Ұйқыдан кейінгі сергітуші жаттығулар. Күнделікті күндізгі ұйқыдан кейін 1- кіші топтан бастап 5–10 минуттай тәрбиешілер жасатады. Өткізу формасы әртүрлі: төсектердегі жаттығулар, ойлы-қырлы тақтайлармен жүру; бөлмелердегі температура айырмашылығын ескере, жатын бөлмеден топқа жеңіл жүгіру.
Қолға және тыныс алу органдарына арналған жаттығулар. Күннің 2-ші жартысында шарды, массаж добы мен ширатылған жіп қолдана шынықтыру шараларынан кейін тәрбиешілер өткізеді.
Саусақ гимнастикасы. Тәрбиешілер кіші жастан бастап күнделікті кез келген ыңғайлы уақытта жеке немесе шағын топпен өткізеді. Барлық балаларға, әсіресе сөйлеуінде қиындықтары бар балаларға ұсынылады.
Дене шынықтыру – сауықтыруға арналған іс- шаралар, мерекелер. Белсенді демалыстың тиімді формасы ретінде жартыжылдықта 1 рет спортзалда, топта, серуендегенде, кіші жастан бастап дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, тәрбиешілер біріге өткізеді. Бала бойында физикалық қасиеттерді дамытады, әлеуметтік-эмоционалды дамуды қалыптастырады.
Оксолинді жақпа майы. Таңертең балаларды қабылдағанда ата-аналар немесе таңғы жаттығудан кейін осы топтың тәрбиешісі, медбике қолданады. Балалардың мұрындарының шырышты қабығына жағылады.
Пияз және сарымсақ байламы. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қолданылады. Таңғы желдеткеннен кейін сарымсақ пен пиязды тазалап, тәрбиеші көмекшісі шкафтарға және үстелдерге қояды.
Релаксация. Кез келген жарамды орында (топ бөлмесінде, музыкалық залда,спортзалда, психолог кабинетінде). Барлық жас топтарына арналған. Баяу классикалық музыканы (Чайковский, Рахманинов), табиғат дыбыстарын қолдана тәрбиешілер, дене шынықтыру жетекшісі күннің 1-ші жартысында өткізеді.
Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметтік ортаға бейімделуін, олардың қимыл белсенділігіне деген сұраныстарын іске асыруға және қимыл дағдыларын барынша тиімді дамытуға ықпал етеді. Жұмыста денсаулық сақтау технологияларын қолдану тәрбиелеу-білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналардың тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бағдарларын қалыптастырады, ал балалардың саламатты өмір салтына ынтасын қалыптастырады. Жыл сайын суық тию және өзге сырқаттардың деңгейі төмендейді, физикалық даму көрсеткіші жақсарады, балалардың физикалық дайындығы артады Балабақшаның инновацияны енгізу бойынша жұмысы күні бойы және медициналық және педагогикалық қызметкерлердің: тәрбиешінің, музыка жетекшісі мен дене шынықтыру нұсқаушысының қатысуымен кешенді түрде іске асырылады. Осы ортақ үдерістің қатысушылары бола тұра, біз денсаулық сақтау үдерісін құру үшін іс-тәжірибеге әртүрлі әдістер мен тәсілдерді енгізуді қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды саламатты өмір салтының негізгі қимылдары мен дағдыларына машықтандыруға баса назар аударамыз.
Денсаулық сақтау технологиясын іске асыруға педагогтар теориялық тұрғыдан дайындалды: әдебиеттер зерттелді, ресурстар талданды, топтағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім беру үдерісінде технологияны қолдану мәселелері айқындалды.