Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жоспары
Күні: 5.11.2020 жыл
Білім саласы: Таным
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер (шаршы, ұшбұрыш, дөңгелек, тік төртбұрыш), түстер (көк, жасыл, қызыл-сары) туралы түсініктерін бекіту. Санау арқылы сан туралы ұғымдарын қалыптастыру. Жапсыру арқылы саусақ қимылдарын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: геометриялық пішіндерді ажыратып құрастыруды.
Түсінеді: 1-10- ға дейінгі сандарды тура және кері санап, есте сақтап, ауызша есептерді түсінеді.
Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шарлар, жазық дала келбеті, түрлі –түсті фетрадан пішіндер.
Қолданылған әдіс – тәсілдер: «Ыстық орындық». Балалардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі. Шаршылар
Жұмысты аяқтағаннан кейін бала ақ параққа шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.
Шаттық шеңбер
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы таң
Қайырлы таң, достарым!
Жақсы балалар! Бүгін бізге қонақтар келді, қане амандасамыз!
-Сәлеметсіздер ме апайлар!
I.ҰОҚ барысы:
Бүгін бізде ашық оқу қызметі.
-Балалар , мен сендерге құр қол келген жоқпын, мына әдемі сиқырлы шарларды ала келдім.
Қане, кім айтады бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда төрт мезгіл бар. (көктем, жаз, күз, қыс)
-Мына шардың түсі қандай?
-Жасыл
-Қай мезгілді білдіреді?
-Көктем
-Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке, гүлге толады. Ағаштар бүршік жарады. Яғни бұл көктем мезгілі.
-Мына шардың түсі қандай?
- Қызыл
-Қай мезгілді білдіреді?
- Жаз
- Жазда күн шуақты, жайдарлы ағаштар, гүлдер жайқалып әдемі болып тұрады.
-Мына шардың түсі қандай?
- Сары
- Қай мезгілді білдіреді?
-Күз
- Себебі, күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, саудырап жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жер беті сап - сары кілем сияқты болады.
-Мына шардың түсі қандай?
-Ақ
-Қай мезгілді білдіреді?
-Қыс
-Қыста жер беті аппақ болады. Жапалақтап қар жауады. Күн қысқа, түн ұзақ болады.
- Балалар, шарлардың түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
- Иә
ІІ.Негізгі кезең
-Бұл шардың ішінде біздерге тапсырмалар берілген, орындаймыз ба?
-Иә
Олай болса «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берейік. Балалар кезекпен ортада тұрған орындыққа отырып, сұрақтарға жауап береді.
-Ендеше, маған мына шарды кім жарып береді?
1- тапсырма:
Күз туралы қандай тақпақ білесіңдер, ал қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Балалар жауабы:
-Жарайсыңдар, өте тамаша.
2- тапсырма:
1-ден 10- ға дейін тура және кері санап шығу. Балалар жауабы:
-Жарайсыңдар!
3- тапсырма:
Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? Балалар жауабы:
4- тапсырма:
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешімін табыңдар, сол жұмбақтың шешімі біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы екен.
1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым- (дөңгелек)
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
3.Теледидар таныс екен баршаға,
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға).
Жарайсыңдар, балалар сендер сиқырлы шардың ішіндегі тапсырмаларды толығымен орындап бердіңдер, Қане балалар, енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Бір адым алға,
Бір адым артқа.
Топ топ басайық,
Орнымызды табайық.
Балалар, ал енді алдымыздағы тапсырмаларды орындаймыз.
Алдарыңызда түрлі - түсті фетра берілген. Сол түрлі - түсті фетрадан пішіндер берілген. Сол пішіндерден үйді құрастырамыз.
Жасаған балалардың жұмысын мақтап мадақтау.
ІІІ.Рефлексия.
Балалар, бүгін біздер нені үйрендік?
1.Күз туралы мақал - мәтелдер, тақпақтар айтуды;
2.1-10- ға дейін санауды;
3.Геометриялық пішіндермен таныстық;
4.Фетрадан үйді құрастырдық.
Жарайсыңдар, балалар!!!
Шаршылар
Жұмысты аяқтағаннан кейін, бала ақ параққа шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінген болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.
Осымен бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз аяқталды. Барлықтарыңызға рахмет! Жарайсыңдар балалар!!!
Бағалау, мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |