34.Тыныс орталығы (Н.А.Миславский), оның құрылымы мен орналасуы (локализациясы) туралы қазіргі ұғымдар. Тыныс орталығы сопақша мида орналасқан • Тыныс орталығының негізгі қасиеті болып автоматизм болып табылады • Тыныс орталығы ритмді бұлшықет қимылдарын тыныс алу тыныс шығару қимылдарын координациялайдытыныстың реттелуі рефлекстік және гуморалдық механизмдермен жүзеге асады. Тыныс орталығының орналасуын 1812 ж. Легалуа, кейін Флуренс, 1885 ж. Миславский зерттеген. Олар кесу және тітіркендіру әдісімен тыныс орталығының сопақша мида орналасатындағын дәлелдеді. Тыныс орталығы туралы қазіргі түсініктер соңғы жылдары қалыптасты. Тыныс орталығы – ОЖЖ-нің түрлі бөлімдерінде орналасқан жүйкелік құрылымдардың жиынтығы, орталықтар үркері. Жұмысшы орталық булбарлық болып табылады. 1. Сопақша ми – инспираторлық және экспираторлық жүйкелер, дорсалдық және вентралдық ядроларда орналасады, орталықтың автоматиялық қасиеті бар. 2. Вароли көпірі – пневмотаксиқалық және апнейстикалық орталықтар. Пневмотаксиқалық орталығы тыныс циклы фазаларының ауысуына қатысады. Бұл орталықты істен шығарса тыныс баяулайды. Апнейстикалық орталық – ол булбарлық орталықтағы заттар алмасуы мен оның тонусын реттейді деп есептеледі. Гипоталамус аймағы да тыныстың реттелуіне қатысады. Ми қыртысы – тыныстың сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. 3. Жұлындағы орталықтары - Мойын бөлімінде – көкет жүйкесінің ядролары. - кеуде бөлімінде – қабырға аралық еттердің ядролары. Тыныс орталығының тонусы рефлекстік және гуморалдық жолдармен қамтамасыз етіледіТыныс орталығы афференттік импульстерді өкпенің, тыныс жолдары мен тыныс еттерінің механорецепторларынан алады. Тыныс орталығының гуморалдық реттеушісі хеморецепторлардан келетін ішкі ортаның газ құрамы туралы сигналдар болып табылады. Хеморецепторлар: Орталық (булбарлық) Шеткі. Орталық (булбарлық) хеморецепторлар мидың жасушадан тыс сұйықтығындағы СО2 кернеуі мен Н+ концентрациясына сезімтал. Алғаш рет СО2 рөлін Фредерик 1890 ж. тәжірибесінде дәлелді. Шеткі хеморецепторлар тамырларда орналасады. Ұйқы артериясының бифуркациясында каротид денесі орналасқан, ол қанның газ құрамының өзгерістеріне сезімтал: СО2 кернеуінің жоғарылауына (гиперкапния). О2 кернеуінің төмендеуіне (гипоксемия). Н+ концентрациясының артуына (ацидоз) СО2 кернеуінің төмендеуіне (гипокапния). Тыныс орталығы туралы қазіргі түсініктер соңғы жылдары қалыптасты. Тыныс орталығы – ОЖЖ-нің түрлі бөлімдерінде орналасқан жүйкелік құрылымдардың жиынтығы, орталықтар үркері. Жұмысшы орталық булбарлық болып табылады. 1. Сопақша ми – инспираторлық және экспираторлық жүйкелер, дорсалдық және вентралдық ядроларда орналасады, орталықтың автоматиялық қасиеті бар. 2. Вароли көпірі – пневмотаксиқалық және апнейстикалық орталықтар. 35.Тыныс алудың гуморальдық реттелуі. СО2-ның тыныстың реттеудегі маңызы. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезек-тесіп отырады. Тыныс бұлшық еттерінің қызметі сопақша мидағы ты¬ныс орталығымен реттеледі.Өкпенін тіршілік сыйымдылығын анықтау Өкпенің, тыныс жолдарының, тыныс бұлшық еттерінің механорецепторларынан және хеморецепторларынан (СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу парасимпатикалық жүйке жүйесінен сопакша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс — өздігінен реттеле алатын құбылыс. Мұрын куысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер, әр түрлі ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — түшкіру пайда болады. Кемей, кеңірдек және ауа-тамырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — жөтел пайда болады. Түшкіру және жөтелу терең тыныс алудан басталады. О.Ж.Ж тыныс алу және тыныс шығару кызметтері гуморальды реттеледі. Мысалы, миға ағып келген қанның құ рамында СО2 көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Тыныс жиілейді, СО2 тыныс сыртқа шығарылады. ◦ Гуморальдық реттелу. Қанның химиялық құрамы өзгергенде (көмірқышқыл газының артуы, қан қышқылдығының жоғарлауы және т. б. ) тынысалу орталығының жұмысы гуморальды реттейді. Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының артуы мидағы тынысалу орталығын қоздырып, тынысалу жиілетеді. СО 2 -нің қанмен тасымалдануы Еріген жағдайда 2, 5 -3 об% тасымалданады. Көмір қышқылының тұздары түрінде 48 -51 об%. Карбгемоглобин түрінде – 4 -5 об%. НСО 3 иондары –плазмада Na бикарбонатын – Na. HCO 3 в эритроциттерде КНСО 3 түзеді. СО 2 тасымалдану механизмінде эритроциттер карбоангидразасының маңызы зор, ол көмір қышқыл газын СО 2 және Н 2 О-ға ыдыратады, СО 2 альвеола ауасына өтеді.