«Ана мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» мерекелік ашық тәрбие сағаты»


(аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып студенттер сахнаға ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына жүргізуші келіп тұрады



бет2/3
Дата15.03.2022
өлшемі21,95 Kb.
#135653
1   2   3
Байланысты:
бекитуге1

(аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып студенттер сахнаға ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына жүргізуші келіп тұрады).
1 -Жүргізуші : Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!

2- Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті көрермен мен колледжіміздің ұстаздары, қыздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.


1-жүргізуші: Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында өтіліп жатқан «Ана - мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» атты мерекелік ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Әйел анаға арналған бүгінгі көрмеге жергілікті және республикалық суретшілердің 40-қа жуық картинасы ұсынылып отыр. Олай болса көрмені ашыға ортаға Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Көзейбаев Сапар Әлиасқарұлын шақырамыз.


2-жүргізуші:


Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып,
ортамызға, бүгінгі шараға арнайы сырнайымен ән шашуға келген қонағымыхды ортаға шақырамыз.
Гулжайна: Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады
Ана Сен бақыттысың, Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді…
(қол шапалақ)
2-жүргізуші: Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше колледжімізде екінші анамыздай болып кеткен Т-9-19г оқу тобының топ тәлімгері Балкаева Куралай Айтекеевнаны құттықтау сөз сөйлеуге шақырамыз.
(шапалақ)
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.


Айжан: -Ия дұрыс айтасыздар... Ендеше ұл-қыздардың аналарына арнаған өлең шумақтары бар екен,соған кезек берейік




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет