Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет5/23
Дата08.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#156947
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
2-рк физиология (1)

6.Гемолиз, оның түрлері.
Гемолиз грек қан еру – эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы . Мұны гемолизденген қан деп атайды . Ол әдетте мөп - мөлдір . Гемолизденген кан күйылған пробирка аркылы күн сәулесі өтеді . Түсі қызыл лак түсіндей , сондыктан ондай қанды лак тәрізді қан деп атайды .
Әсер ететін түрткілер түріне қарай rемолизді бірнеше түрге бөлуге болады .
1. Физиологиялық гемолиз сау адамда болады . Денедегі ескірген эритроциттер жарылып , олардың орнына сүйек кемігінен шыккан жас эритроциттер қанға түседі . Эритроцит 120-130 күн жасайды . Ескірген эритроциттердің біразы бауырда , көпшілігі көкбауырда гемолизденеді . Сондықтан көкбауыр эритроциттер " моласы " деп те аталады .
2. Осмостық гемолиз эритроциттін іші мен сыртындағы осмостык кысым айырмашылығынан туады . Қанға осмостық қысымы аз ерітінді құйса , эритроциттің ішіне су кіреді де ол ісінеді , судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып , ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады . Сөйтіп қан гемолизге ұшырайды . Жас эритроцит ескі эритроцитке қарағанда берік келеді , сондықтан оның төзімділігі де жоғарылау . Осыған орай эритроциттер төзімділігінің жоғары және ең төмен төзімділігі деген ұғымдар бар .
3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын ерітетін химиялык заттардың ( сірке қышқылы , эфир)әсерінен болады.
4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар - гемолизиндердің әсерінен болады . Мәселен , жылан , қарақұрт , шаян улары , адамның ішегінде тіршілік ететін құрттар бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері , қан құйғанда сиыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердің қабығын жидітіп , бұзады . Гемолизденген қанның өзі улы . Сондыктан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса , гемолитикалык шок пайда болып , адам өлуі мүмкін .
5-термиялық гемолиз канды біресе жылытып , біресе суытудан болады.Әсіресе мұздатқыштан шыққан қанды еріиткен кезде болады.Мұз кристалдары эритроциттің қабығын жыртады.Дене темп 42 С асса қан гемолизденеді.
6-механикалық гемолиз-қанды шайқап араластыру салдарынан эритроцит мембранасы жыртылады.Сол үшін ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда абайлап тасу керек.
7-Электрлік генмолиз-электр тогының әсерінен болады.Ультра сәулелері мен рентген сәулелері күшті болса эритроцит қабығын бұзады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет