясы - оқытудың ұлттық жаңа үлгісі.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктерімен ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен байи түсуде - ауызша және жазбаша, телефон, радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.
Оқыту түрлерін, құралдарын одан әрі жетілдіруде тиімді тәсілдерді
қолданудың жолдары іздестірілуі қажет. Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан –жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Енді дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқытудың айырмашылығын қарастырайық. Дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды роль атқарады, олар бірге отырып оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.
Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді роль атқарушы емес, жетекші позицияны ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өз жауабын іздейді, ал білімді ол әртүрлі жерден табуы мүмкін, шешімдері де әр оқушыда әртүрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай ізденісті әрмен қарай жалғастырады.
Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптасады.
Оқытудың жаңа моделі - пікірталас әдісі. Пікірталас – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Комуникативті пікір алмасу моделі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, методикалық нұсқауларды, «Дүние жүзі педагогика инновациясы» атты М. В. Клариннің еңбегін басшылыққа ала отырып, тарих пәнін оқытуда оқыту құралы ретінде пайдалану – жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп бірлесіп білім алуда жауапты іс - әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Педагогикалық психология бойынша оқушының мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру қажет. Мектептің оқу үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Модульдік оқыту – оқытуды оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта оқыту – оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту. Ал жекелеп (даралап) оқыту – бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту – танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру. Сондай-ақ қазақ халқы өзінің мыңдаған жылғы өмір сүру тәжірибесіне сүйене отырып, мағынасы терең нақыл сөздер, мақал-мәтелдер және тұрмыстық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қалдырған. Ал оны күнделікті өтілетін сабақ барысында қалай пайдалануға болады? Алдымен сабақтың тәрбиелік жағын ерекше ескеріп, оқушылардың өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қалыптастыру үшін мүмкіндігінше халықтық педагогика элементтерін көбірек пайдалану жағын қарастырамыз. Ол үшін бағдарламада көрсетілген материалды жоспарлағанда сол тақырыпқа сай халықтық педагогика элементтерінің қандай түрін пайдалануға болатындығын қоса жоспарлау қажет. Мұның өзі сабаққа пайдалануға болатын материалдарды алдын ала дайындауға мүмкіншілік береді. Сондықтан мұғалімнің мұндай мәліметтерді жинауы үшін шығармашылықпен жұмыс істеп, үнемі ізденіс үстінде болуына тура келеді.
Сонымен қатар сабақта халықтық педагогиканы пайдалану үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүр және мақал-мәтел секілді үш бағыт бойынша сабақты өткізудің жаңа әдістерін жетілдіре түсуге болады:
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар халқымыздың озық салт-дәстүрін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде халықтық педагогиканы пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – ынтымақтастықта оқыту технологиясына ұлттық педагогиканы енгізу.
Мен өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземіз. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, эссе, өлең жолдарын құрастыруды, қиялдауды үйренеді. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Бетпе-бет», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, тарихи басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»
жүздер
|
территориясы
|
ұраны
|
Жүздерге енетін тайпалар
|
Ұлы жүз
|
|
|
|
Орта жүз
|
|
|
|
Кіші жүз
|
|
|
|
2. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер»
1. Территориясы______________________________
2. Қоғамдық құрылысы ________________________
3. Ішкі саясаты _______________________________
4. Сыртқы саясаты ____________________________
5. Құлау себебі _______________________________
6. Қорытынды _______________________________
3. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері
|
Көтерілістің ортақ белгілері
|
1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері
|
4. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Қабанбай Бөгенбай
5. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.
Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы әдістерін халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, 8-сыныпта өткізген «Абылайдың хандығы» тақырыбындағы сабақта қазақтың аты шыққан ханы Абылайдың тарихтағы орнын көрсетуді, Абылай ханның балалық шағын, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуын қазақ халқының бастан өткізген ауыр кездерімен байланыстыра отырып түсіндіруді мақсат етіп қойдым. «Абылай кім?» деген сұраққа ассоциация жасау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сабақ жоспарын үш тақырыпшаға бөлеміз:
Абылайдың балалық шағы, ата тегі.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі батырлар.
Үш жүздің ханы – Абылай.
Оқушылар әр тақырыпшаға тірек сызбасын дайындайды.
Бірінші тақырыпша бойынша Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай тірек сызбасын құру, балалық шағын, ата тегін айту. Қосымша қазақтың мақал-мәтел, нақыл сөздерін пайдалану арқылы әрбір оқушы ой-толғаныс арқылы жетілдіре түседі. Мысалы, «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Өлі риза болмай, тірі байымас», т.б.
Екінші тақырыпша бойынша тірек сызбасы Абылай – батыр – шешен – қоғам қайраткері секілді үлгіде құрылады. Бұл жерде Абылайдың жоңғарларға тұтқынға түсуі, одан өзінің ақылдылығы, шешендігі арқылы босап шығуы туралы баяндалады. Пайдаланылған мақал-мәтелдің мазмұны айтылады.
Үшінші тақырыпша бойынша Абылай – саясаткер – үш жүздің ханы – ұлы тұлға деп құрылады. Мұнда да оқушылар мақалдарды пайдалана отырып, Абылай ханның үш жүзді біріктіру арқылы жоңғарларды жеңуі, хан болып сайлануы баяндалады. Осылайша әр тақырыпша бойынша мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы оқушы ойын толықтырады. Осы үш тақырыпшаға арналған көріністер көрсетуге болады. Сонымен қатар оқушыларға проблемалық сұрақтарды қазақтың салт-дәстүрімен байланыстыру арқылы қою оқушылардың қисынды ойлауын дамытады. Жалпы ата-баба дәстүрін сәби шақтан бойға сіңірген, түйсінген, ізденімпаз, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушы халық ұлағатын қанына сіңіре отырып болашақта еліміздің білімді, білікті азаматы болсын десек, халықтық педагогиканы әрбір сабақта жаңа технология әдістерімен байланыстыра білуіміз керек.
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкерлі іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
«Гастелло орта мектебі»ММ
Нурмагамбетова Данагул Манарбековна
тарих пәнінің мұғалімі
санаты-екінші, білімі жоғары
Тақырыбы:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
бастаған халық-азаттық көтерілісі
(8-А сынып)
2015-2016 оқу жылы
Қазақстан тарихы. 8-А сынып
Сабақтың тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық – азаттық көтерілісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің шығу себебі, алғышарттары мен барысы жайлы жан-жақты бағдар беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып, сана-сезімін ояту.
Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақ әдісі: жаңа сабақты баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: АҚТ,карта, слайд,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу.
Психологиялық тренинг.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Миға шабуыл»
(сұрақтармен жұмыс)
Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшуінің негізгі себептерін атап шығыңдар.
Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өту үрдісі қалай жүрді?
Жәңгір хан туралы әңгімелеп беріңдер.
Жәңгір хан басқарып тұрған жылдары қандай елеулі өзгерістер болды?
5.Хан қандай мәдени ағарту жұмыстарын жүргізді?
6. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей Ордасында қандай
өзгерістер орын алды?
7.Жәңгір хан қазақтардың экономикалық, қоғамдық және рухани
өмірінде қандай рөл атқарды?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
Көтерілістің шығу себептері.
Көтерілістің барысы.
Көтерілісшілердің хан ордасын қамауға алуы.
Тастөбе түбіндегі шайқас
Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары.
Көтерілістің тарихи маңызы.
Көтерілістің шығу себептері[
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
2. Көтерілістің барысы:1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметкебөленді.
Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардыңжәне татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.
Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады.
Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы[
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.
Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол
Тастөбе түбіндегі шайқас
Шиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды.
1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті.
Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлыбастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды.
Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты.
Көтерілістің тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.
Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.
Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.
Сабақты қорытындылау:
Жылдарда сөйлейді
1836-1838 жж - Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық
көтеріліс болып өтті.
1791-1838жж - Исатай Тайманұлының өмір сүрген жылдары
1837жылы қазан айы - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер
хан ордасына он шақырымдай жақын қалды.
1837жыл 15 қараша –Тастөбеде кескілескен қанды шайқас болып өтті.
1838жыл 12 шілде – Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында шешуші
шайқас өтті.
1846 жылы - Махамбет Өтемісұлы қазаға ұшырады.
Тест жұмысы
1. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:
А) Махамбеттің өлеңдерінде В) Исатайдың старшындар съезінде сөйлеген сөзінде
С) Көтерілісшілердің патшаға жазған үндеуінде
2. 1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны
А) 10 мың В) 5 мың С) 2 мың
3. Исатай қаза тапқан шайқас:
А) Тастөбе В) Ақбұлақ С) Теректіқұм
4. Исатайдың подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы болды
А) 1836 ж. Қазанда В) 1837 ж. Қазанда С) 1837 ж. қарашада
5. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай
А) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы В) Көтерілісшілер санының көбеюі
С) Тастөбе түбіндегі көтерілісшілердің жеңілісі
6. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері
А) 2000 сом В) 1000 сом С) 500 сом
7. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады
А) Баймағамбет сұлтанның В) Жәңгір ханның С) Балқы бидің
8. Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді
А) 1838 жылы В) 1842 жылы С) 1846 жылы
1- А 2- С 3- В 4- С
5- А 6- В 7- С 8- С
Тарихи диктант
............... жылдары Ішкі Ордада ............................ бастаған көтеріліс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші .................. болды. Исатайды тірідей ұстағандарға ..........сом, басын әкелгендерге ...........сом тігілді. Махамбет ................... қапыда қаза болған.
ВЕНН ДИАГРАММА
Үйге тапсырма:
§ 18 Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Реферат жазу
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |