44. Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді, футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған.Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз?
Мұрын аймағына суық қою
Алдыңғы тампонада
Артқы тампонада
Сақпанша таңғыш салу
Мұрынды жансыздандыру
45. Ауруханаішілк сальмонеллездің қоздырғышы болып табылады:
Salmonella typhi
Salmonella enteritidis
Salmonella cholera suis
Salmonella Potsdam
Salmonella typhimirium
46. Босану үйіне 22 жастағы Ф. Түсті, жүктілі мерзімі 38-39 апта. Бойы 150 см, салмағы -58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5 см , іш айналымы-103 см, жатыр түбі биіктігі – 40 см. Ұрықтың қалпы ұзынша , басымен келіп тұр, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты , 140 соққы/мин, басының тік өлшемі – 12 см. Қынаптық зерттеу:жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжам диагнозды көрсетіңіз:
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас 1 дәрежесі.
Жүктілік 38-39 апта. Жай жалпақ жамбас
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас 2 дәрежесі. Ірі ұрық
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас 1 дәрежесі. Көп сулы жүктілік
Жүктілік 39-40 апта. Ірі ұрық
47.Науқасты плевралды пункцияға дайындау кезіндегі сіздің іс шараңыз:
Тазалық клизмасын қою
Асқазанын жуу
Қуықты босату
Талдаудың мақсатын түсіндіру
Туыстарына болатын талдауды хабарлау
48.32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х. Соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы дағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданды. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі накотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек: