ЖДЖ гантельдермен, күш жаттығулары
Стретчинг
Нұсқаушы:
Дайындықты бастайық,
Шынығуға шығыңдар.
Әрқайсымыздың деніміз сау, әрі көңілдіміз
Сабаққа да дайынбыз!
«Қарсы соққы» (6 рет). Б.қ.: аяқты алшақ қою, қолды бүгіп, алақанды алға қою. 1 –оң қолды алға созу ; 4 – б.қ.
Қырғауылға ұқсап біз,
Еңкейеміз төменге,
Тізеңді бүкпей,
Қырғауыл құйрығын түзе.
Стретчинг: «Қырғауыл» б.қ.: аяқты алшақ қою, алға төмен еңкею,қолды құлыптап ұстау, жоғары көтеру, тізені бүкпеу.
«Оңға, солға еңкею» (6 раз). Б.қ.: аяқты алшақ қою, гантель ұстаған қолды иыққа көтеру, шынтақты жан\жаққа жіберу. 1 – Оң жаққа еңкею, сол қолмен оң жаққа жоғары созылу; 2 – Б.қ. 3 – Сол жаққа еңкею, оң қолмен сол жаққа жоғары созылу. 4 – б.қ.
Тербелгіміз келсе егер,
Әткеншекке отырайық.
Стретчинг: «Әткеншек» (2 рет 5 сек) Б.қ.: аяқты алшақ қою, қолдарды жан\жаққа созамыз (дем алу). 1 – оңға еңкею, қолды төменге түсірмеу (дем шығару); 2 – б.қ. (дем алу); 3 – солға еңкею, қолды төменге түсірмеу (дем шығару); 4 – б.қ.
«Бокс» (4 раза) Б.қ.: аяқты алшақ қойып, жартылай отыру; гантель ұстап, бүгу, қол буындарын жоғары ұстау. 1 – оң қолды алға созу; 2 – б.қ. 3 – сол қолды алға созу; 4 – б.қ. 5 – оң қолды жоғары созу; 6 – и.п. 7 – сол қолды жоғары созу; 8 – б.қ.
Жарқырап әрқашан тұрады
Бес қанатты жұлдыздар.
Стретчинг «Жұлдыз» (5 сек). Б.қ.: аяқты қосып, гантель ұстаған қолды төменде ұстау. Қолды жан\жаққа созып, керілу.
Қолды жан-жаққа жіберіп –
Ұшуға жібереміз ұшақты.
Стретчинг «Ұшақтар» (2 рет 5 сек) и.п.: бір тізеде отыру, екінші аяқты артқа созу, қол жанында. (балалар гантельді қояды)
Көбелек таңертең оянып,
Күлімдеп, керілді.
«Көбелек» (5 рет). Б.қ.: қолмен артқа тіреліп,аяқты алға созып отыру. 1 – аяқты жан\жаққа созу; 2 – тізені бүгу; 3 – тізені қосу; 4 тізені босаңсытып, аяқты бүгу; 6 – аяқты қосу; 7 – түзеліп тұру, жоғарыда шапалақтау. 8 – б.қ.
Вафлиді бәрі жақсы көреді,
Бұны балалар да біледі.
Стретчинг «Вафельки». Б.қ.: (5сек) отырып, аяқты алға созу, тізені бүкпеу. 1 – қолдарын жоғары көтеріп, керілу (дем алу); 2 – алға еңкейіп, тізені кеудемен қысып ұстау (демді шығару)
Аяқты жоғары көтер,
Велосипедті көрсет
Педальді епті айналдыр,
Жаттығу көңілді өтпек.
«Велосипед» (4 раза). Б.қ.: арқамен жатып, иыққа күш түсіру. 1 – 2 – бүгілген аяқтарды өзіңе тарту: 3 – 4 – 5 – 6 – оң аяқпен, сол аяқты кезекпен алға созу. 7 – 8 аяқты жерге түсіру.
Біздер жылдам өсеміз,
Әрқашан сәттілік күтіп тұрады.
Стретчинг «Біз өсеміз» (5 сек). Б.қ.: арқаға жатып, қол дене бойында. 1 – қолды тік ұстап, жоғары созылу, аяқтың ұшымен тұру (дем алу); - б.қ. (дем шығару)
Мықты болып өсеміз,
Күшті спортсмен боламыз.
«Қанаттар» Б.қ. аяқты алшақ қойып, түзу тұру, қолымыз төменде. 1 – алақанды арқаға жинау, саусақтар төмен қарап тұрады (дем алу); 2 – шынтақты жан\жаққа жіберіп дем шығару.
Атым менің құлыншақ,
Жылқының төлімін мен.
Стретчинг «Құлыншақ». Б.қ.: тізе мен алақанның көмегімен еңкейіп тұру (дем алу) 1 – оң қолды алға созу, сол аяқты артқа созу (дем шығару) қол мен аяқты кезек ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |