Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі тәсілдер бойынша жүргізіледі:
1)дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алған- да — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім кою);
2)кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);
3)аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буынын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).