Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері


Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы



бет17/23
Дата08.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#156947
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
2-рк физиология (1)

23.Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы.
Қан ағысының жылдамдығы Қан ағысының жылдамдығы үш түрлі өлшеммен сипатталады : көлемдік , сызықтық және қан айналымының толық мерзімі .
Қан ағысының көлемдік жылдамдығы деп тамыр түтігінің тұрақты диаметрі арқылы белгілі уакыт ішінде өтетін қан көлемін айтады . Қан ағысының көлемдік жылдамдығы тамырдың бас жағымен аяқ жағындағы қысымдарының айырмасына және тамырлардың шеткей кедергісіне байланысты.яғни қан ағысының көлемдік жылдамдығы тамырлар жүйесінің қай бөлігінде болса да , бірдей болуы шарт , әйтпесе белгілі бір тамыр қанға толы болса , екінші бір тамыр суалып қалады . Әдетте ондай жағдай кездеспейді . Бірақ әрбір ағза арқылы өтетін қан мөлшері бірдей емес , ол сол ағзадағы қантамырларының санына тамыр түтігінің көлеміне байланысты .
Қан ағысының сызықтық жылдамдығы деп қан тамшысының бір секунд арасында өткен жолын айтады, Қан ағысының сызықтық жылдамдығы кан тамырының ортасын да , қабырғасына таяу жерінде бірдей болмайды . Дегенмен де сызықтық жылдамдык орташа көрсеткіш болып есептеледі . Тамыр неғұрлым кең болса , қан ағысының сызықтық жылдамдығы солғұрлым баяу болады .
Қан айналымының толық мерзімі деп бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақытын айтады . Бұл мерзім сау адамда қалыпты жағдайда 17-25 секундқа тең . Қанның қан шеңберлерін қанша уақытта бір айналып шығатынын шынтақ венасына бояу, радиоактивтік натрий изотопы арқылы білуге болады . Бұл заттардың арасында лобелин жиірек қолданылады . Лобелиннің 1 % -тік ерітіндісінің 1 мл көлемін , қанға құйса рефлекс аркылы тынысты тереңдетеді не жиiлетеді немесе жөтел пайда болады . Осы рефлекстің пайда болу уақыты анықталады . Рефлекс кезінде лобелин араласқан қан кіші шеңберді 3,5-5,4 секунд ішінде бір айналып өтеді .


24.Қанның тамырлар арнасымен ағуын қамтамасыз ететін факторлар.
1. Жүрек қызметі – қан қысымының градиентін тудыра отырып, қанды
қантамырлар бойымен айдау. 2. Кеуде қуысындағы теріс қысымы. 3. Веналық қанды жүрекке қарай жылжытатын қаңқа бұлшықеттерінің қызметі. 4. Тыныс алу кезіндегі диафрагманың ішкі ағзаларға көрсететін қысымы. 5. Веналық қақпақшалардың болуы қанның кері ағуына кедергі жасайды. 6. Жүректің сору қызметі – жүректің диастола кезінде қысымы 0 тең. 7. Тамырлар қабырғаларының созылғыштығы. 8. Қанағысына шеткері қан айналымының кедергісінің көлемі. 9. Қантамырлар қабырғасының бұлшықет қабатының белсенді жиырылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет