Ән «Ай дидарлы анашым»
Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Біз мерекеде сіздерді демалу үшін шақырдық. Бүгін сіздерге кішкене болса да демалыс сыйлағымыз келеді. Айтыныздаршы құрметті аналар сіздер үйде демаласыздар ма? (Аналар жауаптары)
Біраздан соң осы сұраққа жауап алармыз,бірақ соңғы ақпараттарға сүйенсек аналарымыз, теледидар көріп демалғанды жақсы көреді екен.Жұмысты да, үй тірлігін үлгеріп жатасыздар,оны білеміз.Ал енді балалардан аналарының қандай бағдарламаны көретінін сұрап көрейін.
Балалардың жауаптары: «Милион кімге бұйырады?», «Қалаулым»,
«Жаңалықтар» «Әйел бақыты», «Айтуға оңай», «Астарлы ақиқат»,Қарапайым ханшайым», «Дара жол», «Қызықтаймс»,«Берекелі шаңырақ», «Екі жұлдыз»,
Жүргізуші:Пай-пай , қаншама бағдарлама ?«Балалы үйдің - ұрлығы жатпас» деген осы.Ендеше, біздің балалар сіздерге бағдарламаларды дайындап қойған сияқты.Телеэкран алдына жақындап, күшті көңіл күймен бағдарламаны тамашалауыңызды сұраймыз.
Мирас Сегізінші наурызға,
Сыйлаймыз деп сыйлықты
Анамызға іздедік:
Әтір ме, помада ма, қораптағы кәмпит пе?
Әдемі открытка ма, бәйшешек гүлі ме?
Мүмкін брошка деп шештік?!
Барлық дүкенді араладық,
Сыйлық жоқ қой таң қаларлық.
Хамза Көп ойландық, сыйлықты іздедік,
Айтыңдаршы, қай дүкенді көрмедік?. Иә, иә,иә
Джакузиге ақша жоқ,
Турцияға да билет ала алмадық,
Мерседеске әкем ақша бермеді,
Не сыйлаймыз аналарға біз енді.
Достарыңызбен бөлісу: |