«Ана өмір – ана бақ» ( эссе )
Ана... Өмірдегі ең киелі есім. Бір ауыз «Ана» деген сөзді естігенде барлық аяулы Ананың бейнесі көз алдыңа елестейді. Осы бір үш әріптен тұратын «Ана» деген қасиетті сөздің құдіреті қандай десеңші! Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Анаң сені өмірге келмей жатып мейіріміне бөлейді, жылы сөздерімен еркелетеді, құрсағында аялайды. Ал жарық дүниеге келген соң, сені өз өмірінен артық жақсы көреді. Сен үшін түн ұйқысын төрт бөледі. Сенің тәнің ауырса, Ананың жүрегі мен жаны қоса ауырады. Әрдайым сенің тілеуіңді тілейтін де - Ана. Сен биікке шықсаң төбесі көкке екі елі жеткендей қуанады. Басыңа қайғының қара бұлты төнсе, сенен бетер жапа шегіп мұңға батады. Сені ештеңеге қарамастан түсінеді, кешіре біледі. Ананың балаға деген махаббатын сөзбен жеткізу тіпті де мүмкін емес. Анаңның қолынан келген әрбір жақсылық ол бәрінде бірдей бола бермейді. Ешкім сені Анаңдай еркелетпейді, ешкім құшағына қысып әлсіз көз жасымен саған деген махаббатын білдірмейді. Сен үшін күн демей, түн демей Алладан жәрдем тілейтін де жалғыз-ақ Ана.
Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Мен анам жайлы айтсам, ол кісі өте мейірімді, ақкөңіл жан. Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым.
Анашым менің! Сәби кезімнен өз қолыңызбен төсегіме жатқыздыңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезімде қасымнан табылдыңыз. Жығылсам тұрғызып, жыласам жұбатып, сабағымды оқуға көмектесіп, әр жылда туған күнімді атап өтіп, көңілімді табасыз. Сізді ренжітпеуге, сабағымды жақсы оқып, айтқаныңызды екі етпей орындап, көңіліңізге қаяу түсірмеуге тырысамын. Менің анам - менің жүрегім!
«Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
№
|
Аты - жөні
|
Cыныбы
|
Мектебі
|
Байқау аты
|
Жетекшісі
|
Тел номері, эль почтасы
|
1
|
Аймаханов Ернұр
|
5-сынып
|
№44 «Мәдени» ЖОМ Оңт.Қаз.
облысы, Сайрам ауданы Ханқорған ауылы
|
Ана өмір – ана бақ ( эссе )
|
Құрбан Зухра
|
8 771 6212717
kuralbaev.76@mail.ru
|
IQ - Интеллектуалды білім порталы Республикалық оқушылар байқауы
ИИН/БИН 910910300671
Квитанция : 2406
Терминал : 10400765
Адрес: ул. Ленинжолова б/н
маг. Махмуд
Дата : 03.03.2018 12:18:43
Поставщик : Beeline
Принято : 550 тг.
Зачислено : 520 тг.
Комиссия : 30 тг.
Номер телефона/ счета :
7056669955
Код операции : 4155203163
Сохраняйте чек до зачисления денег на Ваш лицевой счет.
Спасибо!
Служба поддержки : Время
работы с 9:00-по 18:00
тел-8705 485 35 10
|
Достарыңызбен бөлісу: |