F1 пернесінің қызметі. (анықтама, көмек беру пернесі)
Компьютердің атасы. (Ч.Бэббидж)
Мұғалім:«Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.»,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.
Слайд 5 ІІ тур «Тіл-өнер» Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)
«Ас- адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, current)
Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistake)
Жіпке ілдім мен өзін,
Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp) Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
Мұғалім: 2 тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз.
Көрермен жиналған біл тамашаға, Құр қалып, жым отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес, Соқ қолыңды білімді жас талапқа. Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір кеш болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ сұрақ болсын. Демек, келесі кезең «Жеті жұмбақ»