|
Қан кетуді уақытша тоқтату
|
бет | 12/16 | Дата | 06.02.2022 | өлшемі | 3,3 Mb. | | #81735 |
| Байланысты: khir 4Қан кетуді уақытша тоқтату Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.
Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.
Көрсеткіштері:
- аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;
- аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.
Қыл бұрау салудың ережелері: Қыл бұрау салудың ережелері: - Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
- Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.
- Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
- Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.
- Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.
- Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
- Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.
- Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|