Ақмола облысы
Жақсы ауданы
Лозовое орта мектебінің тарих мұғалімі
Молдахметов Руслан Серикович
Тақырыбы: Қаңлылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға қаңлылардың ежелден кележатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына лайық жетіліп, дамығанын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтағы білімдерімен жаңа білімдерімен салыстыра білу, оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихын білуге және құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: Өздігімен жұмыс ұйымдастыру, тірек сызба арқылы түсіндіру, топпен жұмыс жүргізу әдісі, венн диаграмасы.
Көрнекілігі: Қ.Р картасы, «Қаңлылар» картасы, кеспе қағаздар, сауалнама сұрақтары, сөзжұмбақтар, слайд, интерактивті карта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылар, бүгінгі сабағымыз бұрынғы сабақтарға қарағанда ерекше болмақ, себебі өздерің байқағандай , мінекей қонақтар келіп отыр. Сондықтан да бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, өз білімдеріңді жоғары деңгейде көрсетесіңдер деп ойлаймын. Ал іске сәт!!!
Сонымен қатар, оқушылар топпен жұмыс істейсіңдер, білімдеріңді көрсетіп отыру үшін мынадай ұпайларды әр топ өзіне жинап отырады.
2. Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 - топ: «Тиграхауда» - Тиграхауда сақтар дегеніміз не - шошақ бөрік киіп жүретін сақтар.
2 - топ: «Парадарайа» Парадарайа сақтары – теңіздің Солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында.
3 - топ: «Хаумаварга» Хаумаварга хаома сусын дайындайтын сақтар. Мекендеген жерлері: Мургаб аңғарында өмір сүрген.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Кубизм. Кубик лақтырып әр қабырғасының тапсырмасын орындайды.
Әр топ 22 Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы тақырыбы бойынша мазмұндау .
1- қабырғасы. Суреттеңіз.Үйсіндердің мал шаруашылығы.
2- қабырғасы. Салыстырыңыз. Сақ қолөнері мен Үйсіндердің қолөнерін салыстыр.
3- қабырғасы. Зерттеңіз. Үйсіндер қай елдермен қарым – қатынас жасаған? Хань (Қытай) империясымен, Орта Азияның ғұн, қаңлы, ұйғыр тайпаларымен, Енесей Қырғыздарымен.
4- қабырғасы. Қолданыңыз. Үйсіндер қолөнер кәсібінде ерлер немен айналысты?
5- қабырғасы. Тау бөктерлеріндегі үйсіндердің тұрақты үйлері болған ба? Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді? Әңгімеле.
6-қабырғасы. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз. Үйсіндерде не себептен егіншілік жақсы дамыған?
Үй тапсырмасын бекіту, бағалау. «Карточка түрде берледі».
1 - топ.
1. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған ?
2. Үйсіндер туралы қай елдің деректерінен білеміз?
3. Қай қоныс жақсы сақталған? - Ақтас қонысы.
4. Жайлау мен қыстау аралығы қанша қашық болған? 20-100 шқ
2 - топ.
1. Үйсіндер қолөнер кәсіптерін ата. зергерлік, құмырашы, тігінші, тоқымашылық.
2. Құмыралардың көбі не тәріздес болып келеді? Алмұрт.
3. Мата тоқу үшін неге ұқсас тоқыма көрмесі қолданылған. «Өрмекке».
4. Теріден нелер жасау кеңінен тарады. Ыдыстар, ат әбзелдері.
3 - топ.
1.Қонысқа жақын жерлерде нелер орналасты? Ру және әулеттін зиратты.
2.Егіс алқабы қайда орналасқан? Өзен бойында
3Үйсіндердің не жөнінде жөнді мәліметі жоқ. Тілі мен жазуы жөнінде.
4. Ертедегіүйсіндердің о дүниедегі түсінігі. Өлген адам тіріледі деп есептеген.
Жаңа сабақ:Қаңлылар.
Жаңа сабақ жоспары.
Қаңлылар туралы деректер.
Қаңлылар орналасуы.
Қоғамдық құрылысы.
Археологиялық ескерткіштер.
Мұғалім: Слайд арқылы сабаққа мәлімет береді.
Ал сосын әр топ өз білгендерін топтастыру.
Жазбаша орындау.
Қаңлылар туралы деректер
Қаңлылар б.з.б. 3-2 ғ. –б.з.-дың
5 ғ.аралығында өмір сүрген.
Қытай жазбаларында көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары туралы баяндалады. Арасында қаңлы елі де аталады.
Орналасуы: Қаңлы мемлекетінің шекаралары Сырдария өзенінің орта ағысынан Қаратау бөктеріне дейін жатыр.
*Елдің астанасы- Битянь қаласы болған.
*Қытай деректері бойынша «Қаңлылар шамамен
600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған»
Қоғамдық құрылысы:
*Елді хан билеген. Билік лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
* Елді басқаруға оның үш орынбасары - уәзірі көмектесіп отырған.
*Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындарды құл еткен.
Бірақ қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ.
Археологиялық ескерткіштер:
1/ Қауыншы мәдениеті- Ташкент,Талас өзені аралығы;
2/ Отырар-Қаратау мәдениеті- Пұшық-Мардан, Көк-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Шөптөбе;
3/ Жетіасар мәдениеті- Қуаңдария мен Жаңадарияны алып жатыр
ІҮ. Сабақты қорыту кезеңі.
1/ Үйсін мен Қаңлы елін салыстыру үшін Венн диаграммасын толтырады.
2/Тест жұмысы.
Ү. Оқушы білімін бағалау
ҮІ. Үйге: §23(оқу, мазмұнын айту)
Лозовое мектеп-бақшасы
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ПӘНІНЕН ӨТКІЗГЕН
АШЫҚ САБАҚ
6 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қаңлылар.
Сабақты өткізген: Молдахметов Р.С.
2014 ЖЫЛ
1-топ
Қаңлылар қай аралығында өмір сүрген ?
а/б.з.б.3-2 ғ-5 ғ. б/б.з.6-4ғ.
Қытай билеушісі қай жақа елшілік жіберді?
а/Орта Азия елдерге б/Батыс елдерге
Иранның қасиетті кітабы?
а/Құран б/Авеста
Авеста кітабында не туралы жазылған?
а/Вэсаканың ержүрек ұлдары туралы б/Томиристың ұлы туралы
«Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерінде не айтылған?
а/Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты тура б/ Үйсін мемлекеті туралы
2-топ
Сыма Цянь кім?
а/ Қытайдын данышпаны б/Қытайдын тарихшысы
Ежелгі Қытай хроникасында қаңлы астанасы таралы не жазылған?
а/Екі астанасы болған қысқы және жазғы б/Бір астанасы болған
Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені қай жерде орналасқан?
а/Есіл өзенінің орта ағысында б/Сырдария өзенінің орта ағысында
Қолайлы географиялық жағдай қандай мүмкіндік берді қаңлыларға?
а/Ұлы Жібек жолын бақылап б/Көрші елдерді бақылап
Қаңлы мемлекеттің көрші мемлекеттер?
а/Сармат,Аландар,Үйсіндер,Хорезм,Памир б/Сақ, Ғұндар, Қытай,Ресей
3-топ
Елдің астанасы ?
а/Нұра б/Битянь
Қаңлы елі қанша иелікке бөлінген және кім олармен басқарған ?
а/ 5 иелік,кіші хандар б/7 аймақ, көсемдер
Археологтар қазба жұмыс жүрг ізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты, оларды қалай атаған?
а/ Археологиялық мәдениеттер б/Археологиялық ескерткіштері
Көк-Мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет берді ?
а/Қалалық өмір-тұрмыс туралы б/Ауыл тұрмысы туралы
Қытай өкілі императорға хабарында не туралы жазды?
а/ Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді бізге. б/Қаңлылар өте қонақ жайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |