Орындаушы: Бектұрсын С



Дата09.10.2023
өлшемі32,52 Mb.
#184266
Байланысты:
тұлға ұғымы 2лекция
сыб жем грузия

ТҰЛҒА ҰҒЫМЫ
Қабылдаушы: Есбергенова Г.
Орындаушы: Бектұрсын С.
2
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Тұлға – сана сезімі мен іс-әрекеттеріндегі ерекшелігін білдіретін, ылайық ырық белсенділігі бар әлеуметтік мәдениеттілігінің сапасы.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
3
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰЛҒА
Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын,психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.
БЕЛГІЛЕР
Тұлғалық белгілер
Адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
4
5
ТҰЛҒАНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
Тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық- эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
ТҰЛҒАНЫҢ АЖЫРАМАС БЕЛГІЛЕРІ:
    • сана – сезімнің тұтастығы
    • құндылықтар бағдары
    • әлеуметтік қатынастар
    • шешім қабылдаудағы дербестігі
    • әрекетіндегі жауапкершілік

6
7
ТҰЛҒАНЫҢ КОГНИТИВТІ ТЕОРИЯСЫ
Когнитивті теория гуманистікке жақын, бірақта кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Когнитивті теорияның негізін салушы американдық психологы Дж. Келли. Оның ойынша, адам өмірде қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді.
Когнитивті жеке теория интелектуалды процесіне адамның мінез-құлқына ерекше көңіл аударады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет