Қан – тұйық қантамырлар жүйесіне айналатын, сұйық ұлпа



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата10.11.2023
өлшемі414,38 Kb.
#190950
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Субханов Мухтар



РЕФЕРАТ 

Боөж№-10 
 
Тақырыбы:Қан плазмасы құрамы .Қан плазмасының 
физико-химиялық қасиеттері
Орындаған: Субханов Мухтар 
Тобы:204-А Стом-Фак 
Тексеруші:Кунакбаев .А 


Жоспары: 
 
 
 
 
Кіріспе 
Негізгі бөлім 
1.
 
Қанның биохимиясы 
2.
 
 Қан плазмасының ақуызы 
3.
 
Қан ұю және оған қарсы жүйелер 
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Қан – тұйық қантамырлар жүйесіне айналатын, сұйық ұлпа.Ол ішкі 
ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді және зат алмасуды 
тұрақтандырып отырады. 
Қанның құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері мен қызметі

Адам салмағының 6-8% қаннан тұрады.Қан ағзаның сұйықтық 
ортасы, сұйық ұлпа, ағзада химиялық заттарды тасымалдауға 
қатысады.Қанның тығыздығы 1,055- 1,065, тұтқырлығы судан 5-6 
есе көп, оның тұтқырлығы ондағы ақуыздар, әсіресе эритроциттерге 
байланысты.Венадағы қанды ұйып қалматындай етіп, ақырын ғана 
алып, центрифугаласақ, ондағы клеткалықэлементтер тұнбаға 
түсіп,плазма қалады. Ал, егер қанды ұйып қалғаннан кейін, осы 
ұйыған қою затты бөліп алсақ, онда қанның сары суы деп аталатын 
сұйық түзіледі.
Қанның сары суына сары түс беретін өт пигменті болып 
табылатын билирубиннің аздаған қалдығы және каротиноидтар. 
Қанның қою затының құрамы фибриногеннен және клеткалық 
элеметтерден тұрады.ал плазмадан формалық элементтер ған 
болмайды, фибриноген қалады.
Қанның клеткалық құрамы 45% формалық элементтерден 
тұрады, оның 44% -эритроциттер, 1% лейкоциттер, лимфоциттер 
және тромбоциттер. 
Қан плазмасы мен формалық элементтері арасында белгілі бір 
көлемдік қатынас бар.Бұл қатынасты 100 бөлікке бөлінген шыны 
капилляр гематокрин арқылы анықтауға болады.Осы гематокриттің 
көмегімен плазма мен формалы элементтердің қандағы мөлшері 
анықталған ,яғни формалы элементтер қанның 40-45% алса, плазма 
55-60 % құрайды.Қанның 36- 48% эритроциттер, ал эритроциттердің 
95% гемоглабин алады.Жалпы қандағы гемоглабиннің мөлщері 13-
16 % құрайды.
Қан плазмасының құрамы.Плазма –қанның сұйық бөлімі,меншікті 
салмағы 1,024- 1,030 рН-7,4. Қан плазмасының 90-92 % су, 8-10% 
ақуыздар мен тұздардан тұрады.Қан плазмасының ақуыздары 7-8% 
жуық, оның ішіндегі альбуминдер 4-5%, глобулиндер 2-3 %, 
фибриноген 0,2-0,4%.


Ақуызға жатпайтын азоттық заттардың концентрациясы 14-20 
мм,мочевина 3-6 мм,амин қышқылы 3-4 мм,глютатион –SH, креатин, 
холин. Азотсыз органикалық заттар: жалпы майлар 1-7 г\л, глюкоза 
80- 120 мг ,тұздар қанның сары суының 0,9% алады, ал оған 
Nа+,К+,Са²+,СІ¯,НСО¯, НРО¯² жатады.
Қан плазмасының ақуыздары. Қан плазмасының ақуыздарына : 
альбумин, глобулин, фибриноген жатады.Жалпы адам қанының
плазмасында 65- 85% ақуыз бар, яғни 65- 80 г\л.Қазіргі кездегі 
физикалы- химиялық және иммундық –химиялық әдістер қанның 
плазмасында 100 –ге жуық ақуыздық фракциядан тұрады.Қан 
плазмасы ақуыздарының синтезі бауырда және басқа ретикулды – 
эндотелиалды жүйелерде жүріп көптеген қызмет атқарады. 
Альбумин. 
Молекулалық 
салмағы 
70000 
жуық 
,жәй 
ақуыз ,жартылай ыдырау уақыты 7 күн, қандағы мөлшері 50-60 
г/л.Қанның коллоидты –осмостық қысымын сақтауда ерекше рол 
атқарады.Егер альбуминнің концентрациясы 30% дейін төмендесе 
қанның 
онтикалық 
қысымы 
төмендеп 
ісік 
пайда 
болады.Альбуминнің эфир түзбеген май қышқылдарын ,өт 
пигментерін стероидты гормогдарды, пенициллин ,дикумарин 
препараттарын тасымалдауда да маңызды рол атқарады. 
Глобулин a¹- a¹ глобуллиннің протеолиттік ферменттердің 
белсенділігін тежейтін қасиеттері бар. 
1/ а1 –антитропсин , 2/ а1-макроглобулин ,3/ интер – а – трипсин 
тежеуші глобулиндер жатады.Бұлар протеиназалық ферменттерді 
тежеуші ақуыздар болады.Клеткалардың бұзылуы не жойылуы 
кезінде түскен трипсин ,хемотрипсиндердің жұмысын және ұюына 
қатысатын көптеген ферменттерді тежеуге қатысады. 
В- глобулиндер. Негізігі в-глобулин-трансферрин.Қандағы оның 
мөлшері 2-3,2 г/л.Гемопексин- бұл да в-глобуллиннің қатарына 
жатады.Гемопексин гемді өзіне байланыстырып, бүйрек арқылы 
оның сыртқа шықпауын қамтамасыз етеді. С- реактивті ақуыз- 
денсаулығы жоқ кісілерде жоқ есбінде, ал қабыну процестері кезінде 
науқастың қанында пайда бола бастайды. 
Y- глобулиндер.Плазма ақуызының құрылысы жағынан ұқсас, 
ерекше иммундық қорғаныс қызметін атқаратын бір тобы. Бұлардың 
барлығының антиденелік белсенділігі бар, яғни вирустың, 
бактериялардың антигендерімен кездескенде оларға қарсы 
күресетін антиденелік қасиет көрсетеді.
Қанның ұюы және оның ұюына қарсы жүйелер. 


Қан тамырлары зақымданған кезде қанның ағу ұзақтығы әртүрлі 
болуы мүмкін. Егерде жарақаттанған қан тамыры оншалықты үлкен 
болмаса қанның ағуы тез тоқталады, яғни гемостаз жүреді.Гемостаз 
бірнеше кезеңдерден тұрады.Тромбоциттер жабысқақ түрде дәнекер 
ұлпасының коллагендік талшықтарымен байланысып,жарақат алған 
жерге жабысады. Тромбоциттер бірімен- бірі жабысып, қан ағуын 
тоқтата 
алады.Тромбоциттердің 
агрегациясы 
кезінде 
қан 
тамырларын тарылтатын адреналин,серотонин сияқты вазебелсенді 
аминдер бөлініп шығады.Тромбоциттердің айналасында қан ұюы 
басталады, қан жоғалтудан қорғаушы негізгі биохимиялық 
механизм-тромба түзіле бастайды.Жара жазылған соң тромбаны 
ерітетін фибринолиздік қарастыра отырады. 
Қан ұюының сыртқы механизмі.Бұған: тромбопластин( ұлпалық 
факторы ІІІфакторы) проконвертин VII фактор,Стюарт факторы 
(Хфакторы ), процелерин (V факторы) және Са2+ мен тромб 
түзілетін жердегі мембраналардың фосфолипидтері қатысады. 
Тромбопластин (ІІІ факторы) – ұлпа зақымданған кезінде түзіледі. 
VII факторы проконвертин және Стюарт Х факторы – 
проферменттер. Х фактордың синтезі ағзадағы К витаминіне тәуелді 
болады.Өздерінің белсенді емес түріне пептидтің бөлініп шығуы 
арқылы өтеді. 
V факторы –процелерин , ол тромбиннің әсерінен VI факторына 
айналып, 
VI факторы Ха ферментін аллостерлік жолмен белсендіреді. Ха 
ферментінің белсендірілуі Са 2+ мен фосфолипидтердің қатысуына 
да тәуелді. 
Қан плазмасында барлық уақытта VII факторының өте аздаған 
мөлщері болады.Ұлпа немесе қан тамырлары зақымдалған кезде 
VIIа факторының күшті эффекторы болып табылатын ІІІ фактор 
босап шығады. VIIа факторының белсенділігі 15000 есе артады. VIIа
факторы Х факторға әсер етеді, ол Ха факторына айналып, 
протромбинді белсендіреді. Протромбин тромбинге айналып, ол 
фибриногеннің фибринге айналуына мүмкіндік береді.Сонымен 
қатар,тромбин ХІІІ фактордың ХІІІ а факторына, яғни 
трансглутаминазаның бастапқы түрінен белсенді түріне айналуына 
мүмкіндік береді. 


Қанның ұюының сыртқы механизмі көрсететін сызбанұсқа. 
Қанның ұюының ішкі механизмі.Қан ұюының механизмі баяуырақ 
жүреді, яғни бұл механизм бойынша деп атайтын себебі, бұл 
жолменқан ұйығанда ұлпалық фактор болып табылатын 
тромбопластиннің қажеттігі жоқ. Ұюға қажет барлық факторлар 
қанда болады. 
Қан ұюдың ішкі механизмі де бірнеше проферменттерінің 
белсенді күйіне көшуінен тұратын сатылы механизм, және Х 
фактордың Ха –ға айналуынан бастап сыртқы қан ұю механизммен 
бірдей.
VIII 
VIIIa 
III 
Х 
Ха 

VI 
тромбин 
протромби
н 
ХШ 
ХШа 
Фибриноген 
Фибри
н 
Тұрақты фибринді гель 


Қан ұюының ішкі механизмінің сызбанұсқасы 
Қан ұюға қарсы жүйелер. Қан үюға қарсы жүйелер негізінен 
протеолиттік ферменттердің тежеуші плазма ақуыздарынан 
тұрады.Плазманың ақуызы антитромбин ІІІ , VII а факторынан 
басқа, қанның ұюына қатысатын барлық протеинназаларды 
тежейді.Ол фосфолипидтермен комплексте болатын факторларға 
әсер етеді. Сондықтан,ол тромбаның реттеу үшін емес ,қанмен 
түзілген жерінен түсетін ферменттерді ыдырату үшін қажет, осы 
жолмен жарақаттанбаған жердегі қанның алдын алып, отырады.
Гепарин антитромбин ІІІ- тің әсерін күшейтуші фактор, яғни 
антитромбин ІІІ –ке гепариннің қосылуы, оның конформациясын 
өзгертіп, антитромбинге ІІІ –тің басқа молеуласына қосылады. 
Прекалликреин 
Калликреин 
Хагеман факторы Х ІІ 
ХІІ а 
Розенталь факторы ХІ 
ХІ а 
Кристмас факторы ХІ 
ІХ а 
V III 
V III а 
Х 
Ха 
Протромбин 
Тромбин 
ХІІІ 
ХІІІ а 
Фибрин 
Фибриннің 
тұрақты гелі 

V a 


Гепарин антикоагулянт есебінде қолданылады. Антитромбин 
қанның ұюына қарсы қолданылатын басты компонент. Одан басқа 
тағы да бір протеиназалардың тежеуші а2- макроглобулин. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет