Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты



бет7/8
Дата23.10.2016
өлшемі1,46 Mb.
#53
1   2   3   4   5   6   7   8

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Қайталау сабағы:1. Оқушылардың алдына бөлімді қайталауға арналған тест жұмыстарын таратып беру.2. Әр оқушы өз бетімен сұрақты оқып, белгілеп шығады.(20 мин уақыт беріледі.)

Тест сұрақтары

1.Оқиғасы « тазалық- денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата

А) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

Ә)Ы.Алтынсарин Салақтық

Б)М.Гумеров Көп кептер

В) Ж.Карбозин 20 тиын

2. «Ұйқышылдық- жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты?

А) Ж.Карбозин 20тиын

Ә)Ы.Алтынсарин Салақтық

Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

В) Е.Ерботин Даңғой

3. «Өтдірмесе дәнеме

Мақтанғаннан не пайда» деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы

А) Е.Ерботин Даңғой.

Ә) Ш.Смаханұлы Тәкәппар

Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

В) Ә.Дүйсенбиев Атай

4. «Өркөкірек мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық кеоетін сөзді тап

АҰйқышыл


Ә)Еріншек

Б) Салақ


В) Тәкәппар

5. «Даңғой » сөзінің мағынасын ашатын сөзді тап

А)Еріншек

Ә)салақ


Б) Ұйқышыл

В) Мақтаншақ

6.Басыңа іс түссе

Жақсы көмек етеді

Жаман күліп өтеді деген мақалға қатысы бар шығарманы ата

А) Дүйсенбиев Атай

Б) Ж.Карбозин 20 тиын

В) Ы.Алтынсарин Салақтық

Ә)Қ.Жұмаділов Ұзын сары

7.М.Гумеровтың әңгімесінде көк кептеррді атқан кім?

А)Балалар

Ә)Көрші әйел

Б)Аймаған

В)Нүсіпбек

8.Наурықдың ұзақ күндері калай аталады?

А)Мамыр


Ә)Наурыз

Б)Ұзын сары

В)сәуір

9.Жұмбақтың шешуін тап Қырға кілем жайылды.



А)Ағаш

Ә)Қызғалдақ

Б)Қозы лақ

В)Мал


10. «Көлдің мұзын күн тесті

Аппақ тонын жер шешті» деген жолдарда қай жыл мезгілі туралы айтылған?

А)Қыс

Ә)Көктем


Б)Жаз

В)Күз


СЕргіту сәті

ҮІ Қорыту.Оқушыларға ертегі оқыту.Жұмбақ шешіп,ребус шешу

ҮІІ. Үйге тапсырма:Қайталау. Бағалау
102. Тақырыбы: Әбілмансұр. М.Әуезов.

Мақсаты: «Өнегелі өмір» тарауы жайлы түсінік бере отырып, М.Әуезовтың«Әбілмансұр» мәтінін оқып, мазмұнын ашу. Абылай өмірі туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу. Ержүректікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Абылайхан, қазақ билерінің суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Өнегелі өмір тарауы жайлы түсінік беру.

«Елдің атын ер шығарады» дегендей әр халықты басқа жұрт ер жүрек батырларынан, ұлы адамдарынан таниды. Мысалы: Абай атамыз арқылы басқа елдер қазақ жұртын біледі. Ендеше елі үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы оқып, танысайық.



ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. а/ М.Әуезов - /1897-1961/ жайлы түсінік беру. ә/ Әбілмансұр мәтінін оқып, түсіндіру. Абылай хан қазақ халқының әйгілі ханы. Төле бидің тәрбиесінде болған. Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай. б/ Дәптермен жұмыс. Абылай, Төле би, Сабалақ, қанжығалы Бөгенбай, Әбілмансұр.

ІҮ. Білімдерін тексеру.Мәтінді оқу , іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. а/Сұрақтарға жауап алу. Абылай бала кезінде нелдіктен Сабалақ атанған? Төле би оның ел билейтінін қайдан білді? Елін қорғағысы келген Сабалақты Төле би қалай аттандырды?

Сергіту сәті. б/ Тапсырмаларды орындау. Мәтінді мына ретте әңгімеле. Бала Сабалақ. Сабалақтың соғысқа аттануы. Батыр Абылай. Абылай кімдерден бата алған.

Мәтіннен Сабалақтың Төле биге өтініш жасаған жерін тауып оқу.

ҮІІ .Қорыту.Абылай хан кім?Патриоттық тәрбие беру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау.
103. Атан түйе шөккен жер

Мақсаты: 1 Райымбек батыр туралы мағлұмат беру, мәтіннің мазмұнын түсіндіру2. оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру.3. Ержүректікке, батырлыққа баулу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Әбілмансұр оқу, мазмұндау

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру.Сөзжұмбақты тақтаға іліп, оқушыларға шештіріп, өздеріне жаздырту. Жаудан елді қорған тағы бір батыр туралы білгің келеді ме? Сөзжұмбақтың ортасында тұрған сол батырдың есімін оқы. Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша

Ү. Жаңа сабақ:1. Райымбек батыр туралы «Атан түйе шөккен жер» мәтінің дұрыс, түсініп оқып беру. Оқушыларға тізбектей оқыту 2. Сергіту сәтін өткізу 3. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздыру Атан түйе – 4 жастан асқан түйе. Қоныстанады – орналасады. Мінәжат ету – құрметтеп, бас ию. 4. Берілген суретке зер сал. - Суретке қандай ат қоя аласың? Суретпен жұмыс .Суреттегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?

Ерекше ерлік көрсеткен найзалы батырды кім деп айтар едің? Оған қарсы шапқан жау жағының күші қандай деп ойлайсың? Оны неден аңғардың? Шайқас немен аяқталады деп есептейсің?



ҮІ. Қорыту. Сұрақтарға жауап алу. Осы суретпен берілген мәтін арасында қандай байланыс бар? Мәтіннен Райымбек батырдың сөзін тауып оқы. Халық Райымбек батырды неге құрметтейді?

ҮІІ. Үйге тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын ату. Батырлық, ерлік туралы 3-4 мақал-мәтел тап.Бағалау
104. Тақырыбы: Мазмұндама. Кептер.

Мақсаты: Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.

Мазмұндама тақырыбымен таныстыру. «Кептер» оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу. Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.



ІІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу.

Кептер


Үйде Еркін мен қарт әжесі болды. Өзгенің бәрі жұмыста. Әжесі қарап отыра алмады. Жүн түттеді, ұршық иіреді.

Әжесі немересіне есік алдындағы легенді алып келуге жұмсады. Еркін есік алдына шықты. Ол мысықтың кептерді талап жатқанын көрді. Еркін кептерді мысақтан құтқарып алды.

Ол кешікті. Әжесі шыдай алмады. Сыртқа шықты. Еркін болған жайды әжесіне айтты. Әжесі немересінің мейірімділігіе сүйсінді.
Үйде кімдер болды?Әжесі үйде немен айналысады?Еркін қайда шықты?Еркінге әжесі не үшін сүйсінді?Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.
105. Тақырыбы: Алғашқы қоңырау. Ғ.Қайырбеков

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға жаттықтыру. Ы.Алтынсарин туралы білімдерін толықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Райымбек бастауы.Тізбектей оқыту. Мазмұндату.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Райымбек сарбаздары неге тап болды?Райымбек қандай шешімге келді? Ол Көкойнақты жетектеп қайда бет алды? Көкқойнақ неге оқыранып жіберді? Райымбек неге қуанып кетті?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Алғашқы қоңырау

Ү. Жаңа сабақ.А/ Алғашқы қоңырау оқу, талдау.ә/ Ы. Алтынсарин жайлы деректер б/ сөздік жұмысг/ іштей оқу, тізбектей оқу , дәптермен жұмыс

ҮІ .Түсінгендерін тексеру:а/ Торғай даласына алғаш қоңырау соққан кім? ә/ Ақын Ыбырай туралы не айтады? б/ Алтынсарин туралы не білеміз. в/ тағы қандай әңгімелерін білесіңдер?

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не білдік? Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма :Мәнерлеп оқу.Бағалау.
106. Тақырыбы: Бала Абай. М.Әуезов.

Мақсаты: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Тілін , сөздік қорларын дамыту. Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту

ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім? Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі Бала Абай.

Ү. Жаңа сабақ.а/ М.Әуезов туралы түсіндіру. ә/ Абай атамыз жайлы түсіндіру б/ Бала Абай оқып, түсіндіру в/ тақырыпты оқу.Іштей оқу,тізбектей оқу.

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру:Абайдың әжесі, шешесі кім? Қонақтар кімдер,Олар нені жырлады?

ҮІІ .Қорыту. Бүгін не білдік?Абай туралы қосымша деректер. Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау.

107. Тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын



Мақсаты: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Кейіпкерлерге мінездеме беру мен түр тұлғасын сипаттаудың ерекшелігін меңгерту.

Танымдық қабілеттерін дамыту.

Мәтіннен берілген сұрақ-тапсырмалар арқылы оқу әрекеттерін арттырып, белсенділікке дамыту.

Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.



Көрнекілік: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Бала Абай

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бала Абай.Тізбектей оқу

ІІІ. Білімдерін тексеру:

Әңгіме кім туралы екен?

Абай кім?

Абай неге үйден шықпайтын болды?

Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай білдіруші еді?

Абай тағы кім әңгіме айтатын?

Бірде Абайлардың үйіне кім келді?

Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?

Ақын қандай жырды жырлады?

Жыр Абайға қалай әсер етті?

Қонақтарды Абай неліктен жібергісі келмеді?

Мәтінді үш бөлікке бөліп, ат қою.

Бала Абай, ақындардың келуі;

Ақындар батасы. ;

Абайдың түрін сипаттайтын жерін тауып оқу;



Дәптермен жұмыс.

Ертегі, елтіп тыңдады, ұғымтал, зерек, ойлы сөйлем құрастыру.



ҮІІ.Сабақты қорыту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұныағалау
108. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау

Мақсаты: 1. Оқушының «Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге» атты білгенімен, алған тәлімін пысықтау. 2. Дұрыс оқу, түсінгенін айтуға дағдыландыру, ойлау, ойын қорытуға баулу. 3. әдіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: сзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Өткенді сұрау:Қандай бөлімді оқыдық? Онда не жайлы айттық? Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге» дейді оны қалай түсінесің? Осы бөлімнен қандай тақырыптар өттік? Оны қалай түсінесің? Оны жазған кімдер? 1. «Әбілмансұр» - М Әуезов 2. «Атан түйе шөккен жер» (Баба саған не қалды?) 3. «Алғшқы қоңырау» Ғафу Қайырбеков 4. «Бала Абай» М.Әуезов 5. Қандай сөз жұмбақтар шештік? (Абылай, Райымбек, Ыбырай) 6. Сурет бойынша жұмыс. Суретті Абай кітабы бойынша әңгімелеу оқушының өз бетімен әңгімелету.

ІІІ Пысықтау1. Тест 1. Абылай 2. Сабалақ 3. Әбілмансұр 2. Атан түйе деп неше жасар түйені айтады? 1. 5 жасар 2. 3 жасар 3. 4 жасар . Алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? 1. Абай 2. Ыбырай 3. Ахмет. 4. Бала Абайдың ермегі 1. ертегі 2. Кітап оқу 3. Ойын 5. Бөлімнің аты қалай аталады?1. Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге 2. Қадірлі аналарым, аяулы әжелерім 3. Адам болам десеңіз

Жеке оқушыларға басқа тапсырма беру. Біз осы бөлімнен қандай әсер алдық?



ІҮ.Үйге тапсырма беру:182-192 бет қайталау
109. Сабақтың тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын

Мақсаты: 1. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, Абай туралы толық мағлұматтар, оның шығармалар жинағы.

2. Оқу дағдыларын жетілдіру

3. Оқушыларды ұқыптау, зеректікке тәрбелеу

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі .Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мұхтар Әуезовтың «Бала Абай» мәтінің оқып, мазмұнын сұрау, сұрақтарға жауап алу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру:Өткен сабақта оқыған әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.- Мәтін қалай аталады? Бала .....- ....Абайдың жасы 13 толған еді. - Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді? - Абай неден көп шықпайтын болды? - Абайға әңгімені кім көп айтушы еді? - Биыл әсіресі Абайдың .... өскен . - Абайдың шешесінің есімі кім? - Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын? «Абай жолы» романын жазған кім?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Абай жолы романынан алынған үзінді әңгімені дұрыс, түсініп оқы.

2. Сергіту сәті. 3. Мәтіндегі бас әріппен жазылатын сөздерді үлгі бойынша теріп жаз. 4. Барлас ақынның Абайға берген батасын тауып оқы 5. Батаны кімге береді? 6. Барлас ақын Абайға не үшін риза болды? 7. Абайдың ұғымтал, зеректігін неден байқадың?



ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.Абай туралы білгендеріңді жинақтап, «Пікірлер» ағашын жаңа пікірімен толықтыр.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұнын айту. Осы мәтін бойынша үйде өзін сөзжұмбақ жасап көр. Бағалау

110. Тақырыбы: Қоңыр қозы. /Т.Жұртбаев/



Мақсаты: 1. Оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып, оқы дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.

2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту.

3. Білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бала Тұрар.Оқу, мазмұнын сұрау

ІІІ. Өткенді пысықтау:үлестірмелер арқылы қорыту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:

а/ Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет беру. Абай жолы романын арқылы ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы М.Әуезов.

ә/ әңгімені қысқаша баяндау. /Мұхтарды қариялар еркелетіп Қоңыр қозы атаған. Оның мінезі салмақты, әрбір көрініске назар аударатын,зеректігімен ерекшеленеді

б/ Оқулықпен жұмыс,іштей оқу, тізбектей оқу



ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Бала Мұхтаржды атасы неліктен Қоңыр қозы атады?

Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды?

Ол назарын не нәрсеге аударды?

Мәтіннен Мұхтар аулы суреттелген жерлерді тауып оқу.

Абай ауылының көрінісі суреттелген жолдарды тауып оқы.

Дәптермен жұмыс.

ҮІІ. Бекіту:Әңгіме кім туралы?

Олар қайда келді?

Бала Мұхтар қандай екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. Бағалау

111. Тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай. Тұрсын Жұртбай.



Мақсаты: Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Бала Мұхтар мен Абай туралы түсінік беру. Еңбекке , білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Қоңыр қозы.Оқу, әңгімелеу.

ІІІ.Өткенді пысықтау:Бала Мұхтарды атасы неліктен Қоңыр қозы атады? Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды? Ол назарын не нәрсеге аударды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Мұхтар мен Абай

Ү. Жаңа сабақ.а/ әңгімені оқуә/ талдау,б/ сөздік жұмыс Оқулықпен жұмыс Іштей оқу. Тізбектей оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру:сұрақтарға жауап алу. Абай неліктен бала Мұхтарға көңіл аударды? Тауып оқу

ҮІІ Бекіту. Мәтін кім туралы екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау

112. Тақырыбы: Бала Тұрар



Мақсаты: Тұрар Рысқұлов туралы мәлімет беру.

Міндеттері: 1. Оқушыларға Тұрар Рысқұловтың балалық шағынан мәлімет беру, оқиғаны айтуға, ой-пікірін білдіруге үйрету.

2. Сөздік қорын дамыту

3. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бала Мұхтар мен Абай Оқу, мазмұнын айту.

ІІІ. Өткенді пысықтау.-Жолаушылардың аты неден сескеніп жалтақтады? Оның сауылатын түйе екенін қайдан білді?

Жолаушыны кім қарсы алды?

Ақсақал жолаушыға қандай ақыл айтты?

Күй үйдегілерге ұнады ма?

Жолаушының есімі кім?

Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?



ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Тұрар

Ү. Жаңа сабақ:

а/ мәтінді оқу.Сөздік жұмыс,қысқаша мәлімет беру

Көрнекілікпен жұмыс.

Тақырыпты оқу, іштей оқу, тізбектей оқу.

Дәптермен оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру:Мұғалімнің көңілі неліктен Тұрарға ауды? Тұрардың сабаққа селқостығы неде?

Атамырза Тұрарға неліктен күлді?

Оның күлкісіне мұғалім қандай әңгіме айтты?

ҮІІ Бекіту:Мәтін кім туралы екен?

113. Тақырыбы: С.Сейфуллин. Біржан.



Мақсаты: Оқушыларға С.Сейфуллин туралы мәлімет бере отырып , өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға, әңгімелеуге үйрету.

Сөздік қорларын дамыту.

Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жацуап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин , Құрманғазы суреттері

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мүсінші Мысық. Оқу, мазмұнын сұрау.

ІІІ Өткенді пысықтау.-Шоқан кімді іздеп келді?

Сары бала не істеп жатыр еді?

Шоқан Оған қандай өтініш айтты?

Шоқан мен Мысық неге келісті?

Жақып Шоқанды қалай қарсы алды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ а/Автор туралы түсінік

ә/ Күйші оқып, түсіндіру.

б/Біржан өлеңін оқып түсіндіру

в/ тақырыптарды оқу,іштей оқу,тізбектей оқу



ҮІ Түсінгендерін тексеру:

Жолаушылардың аты неден сескеніп жалтақтады?

Оның сауылатын түйе екенін қайдан білді?

Жолаушыны кім қарсы алды?

Ақсақал жолаушыға қандай ақыл айтты?

Күй үйдегілерге ұнады ма?

Жолаушының есімі кім?

Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?

Біржанның қандай өлеңдерін білесіңдер?

ҮІІ Бекіту.Құрманғазы кім? Тағы қандай күйшілердің белесіңдер?

ҮІІІ Үйге тапсырма:оқу, мазмұны, мәнерлеп оқу. Бағалау.

114. Тақырыбы: Мазмұндама. Аңшы балалар.



Мақсаты:Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып жаза білуге баулу.

Тілін, сөздік қорларын дамыту.

Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың жоспары:

1.Аңшы қандай жерде мекен еткен?

2.Аңшының балалары қандай?

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Дәптерлерін таратып беру.

Мазмұндама тақырыбымен таныстыру, оқып, түсіндіру.

Сұрақтарға жауап алу.

Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

Мазмұндаманы жазу.

Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.
115. Сабақтың тақырыбы: Н. Ғабдуллин. Батырдың мінезі

Мақсаты: 1. Б.Момышұлы туралы толық мағлұмат беру.2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.3. Батырлыққа, ержүректікке тәрбиелеу

Көрнекілік: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары 2. «Біржан» өлеңін мәнерлі оқу

ІІІ. Мақсат қою кезеңіСабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ1. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқы жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекі жазушысы. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көкбастау ауылында туылған. Б.Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон, полк командирі болды. Кейін гвардиялық дивизияны басқарды. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі аңызға айналды.

Момышұлына соғыс біткенінен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. 2. Мәтіннің авторы – Нығмет Ғабдуллин әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Б.Момышұлы «Батырдың мінезі» мазмұнын түсіндіру. 3. Сергіту сәті 4. Мәтіннен қолданған нақыл сөзді тауып, дәптеріне жазып ал. 5. Оқушыларға іштей оқыту



ҮІ. Қорыту.Осы әңгіме бойынша қандай сурет салар едің?

Ұлы Отан соғысы кезінде болған ерлікке қатысты сөздерді дұрыс, түсініп оқы. Осы нақыл сөздердің мәтінге қатысын айт. Кімге қатысты? Неліктен?

Осы нақыл сөздердегі жеке сөздерді пайдаланып Бауыржане Момышұлын сипатта. Мысалы: Б.Момышұлы тәуекелшіл, ....

ҮІІ. Үйге тапсырма1. Мәтінді түсініп оқы, мазмұнын айту 2. Нақыл сөздерді жаттау

3. Әңгіме бойынша сурет сал . Бағалау.

116. С.Машақов Мәншүк.

Мақсаты: 1.С.Машақовтың «Мәншүк» өлеңін мәнерлеп оқу, Мәншүк туралы түсінік беру.

2.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, оқу дағдыларын жетілдіру.

3.Ұлы Отан Соғысының ардагерлері құрметтеуге,батырлыққа,ерлікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Батырдың мінезі» мәтінін оқытып сұрақ қою, мазмұнын сұрау. 2.Б.Момышұлын сипатта.

3.Осы әңгімеге салған суреттерін тексеру.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру1. Ұлы Отан Соғысына қатысқан қандай батырларды білесіндер? 2.Пулемет дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет