Зертханалық ЖҰмыс №40 Пәні: Физика Тақырыбы:«Конденсатордың электр сыйымдылығын анықтау»



Дата08.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#97980
Байланысты:
40-зерт.жұмыс


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті

Физика кафедрасы


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №40


Пәні: Физика
Тақырыбы:«Конденсатордың электр сыйымдылығын анықтау»

Тексерген:
Салькеева А.К.
(аты-жөні)
Студент: ОПИ-20-1
(тобы)
Досжан А.А.
(аты-жөні)

Қарағанды 2020


10 Зертханалық жұмыс
«Конденсатордың электр сыйымдылығын анықтау»


Қажетті құралдар: mA - миллиамперметр, V - вольтметр, С – зерттелетін конденсатор,
R - реостат.

1-сурет

1. Схема бойынша электр тізбегін жалғау (1-сурет).


2. Реостаттың қозғағышын «min»-ге қою.
3. а-в тармағын схеманың C1 конденсатормен қос.
4. ~36 В тоқ көзін қос.
5. Реостаттың қозғағышымен әртүрлі (еркін мән) R мән бере отырып
(6 түрлі мән алу), кестеге сәйкес Uэф кернеудің мүмкін мәндерін (вольтметр көрсетуін) және ток күші Iэф (миллиамперметр көрсетуін) жазу керек.
6. Алынған мәндерді пайдалана отырып, мына формула бойынша конденсатор сыйымдылығын есептеп шығару керек:
, мұндағы .
7. орташа мәнін, орташа квадраттық қателігін , және сенім интервалын мына формула бойынша табу керек: , , ,
мұндағы, n – өлшем саны.
tP,n - Стьюдент коэффициенті.
8. а-в тармағын схеманың С2 конденсатормен қос және 4-7 пункттерін қайталау керек.
9. C1 және С2 конденсаторларын тізбектей қосу керек (2-суретті қара) және 3-7 пункттерін қайталау керек..

2-сурет

10. C1 және С2 параллель жалғап (3-суретті қара) және 3-7 пункттерін қайталау керек.


.

3-сурет
11. Барлық алынған өлшемдердің нәтижелерін және есептеулерді 1-кестеге жазу керек:
1-кесте





р/с

Iэф,


Uэф,
В

С,
·10-6 Ф

,
·10-6 Ф

,
·10-6 Ф

,
·10-6 Ф

1-конденсатор
C1

1.

31

20,8

4,7

4,73

0,05

2,15

2.

27

18

4,8

3.

36

24,4

4,69

2-конденсатор С2

1.

12,5

17,2

2,3

2,16

0,068

0,29

2.

17,5

26,4

2,1

3.

25,5

38,8

2,09

Тізбектей қосу.

1.

12

24

1,56

1,56

0,027

0,115

2.

10

20

1,59

3.

13,5

28,4

1,51

Параллель қосу

1.

31

14,4

6,98

6,98

0,097

0,418

2.

40

18,4

6,92

3.

27

12

7,17

12.Алынған C1 және С2 конденсаторларының сыйымдылықтарын формула бойынша алынған шамаларымен салыстыру керек:
А) - тізбектей қосу,
Б) - параллель қосу.
13. Жұмыс аяқталған соң схеманы тоқтан ажырату керек.

Жұмыс қорғау үшін бақылау сұрақтары (өсы сұрақтарға жауап беру керек )

  1. Өткізгіштер сыйымдылығы.

Өткізгіштің сыйымдылығы дегеніміз- конденсатор пластиналары арасындағы заряд пен потенциалдар айырмасының пропорционалдық коэффициенті.


  1. Конденсаторлар.

Конденсатор. Конденсаторды бір-біріне жақын орналасқан өткізгіштен жасайды. Сыртқы денелер конденсатордың сыйымдылығына әсер етпеу үшін астарына , ондағы жинақталған зарядтар туғызатын өріс толығымен конден сатордың ішінде шоғырланатындай пішін беру керек. Бұл шартты бір-біріне қатысты жақын орналасқан екі өткізгіш пластина. Екі коаксиалды өткізгіш цилиндр және екі концентрлі сфералар қанағаттандырады.



  1. Әртүрлі геометриялық конфигурациядағы конденсаторлар сыйымдылығы.

Сыйымдылықтың шамасы конденсатордың геометриясына , сондай-ақ астарлардың арасын толтыратын ортаның диэлектрик қасиеттерімен анықталады.
Жазық конденсатор сыйымдылығы :
Цилиндрлік конденсатордың сыйымдылығы:
Сфералық конденсатордың сыйымдылығы:

  1. Конденсатордағы ток пен кернеу, сыйымдылық кедергісі.

Кернеу. Сыйымдылық -конденсатордың басты сипаттамасы болып табыла- ды. Конденсаторлардың сыйымдылығы дегеніміз- q зарядқа пропорционал және астарлардың арасындағы потециалдар айырмасына кері пропорционал физикалық шама:
–потенциалдар айырымы немесе берілген нүктелер арасын -дағы кернеу деп аталады. Бұл өлшем сан мәні жағынан бірлік оң зарядтардың электростатикалық және бөгде күштердің жұмысна тен. Бұны біз кернеу деп атаймыз.
Ток.
А) Тұрақты тоқ ағады, егер конденсатор үнемі тоқты зарядтап тұрса. Коднедсатордағы заряд уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Лездік зарядтың мәні: q= ,осыдан конденсатордағы тоқ былай болады:

–конденсатордағы тоқтың лездік мәні.
Б) Тоқтың амплетудалық мәні: , осыдан -сыйымдылық кедергісін тоқ пен кернеудің эфектілік мәні арқылы өрнектеуге болады: , осыдан

  1. Екі біркелкі қарама-қарсы зарядталған шексіз ұзын параллель жазықтық өрісі.

Шамалары жағынан бірдей, бағыты тұрақты сигма беттік тығыздықпен зарядталған екі параллель жазықтың жеке-жеке туғызатын өрістерінің суперпозициясы қосындысы ретінде табуға болады:

Зарядталған конденсатордың энергиясы: , ,







  1. Конденсаторлардың қолданылуы.

Конденсаторларды энергетикалық өндірістерде, тұрмыстық затарда қолданады, себебі конденсаторлар өздеріне зарядтарды жинайды.



  1. Электр өрісінің энергиясының көлемді тығыздығы.

Конденсатордың энергиясын оның астарларының арасындағы электрлік өрісін сипаттайтын шамамен өрнектеуге болады. Мұны жазық конденсатор үшін жасаймыз. Конденсатордың энергиясына конденсатор сыйымдылығының өрнегін қойсақ, онда:

Электр өрісінің кернеулігі . Sd көбейтіндісі өрістің алып тұрған V көлемі. Сөйтіп электр өрісінің көлемдік энергия тығыздығы:

.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет