Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ерманова Меруерт Болысбековна Тақырыбы: «Алаштың ақиық ақыны» Эпиграф



Дата21.05.2018
өлшемі61,52 Kb.
#40564
«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ерманова Меруерт Болысбековна
Тақырыбы: «Алаштың ақиық ақыны»

Эпиграф: «Мұқағали Мақатаев – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі...»

Әбділдә Тәжібаев



Түрі: әдеби сазды кеш

Мақсаты: оқушыларға құдіретті жырлары арқылы жұртшылық жүрегін жаулап

алған, ХХ ғасырдың ақиық ақыны, Хантәңіріндей асқақ тұлғаға ие болған

ғасыр ақыны – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

туралы мәліметтер беру арқылы білімдерін кеңейте түсу.



Көрнекі құралдар: интерактивті тақта Activ Board 78, 3 бағдарламасы, эпиграф,

М.Мақатаевтың портреті, шығармалар жинағы, пікірлер

жазылған слайдтар, буклет, баспасөз беттері.
Кеш үш бөлімнен тұрады.

І. Әдеби сазды кеш

ІІ. «ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» (көрініс).

ІІІ. «Мұқағали – шоқ жұлдыздардың ең жарығы» (жыр шашу).


Ашылуы. Сахна. Н.Тілендиевтың «Аққу» күйі баяу орындалып тұрады. Әуенге ілесе ақынның өлеңі оқылады:

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,

Қылығымды ұнатқан жұлынуды.

Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»,

Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.


Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім, бір-ақ нәрсе –

Көшеді өлең немесе өшеді өлең!


Ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: - Армысыздар, жыр сүйер қауым! Бүгін біз өлең шыңына ту тіккен ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп отырған әдеби сазды жыр кешіне жиналдық. Қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаевтың оттай ыстық әрбір өлеңі өз-өзінен әнге сұранып тұрады. Ақын сөзіне жазылған бірнеше әнді тыңдалық

1. «Саржайлау» өлеңіне Қазақстан Республикасының әртісі, Халық Қаһарманы, ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиев ән жазған екен. Осы әнді орындау үшін ортаға І курс оқушыларын шақырайық.

2. Ән «Сәби болғым келеді» (Әні: Т.Рахимов).

3. «Жамылып сағыныштың сал шекпенін» (Әні: Дариға Тілендікеліні).



ІІ бөлім. «ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» (көрініс).

М.Мақатаевтың «Менің анкетам» өлеңі бойынша шағын көрініс көрсетіледі. Сонымен бірге ақынның «Қош, махаббат» пьесасынан қысқаша үзінді қойылады.


Журналист: Мұқағали жолдас, сізден сұхбат алайын деп едім.

- Туған жеріңіз?



Ақын: - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Журналист: Туған жылыңыз?

Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Журналист: Шыққан тегіңіз?

Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Журналист: Білімің ше?

Ақын: Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.

Журналист: Ана тілің?

Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

Журналист: Қайда істедің?

Ақын: Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең

Бір басымнан бар мамандық табылар.

Журналист: Міндеттісің бе әскерге?

Ақын: Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой

Жанын қиған Мәскеуге.



Журналист: Шет елдерде болдың ба?

Ақын: Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда-ақ.



Журналист: Мекен-жайың?

Ақын: Мекен-жайым – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін.



Журналист: Мұқағали, жолдас, сізге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!
ІІІ бөлім. «Мұқағали – шоқ жұлдыздардың ең жарығы» (жыр шашу).

І курс оқушылары өз арнау өлеңдерін ортаға шығып оқиды.



Үмбетбаев Рүстем:

Жастар ерді бұл күнде артыңыздан,

Айналдым қасиетті салтымыздан.

Қазақ деген кең пейіл ардақты ғой,

Өзіңіздей қасиетті ұл туғызған.

Сыпайы сөздің басы әдеппенен,

Ал біреулер сенделіп әлекпенен.

Осындай ұлы ақын батасына,

Бұл күнде қандай адам дәметпеген.
Ұлылар елдің көркі дейді халқым,

Ұлы ақын шығарады елдің даңқын.

Біздің ақын келешекті көремін деп,

Тік басып сақтап қалды тұрған қалпын.


Талай қазақ бесік жырын тербеді,

Талай қазақ намысын елдің бермеді.

Өзіңізден үлгі алып жүр барша адам,

Боламын деп өзіңіздей ұлы халық перзенті.


Өлең болған өмірінің жалғасы,

Кезінде де үлес қосқан жұртына.

Сол ақынның жүректегі тұлғасы,

Намыс боп тұр артта қалған ұлтына.


Не ексең, соны аларсың қара жерден,

Адамдар бар, дара тұлға, дара жүрген.

Қасиетті адамның арқасында,

Кеңейіп тозбайтындай санама енген.


О, ақын бақыт болып жаралдың ба,

Ортасында сен тұрсың санамның да.

Күннен-күнге нұр құйып тұрғандай ма?

Қазақтың 20-жылдық қадамына.


Өткен күндер артқа қайтып оралмайды,

Бәрібір де ой келеді солар жайлы.

Қанша ақын бірігіп жырлағанмен,

Өзіңіздей ақиық ақын бола алмайды.


Жүрегім солқылдамай дір етпеген,

Жүрегіме шоқ тастаса күрекпенен.

Сонда бәлкім Мақатаев болармын мен,

Құлақпен тыңдап, сезінетін жүрекпенен.


Мұқағали жүрекке жол алғансың,

Еліме тірек болып оралғансың.

Абай, Мұқағали айтып кеткен,

Асыл сөз еш уақытта жоғалмасын.



Ельмуратова Айдана:

Туған күнің жыл сайын тойлануда,

«Фариза», «Әке» әндерің айтылуда.

Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын,

Жастармен сенің жолың жалғасуда.
Мөлдір жырың төгіліп жыр кешінде,

Ұлылығыңа зор тағзым етілуде.

Қарасаздан ұшқан сендей қыранды,

Ашық айтам мақтанышпен ел бетіне.

Ғаламат қой, ғажап сенің жырларың,

Ашады көкейдегі пәк сырларын.

Лайық саған бір ғана тұлпар сөзі,

Иіліп бүкіл әлем бас июде.
Мұқағали – жұлдыздардың ең жарығы,

Мұқағали – құнды тастың ең асылы.

Мұқағали – Шәлкөденің мұзбалағы,

Мұқағали – қазағымның бір шырағы.


Сен тірісің әр пенденің кеудесінде,

Сен тірісің әр сәбидің бесігінде.

Жырларың шаң басқан архивте емес,

Қаз-қатар тұр әр үйдің сөресінде.


Елімнің қанатты пырағысың,

Қазағымның дара туған қыранысың.

Даланың суды аңсаған шөл құсындай,

Халқымның қайратты қырағысың.


Туған жерім деп жырлайды ұлы ақын,

Біз емес өз ақынын ұмытатын.

Пір тұтамыз біз Сізді, ақын аға,

Жиналған бүкіл Алаш, күллі халқың.



Оқытушының қорытынды сөзі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет