АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қ.Мырзалиев
Ана тілім
Ана тілім -Бала шағым, өркенім,
Ана тілім -Болашағым, ертеңім.
Ана тілім -Сайын далам, жер-көгім,
Ана тілім -Арман-ойым, өрнегім,
Ана тілім -Шың, асқарым, өр көгім.
Ана тілім -Жыр-дастаным, ертегім,
Ана тілім -Үйім алып, еркемін.
Ана тілменХалық күйін шертемін.
Ана тілім -Пәк сезімді жан сырым,
Ана тілім -Лебіз демі бал-шырын.
Ана тілмен Нұрланады маң, қырым.
Ана тілмен Жырланады бар жырым.
Қазақ елі - мәңгілік ел
Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Біз қазақ ежелден - ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік.
Болашақтың атар деп жарқын таңы,
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік.
Ең басты маңызды іс әрі мәнді,
Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды.
Сайладық Қазақстан Президенті деп -
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.
Көздегені, мақсаты, басқы арманы -
Егеменді елінің жақсарғаны.
Болашақты болжамдап алдын - ала,
«Қазақстан - 2030» - ды жоспарлады.
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз
Қорытындылау.
Мұғалім: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты,білімді де еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!
Назарларыңызға рахмет!
«Менің Қазақстаным» әні орындалады.
Әділқазылар сайыс қорытындысын айтады.
Оқушыларды марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |