Тақырыбы: «Мұқағали – ақиық ақын»



Дата02.07.2018
өлшемі22,63 Kb.
#45928
Елекбаева Жанат Қойшыбаевна

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Тақырыбы: «Мұқағали – ақиық ақын» атты «Бәйтерек» зияткерлік шоуы

Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі,шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету, мұрасын насихаттау өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Жүргізуші: Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым!

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»- деп қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали – ақиық ақын» атты «Бәйтерек» зияткерлік шоуына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: «Сырым да осы, жырым да осы, алдыңда.
Байқашы сен, бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!»- Мұқағали - ақын, аудармашы, драматург, прозашы. Оның жауһар жырлары - мәңгілік. Олай болса, ақынның өлеңдерін жаттап, сусындап өскен, өлеңге құмар мектебіміздің сайысқа қатысушы сайыскерлерін ортаға шақырайық.
(Ортаға қатысушы сайыскерлеріміз шақырылады)

Жүргізуші: Адамға ақыл-ой керек

Білім мен көңіл және бек

Зияткерлікті танытар

Бүгін бізде бәйтерек.

Жүргізуші: Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері. (Үш топ ақын әндерін атады)

Жүргізуші: ойын шарттарымен таныстырып өтейін:
I кезең: «Шежіре» бір ойыншы қатысады.


II кезең: «Нұрдала» бір ойыншы қатысады.

III кезең: «Самұрық» барлық топ мүшелері қатысады.

Жүргізуші: Әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Жүргізуші: Ұпай берілер сөзіне

Сенімді үш жан өзіне

Ортада болса бастайық

Алғашқы кезең шежіре.

Әр ойыншыға ақын өмір дерегінен жеті сұрақтан беріледі.

1. М.Мақатаев қай жылы, қай жерде өмірге келді? 1931 ж 9 ақпан Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы

2. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты? Мұхаммедқали

3. Мұқағалидың неше баласы бар? 6

4. Ақын өз өмірбаянын қай өлеңінде жазады? «Менің анкетам»

5. 1954-1962 жылдар арасында қай жерде кім болып қызмет етті? қазақ радиосында диктор
6. «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі болып қай жылдары қызмет атқарды? 1962-1972жылдар

7.  Мұқағали ақын неше жаста, қай жылы дүние салды? 1976 ж 27 наурызда 45

8. Қазақстан Республикасының Жазушылар , одағы қай жылы Мұқағали атындағы сыйлықты тағайындады ? 1985 жылы



9. Мұқағалидың ең алғашқы жарық көрген өлеңі. «Қойшы бала Әкітай»

10. Ақынның көзі тірісінде неше кітабы жарық көрді? 11
11. Ақынның анасының аты кім? Нағиман

12. Мұқағали Мақатаевтың мұражайы қай жылы ашылды ? 1991 жылы

13. Тұңғыш өлеңдер  жинағы  қалай аталды? «Сандуғаш»

14. Неше жасынан өлең жаза бастады? (10 жасынан)

15. Ақынның тұңғыш өлеңі қай жылы, қайда жарық көрді? 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде


16. Ақын қай жылы, қай мектепті бітірді? Нарынқолдағы мектеп - интернат

17. 2000 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленген шығармасы «Аманат»

18. Ақынның әкесінің аты кім? Сүлеймен

19. М.Мақатаевтің шешесі неше жасында қайтыс болады?(90 жасында )

20. Інілерінің аты?( Тоқтарбай және Көрпеш )
21. Нұрғиса Тілендиевпен бірігіп әжесіне арнап жазған өлеңі қалай аталады? «Сөнбейді, әже, шырағың»

22. Мұқағалидың қандай әндерін білесің?

23. Мұқағали Мақатаев пір тұтқан ақын. Төлеген Айбергенов.

24. Ақынның атасының, әжесінің, жарының аттары кім? Тиын, Лашын, Мақатай

25. Әже баласы болған соң анасын қалай деп атаған? «Нақа»

Жүргізуші: Әр топтан келген шыңдала

Ойыншы қалса бір ғана

Қайсысы мықты көрейік

Екінші кезең нұрдала

Бұл кезеңде жеті тест сұрағы беріледі.

«Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық» атты пікірдің авторы кім?

А)Ә.Тәжібаев Ә) Ф. Оңғарсынова Б) Қ Мырза Әли В) Ә Кекілбаев

2. «Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» ырым сөз қай дастанынан алынған?

А) «Райымбек, Райымбек» Ә) «Дариға жүрек» Б) «Мавр» В) «Аққулар ұйықтағанда»
3.Алғаш Мұқағалидың талантын бағалаған ақын кім ?

А) Ғабит Мүсірепов ә)Әнуарбек Байжанбаев б) Әбділда Тәжібаев в)Төлеген Айбергенов

4.Мұқағали Мақатаев аударма саласында да өзіндік шеберлік – шалымымен толымды еңбектер тындыра алды 1969 жылы Уолт Уитменнің қай еңбегін қазақшаға аударды ?

А) «Тамұқ» ә) «Құдіретті комедиясы» б)«Сонеттер» в) «Шөп жапырақтары »

5.Бұл туралы айтқан кезде ақынның « Күнделіктеріне » жүгінелік . 1973 жылы наурыздың 17 жұлдызында былай деп жазылған екен : « Өткен аптада ........................ үйінде болдым »Бұл адаммен жақын келіп сұхбаттасқаным осы . Екі сағаттай әңгімелестік .Қарт әріден ойлайды . « Аққулар ұйықтағанда поэмасына » тебіреніп пікір айтты . Кетерде маған қалам сыйлады .(............. қалам) »Мұқағали кімнің үйінде болды ? Қандай қалам сыйлады ?

А) Ә Кекілбаев ә)Жәлел Айдарханұлы б)Тұрсынхан Абдрахманова в) Ғабит Мүсірепов

6.________Мұқағали екеуміз алғаш жақындастырған , сырлас – пікірлес болуымызға , дүние тану өрісіне бірге шығарымызға себепкер, кітап оқуға деген ортақ құмарлық еді. – деп кім айтты

А) Жанболат Ауыпбаев ә) Батық Мәжитұлы б) Еркін Ібітанов в) Мұзафар Әлімбаев



7.Мұқағали қай жинағында қолтаңба қалдырғанда өзінің қайтыс болатын күнін «1976 жыл 27 март» деп жазған?

А) «Өмірдастан» Ә) «Аққудың қанатына жазылған жыр» Б) «Өмір-өзен» В) «Жыл құстары»

Жүргізуші: Біліммен шықсаң танылып

Сайыстың терең мәнін ұқ

Үш топта толық қатысар

Үшінші кезең самұрық.

«Қайсысы артық?» Төрт өлең тақырыбы беріледі, біреуі артық, басқа ақынның өлеңі. Артығын табу.

1. «Үш бақытым» «Елім барда» «Туған жер» «Мен кім?»

2. «Қара өлең» «Отан» «Адамдық борышың» «Қазақстан»

3. «Қара бұлт» «Ақ шағала», «Ақ қайың» «Пай,пай өмір»

4. «Мен таулықпын» «Қайырлы түн» «Фантазия» «Қалың елім,қазағым»

«Нақтырақ ойлан»

1. Өлеңнің жалғасын тап

Ең бірінші бақытым - халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

2. өлеңінің әр шумағын рет – ретімен орналастыру.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты? Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты?

Туған елім болса екен бақытты! Оларды іздеп өткізбеймін уақытты.

Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Мен бақытсыз бола қойман сірә да

Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Туған елім болса екен бақытты!

3. Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер,

Батырлар дүркіреп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Қай өлеңінен алынған? «Қазақ жері»

4. Сендердікі - өмір, қоғам, заман да,

Сән түзеген қалаң менен далаң да.

Барлығы да мұра болмақ әманда,

Болашақ деп аталатын Адамға. Қай өлеңінен алынған? «Барлығы да сендердікі»

«Бұл кім?»

1. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда оны ешкім,-деген жолдардың авторы кім? (Ақынның өз сөзі)

2. - Барлық жағынан өте ұқыпты болатын. Жазу столы әрқашанда ұқыпты тұратын. Әкем бірде менен балам, сенен кейін әкең қандай адам болған сұраса, сен не деп жауап бересің?-деп сұрады. Мен ол кезде жаспын не деп жауап берерімді білмей күмілжіп, тұрып қалдым. Сонда әкем маған: “Менің әкем өте сәби жанды адам еді”- деп айт деді. Түсінген адам түсінеді, түсінбегені өздері білсін, - деді қай баласының сөзі? (Жұлдыз)

3. «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін пешпенттің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы. «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін? Мынаған назар аударып көрерсіз» -депті. Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі. «Есіңе мені алғайсың» екен. Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейін әлгі өлеңге ән жаздым. (Нұрғиса Тілендиев) 

4. Мұқағали – қазақ поэзиясының ұзақ сағынып көрген асыл перзенттерінің бірі. Ол – шын мәніндегі ұлттық құбылыс… Ол халық болмысымен біте қайнасып кеткен ұлы тұлға. Ұлы құбылыс. Ұлы ақын. Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді. Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді.

Ә.Кекілбаев
Сайыс қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды марапаттау  «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір! Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет