15.Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері. Қозғыштык , козуды өткізу , жиырылу - жүрек етінің негізгі касиеттері . Бүл касиеттер каңка еттеріне де тән . Жүрек етінің ерекшелігі оны автоматиялык касиеті яғни оз тінінде туатын козу үрдісіне байланысты. Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миногендік және нейрогендік теория бар . Миогендік теория бойынша козу жүректін ауытқыған ет тіндерінде пайда болады , яғни жүректің автоматиялык касиеті оның ет тіндерінің козуына байланысты . Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етiндегi козғыш нейрондардын әрекетінен туады . Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан далелдеуге болатынын көптеген тәжірибе көрсетеді . Солардың бірі – жоғарыда айтылған Кулябко тәжірибесі 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық бұзылады , ал миоциттер бұзылмай ды . Демек , жүрек автоматиясы нейрондарға емес , миокардқа байла нысты . Және тағы бір қасиеті бар ол эластикалық қасиеті.Яғни жиырылып қайта қалпына келуін айтамыз.Бұл қаңқа еттеріне де тән қасиет болып табылады.
16.Жүрек автоматиясының құрылымы, табиғаты мен градиенті туралы. Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүректегі қозуды туындатып оның жүрекшелер мен қарыншаларға таралуын және осының нәтижесінде олардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ететін элементтердің жиынтығы жүректің өткізгіш жүйесі деп аталады.Ол синус –жүрекше (Кис-Фляк) және жүрекше –қарынша(Ашофф-Товвар) түйіндерінен,Гис щоғырынан ,Гис сабақтарынан,Пуркинье талшықтарынан тұрады.Бұл құрылымдар жүрекке автомативм қасиетін береді.Жүрек автоматизмі Кис-Фляк түйіндегі зат алмасудың ырғақты өзөгерістеріне байланысьты. Автоматия градиенті Жүректің өткізгіш жүйесінің құрамдастары бірінен кейін бірі орналасқан және олардың барлығының автоматиялық қасиеті бар.Бірақ олар біодей емес жүрек автоматиясындағы айырмашылық-градиент бар,яғни синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын втоматиялық қасиет төқмендей береді.1883 жылы ағылшын ғалымы В.Гаскелл жүректің өткізгіш жүйесігндегі бөлімдер синоатриалдық түйіннени алстаған сайын олардың автоматиялық дәредесі төмендейді деген тұжырымға келеген болатын.Бұл автоматия градиент заңы.Бұл заң бойынша атриовентикулярлық түйін автоматиясы синоатриалдық автоматиясынан төмен және қалғандары одан да төмен болып кете береді. Бұлардың автоматиялық дәрежесі өздігінен туатын қозу санына байланысты. Жүректің өткізгіш жүйесі: Жүректің өткізгіш жүйесіне жиырылғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін қалыптастырып ары қарай өткізетін ет жасушалары жатады.Бұл жүйенің құрамына жүрекше түйіні жүрекше мен қарыншадағы түйін немесе Гис шоғыры және оның тармақтары немесе Пуркинье талшықтары жатады.Бұлар жиырылғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін өткізіп жүректің ритмін реттейді.