Каженова Динара Жангалиевна
дене шынықтыру нұсқаушысы
Көкшетау қаласы «№11 «Арай» бала бақшасы» МКҚК
Стретчинг, спорттық би және күш гимнастикалары элементтері жаттығу түріндегі сабақ.
Мақсаты: балалардың қозғалыс қимылдарын қалыптастыру;
Міндеттері: келісілген жұмыс барысы бойынша барлық дене мүшелерінің негізгі қимыл элементтерін жаттықтыру. Дұрыс дене бітімін қалыптастыру біліктілігі;
Негізгі буын топтарының, буын байланыстарының күшін дамыту; дене шынықтыру жаттығулары мен қимыл ойындарын орындау ережелерін жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу.
Ұзақтығы: 40 мин.
Құрал-жабдықтар: әр балаға екі гантельден, үлкен доптар, гимнастикалық орындық, шығыршық, гимнастикалық төсеніш, әр балаға кіші доптар.
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
Кім әйгілі болғысы келсе,
Бимен айналыссын.
Кім күшті, әрі епті болғысы келсе,
Спорт залына келсін!
Кіріспе бөлімі – спорттық би
Сапқа тұру. Нұсқаулар: «Түзел!», «Тік тұр!», «Оңға бұрыл!», Нұсқаушының артынан зал бойымен қадам бас!
1 – 16 – жай жүру, қолымыз белде 4 рет.
1 – 8 – «Серіппе» - әрбір 1 – 3 – 5 – 7 санау.
1 – 6 – екі қол белде оң жақпен қырындап жүру.
1 – 16 – екі қол белде сол жақпен қырындап жүру.
1 – 2 – 2 рет оң жаққа шапалақ; 3 – 4 – 2 рет сол жаққа шапалақ; 5 – 6 – 2 рет жоғарыға шапалақ; 7 – 8 – 2 тізеге шапалақ 4 рет.
1 – 16 - 4 отырып биікке секіру әрбір 2 – 4 – 6 – 8 – санау.
1 – 8 – қолымыз белде өзіңді айналып солға секіру.
1 – 8 – қолымыз белде өзіңді айналып оңға секіру.
1 – 16 – қолымыз белде өзіңді айналып оң аяқпен секіру.
1 – 16 – қолымыз белде өзіңді айналып сол аяқпен секіру.
1 – 8 – 4 адым шеңбер бойымен қырындап жүру, екі қол екі жақта, қол саусақтарын қысу, босаңсыту.
1 – 8 – 4 шеңбер бойымен алға жүру, екі қол алда, белге ұстау.
1 – 16 – екі қол белде секіру.
Үш колоннаға тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |