Анафилактикалық



бет1/13
Дата08.08.2023
өлшемі1,93 Mb.
#179761
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
СКОРЫЙ 2022


Неотложка
1 диагноз: Анафилактикалық шок асфиксиялық вариант ІІІ ауырлық дәрежесі ТЖ 2дәр
шағымдары: есі бұлыңғыр жатқан қалыпта шағым айта алмайды

Ауру анамнезі: науқас әйелімен бірге мейрамханада тамақтанып отырған, мандаринді бәліш жегеннен соң кенеттен өзін әлсіз сезініп, басының айнала бастағанын айтып, көгеріп тұншыға бастаған. Шұғыл жедел жәрдем шақырған.

Өмір анамнезі:әйелінің айтуынша: Д бақылауда ЖИА, АГ 2 дәр тұрады. қауып қатер 3. Ұзақ уақыттан бері короним 10мг және тромбопол 75мг 1таб күнделікті қабылдайды. зиянды әдеттері жоқ, тек майлы тағамды көп қолданады, диета сақтамайды, туберкулез вен.ауруларды жоққа шығарады. Операция және травмалар болмаған. Анасында атопиялық дерматит, әкесі инфаркт миокардадан қайтыс болған. Аллергоанамнез:полиноз, грек жаңғағына және әйелінің сөзінше 10 жыл бұрын бір рет цефазолинге аллергиялық реакция болған(бөртпелер болып ісінумен сипатталған) бірақ содан бері дәрігерге қаралмаған.

Обьективті қарау: Науқастың жағдайы ауыр дәрежеде, есі бұлыңғыр(глазго бойынша 13балл), әлсіз. Көз қарашығы қалыпты, жарыққа реакция сақталған. Тері жамылғылары бозарған ылғалды, перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, жүрек тондары тұйық, шумдар жоқ, ЖЖЖ-123рет мин, АҚ-60\40мм сн.бғ, өкпе аускультациясында тынысы қатқыл, сырылдар жоқ, ТАЖ- 26рет мин,экспираторлы енгігу, іші жұмсақ ауырсынусыз, мениншеальды белгілер теріс. Диурез қалыпты. Аяқ-қолдары ісінген

Диагностикалық шаралар: гЛЮКОМЕТРИЯ: 6,0 ммоль\л
Сатурация-88%
ЭКГ: синусты0 ритм, дұрыс, ЖЖЖ 123рет мин, синустық тахикардия және сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

Көмек көрсету алгоритмі:
-Тренделенбург қалпы
-оксигенотерапия(ылғалдандырылған оттегі 6л мин)
-шеткері венаның катетеризациясы(16G)
-шокқа қарсы терапия:
*Sol.Epinephrini 0.18% -0.5ml бұлшықер ішіне санның алдыңғы бөлігіне енгізу әсері жоқ
*Sol.Epiniphrini 0.18% - 1ml+ NaCl 0.9% 9ml к\і струйно бөліп 5мин ішінде. Әсері аздап бар: АҚ 75\40мм сн.б
-Sol.Prednizoloni 90мг + Sol NaCL 0,9 % (20мл)көктамыр ішіне струйно
-200 мл NaCl 0.9% ерітіндісі көктамыр ішіне енгізу
-науқастың АҚ көтеру үшін екінші венасына Sol.Dopamini 400мг +0,9% NaCl ерітіндісімен көктамырға
Антигистаминді терапия:- Супрастин 2% -1,0 мл б\і жағдайы тұрақтана бастаған кезде.
Salbutamoli 3доза ингаляция түрінде әсері бар. бронхообструкция кете бастады.
әр 15мин сайын Науқастың жағдайына мониторинг жүргізу:
АҚ-100\70
Сат:95%
ЧСС-90рет
ЧДД-20рет
-Науқасты шұғыл түрде Тренделенбур яғни аяғын көтерген қалыпта реанимация бөлімшесіне тасымалдаймыз

2диагноз: ӨАТЭ(ТЭЛА) жедел ағымды, ауыр дәрежелі, жоғарғы қауіп



шағымдары:есінен танып қалуына байланысты айта алмайды.

Ауру анамнезі: әйелінің айтуы бойынша тамақ ішуге отырмастан 15 мин алдын жөтеліп қан түкіргендей болған, бірақ мән бермей мейрамханаға келген, столге отырған кезде кеуде тұсының ашып ауырғанын айтқан, және бірден көгеріп есінен танып құлап қалған.

Өмір анамнезі: әйелінің сөзінен: диспансерлік бақылауда АГ 2дәр. қауіп қатер 2. Дәрілік препараттарды мезгілімен қабылдамайды, тек басы қатты ауырғанда тілінің астына каптоприл 12,5 мг қояды. Туберкулез венерологиялық аурулармен ауырмаған, Әкесі жүрек инфарктінен қайтыс болған, Аллергоанамнез: ерекшеліксіз. операция және травмалар: осыдан 1,5 ай бұрын мұзға құлап сол аяқтың асықты жілігінің сынығы болған, гипстік таңғышпен бір ай көлемінде жүрген.

Обьективті қарау:Жалпы қарау кезінде науқастың жағдайы ауыр дәрежеде, есі жоқ, Дене температурасы 36С Тері жамылғылары бозарған, бетінде мойынында және кеуденің жоғарғы бөлімінің айқын цианозы байқалады, Иойын веналары ісінген және аяқтың веналары теріден көтеріңкі орналасқан және сол аяғы ісінген . Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, Тыныс алу жиілігі - 27рет мин, аускультацияда тынысы әлсіреген ылғалды сырылдар естіледі, ЖЖЖ- 115рет мин, Аускультацияда өкпе артериясында 2 тон акценті , систолалық шулар естіледі, Іші жұмсақ, диурезі және нәжісі қалыпты. Менингеальды белгілер теріс.

Диагностикалық іс шаралар:
-Глюкометрия: 5,9ммоль\л
-Сатурация:87%
-ЭКГ: синустық дұрыс ритм, жүректің электрлік осі оңға қарай ығысқан, Р-пульмонале,гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық емес блокадасы

Шұғыл көмек көрсету алгоритмі:
-басын көтерген қалыпқа келтіру қысып тұрған киімдерін босату
-Оксигенотерапия сатурация 90нан төмен болғандықтан : (6\л мин ылғалдандырылған оттегімен)
-Geparini 5000 ЕД болюсті түрде
-Sol.Dopamini 400мг+ 200мл NaCl 0,9%қ ерітіндісімен к\і енгізу
-Науқастың жағдайына мониторинг жүргізу
АҚ-110\70мм сн.бағ
ЖЖЖ-83рет мин
Сат-95%
ТАЖ-20рет мин
-Басын көтерген қалыпта жақын орналасқан жансақтау бөліміне тасымалдау



Тематика
Задача
Доля от общей оценки
100
Индекс подобия
2% (интернет-источники: 0%, другие работы: 2%)
Оценка
90
Апелляция
-

Ответ № 1


1 есеп.
шағымы: науқас жағдайының кенеттен нашарлауына, әлсіздікке, тершеңдікке, денедегі дірілдеуге, көзі бұлыңғырлануына, қысқа уақытқа есінен танып қалуына байланысты жедел жәрдем шақырылды.
ауру анамнезі: жағдайының нашарлауы 25 минут бұрын басталған. экзамен кезінде бойын қорқыныш билеп, сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай қаламын ба деп дірілдеп есінен танып қалған.
өмір анамнезі: науқастың әпкесінің айтуы бойынша туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. зиянды әдеттері жоқ. Аллергиялық анамнез тыныш. Қан құйылулар, операция, травма болмаған. д-есепте тұрмайды. Созылмалы аурулары жоқ.
Тұрмыста емес, жыныстық қатынаста тұрмайды.
Объективті қарағанда: науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Есі - бұлыңғыр. Сұрақтарға қиналып жауап береді. Қалпы мәжбүрлі. дене бітімі - нормостениялық. Тері жамылғысы бозарған, суық тер басқан,ылғалды, таза.Тері тургоры қалыпты. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тыныс алу жүйесі - мұрын арқылы, тынысы - қалыпты, беткей. Кеуде қуысы дұрыс пішінді, симметриялы. Перкуторлы өкпе үстінде айқын тыныс. өкпе Аускультациясында - везикулярлы тыныс сырыл жоқ. ТАЖ - 18. Жүрек шекаралары ұлғаймаған, қалыпты. АҚҚ - 90/60 мм.сын.бағ. ЖЖЖ - 89. Жүрек аускультациясында жүрек тоны айқын, ритмді. Дене температурасы 36,6. Көрінетін шырышты қабаттары ақшыл-қызғылт түсті, ылғалды. Тілі - ақшыл-қызғылт, налетпен жабылмаған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Зәр шығаруы еркін, ауырсынуссыз. Соққылау симптомы екі жағынан да теріс. Эндокринологиялық статус - қалқанша безі ұлғаймаған, ауырсынусыз.
Диагностика:
АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ.
Пульсоксиметрия 96
Термометрия 36,6
Өкпе аускультациясында - везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.
Жүрек аускультациясында - журек тоны айқын, ритмді.
Тыныс алу жиілігі - 18
ЖЖЖ 89 рет/мин
ЭКГ: ритм синусты, ырғақты. ЖЖЖ 89 рет/мин. Ошақты өзгерістер жоқ.
Диагноз: Синкопальды жағдай. Нейрогенді талма. Эмоциональды стресспен шақырылған.
Алғашқы көмек:
медикаментозды емес ем: 1.науқасты горизантальды күйде жатқызамыз. Аяқты 30-45 бұрышта көтеріп жатқызамыз.
2.Еркін тыныс алуды қамтамасыз етеміз, қысып тұрған киімді, жағасын, белін шешіп, бөлмеге таза ауаның келуін қамтамасыз етеміз. Науқас тар жерде болса кең, желдетілген бөлмеге шығарамыз.
3. Бетін суық сумен бүркеп, суртеміз.
Медикаментозды ем:
нашатыр спиртын - жоғарғы тыныс жолын тітіркендірту үшін иіскетеміз.
ұзақ уақытқа естен танса - 1% Mesatoni (Мезатон) ерітіндісін 1 ml тері астына енгіземіз.
Tab. Extr. Valerianae obductae 0,02 N50 2 таб
Есі қалпына келгеннен соң, науқас өзін жақсы сезінген соң , науқасты жылы жерге апарып, тыныштандырамыз.
Көрсетілген шұғыл көмектен нәтиже болмаса, реанимация немесе қарқынды терапия бөлімшесіне траспортировкалаймыз.

2 есеп.


шағымы: науқас дірілдеп, жүрегінің қатты соғуына, бас айналуы, қорқыныш сезімі болып,қарын ашқандай сезімге, тершеңдікке, жағдайының нашарлап ,әлсіздік байқалып, тырысулар(судороги)болып, кенеттен есінен танып қалды. Группаластары жедел жәрдем шақырды.
Ауру анамнезі: науқас 3 күннен бері, экзамен алдындағы қорқыныш және қобалжуға байланысты тамақты дұрыс ішпеген және дұрыс ұйқтамаған.
Өмір анамнезі: туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. Зиянды әдеті жоқ. Операциялар, қан құйылулар, травма болмаған. Тұрмыста емес. Баласы жоқ. Д-есепте ешқандай аурумен тұрмайды.Аллергиялық анамнез тыныш.

Объективті қарағанда: науқастың жалпы жағдайы ауыр дәрежеде. Есі - жоқ, қоршаған ортаға реакциясы жоқ. Қалпы - мәжбүрлі. Тері жамылғысы - бозарған, салқын, ылғалды. Тершеңдігі жоғары. Көз қарашығы ұлғайған, жарыққа реакциясы. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Бұлшық ет тонусы қалыпты. Тынысы - беткей, ТАЖ - 20. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек шекаралары ұлғаймаған, қалыпты. Жүрек тоны айқын. ЖЖЖ 90рет/мин. АҚҚ 130/90. Тілі - ақшыл-қызғылт. Дене температурасы 36,3. Көрінетін шырышты қабаты ылғалды. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Эндокринологиялық статус - қалқанша без ұлғаймаған.


Диагностика: қанды гюкозаға тексереміз - 2,7
АҚҚ 130/90 мм.сын.бағ.
Пульсоксиметрия 96
Термометрия - 36,6
ЖЖЖ 90рет.мин
ТАЖ 20рет.мин
ЭКГ: ритмі өзгерген. Ошақты өзгерістер жоқ.
Диагноз: Гипогликемиялық кома
Алғашқы көмек:
1. науқасты қырымен жатқызып, ауыз қуысын ас қалдықтарынан тазартып, тыныс жолын ашамыз. Естен танып жатқан кезде ауыз қуысына тәтті ерітінділер құюға болмайды, асфиксия қаупі бар.
2. Dextrose 40% - 0.2 ml/kg комадан шыққанша жіберемін.
3. Есін жинаған соң аузына тезсіңірілетін көмірсу - сахар береміз.
4. егер есі әлі де бұзылып тұрса Sol. Glucosae 40% - 50ml көктамырға струйно стационарға жеткенше жолда жіберемін.
5. есі жоқ, судороги басуға - 25% магний сульфатын 5-10мл бұлшықетке енгіземіз.
5. науқасты горизантальды бағытта зембілмен интенсивті терапия және реанимация бөлімшесіне траспортировкалаймыз.
Тематика Задача
Доля от общей оценки 100
Индекс подобия 7% (интернет-источники: 7%, другие работы: 0%)
Оценка 88
Апелляция -
Итоговая оценка: 88 %

болуы мүмкін 1-і диагноз: Жүректік кенет өлім. Оң алақанның 1 дәрежелі электрлік күйігі
Шағымдары: есінің болмауына байланысты шағым айта алмайды.
Ауру анамнезі: жұмыскерлердің айтуынша тоқ өткізгіш құралдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын сақтамаған,тоқ ажыратқышты сөндірмеген; электр тоғын ұстау кезінде тоқ ұрып, сатыдан құлап, есінен танып қалған.Жұмыскерлер ажыратқышты сөндіріп, науқасты басқа бөлмеге апарып, арқасымен жатқызған.
Өмір анамнезін сұрастыру науқастың ес - түссіз болуына байланысты мүмкін емес
Қарау кезінде: науқасты жалпы жағдайы өте ауыр, есі жоқ,қарашықтары дұрыс формалы, жарыққа рекциясы жоқ, мидриаз. Тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, акроцианоз байқалады, оң жақ алақанының қызаруы, ісінуі.Жүрек қан тамыр жүйесі:ұйқы артерияларында пульс жоқ.Тыныс алу жүйесі: тынысы жоқ.Клиникалық өлім белгілері анықталды.Жүрек өкпе реанимациясы басталды, бастау уақыты 15:00
Жедел көмек алгоритмі Америка кардиологтарының ассоциациясының 2020 жылғы стандарты бойынша:
1. науқас орналасқан жердің қауіпсіздігіне көз жеткізу.Қатты, тегіс жерге жатқызу
2. Науқастың қысып тұрған киімдерін босатып, аяғын 40 градусқа жоғары көтеру
3. Дефибрилятор дайын емес. С-А-В жүйесі бойынша
С- жүректің тікелей емес массажына күрісу. тенер мен гипотенерді емізік аралық сызықтың ортасына орналастырып 5-6 см тереңдікте, минутына 100-120 соққы жиілігемен, шынтағымызды жазған, қолымызды перпендикулярлы калыпта, "кұлып" күйінде қоя отырып компрессиия жасаймыз
А- жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.(Сафар үштігін орындау, басын бүйірене бұрып, салфеткамен ауызын тазалау)
В- амбу қапшығы арлы 2 жасанды тыныс беру,кеуде торының экскурсиясын бақылап отыру.5 цикл ЖӨР жүргізу. "стоп-талдау" Нәтижесіз
4. Дефибрилятор экранында- қарыншалар фибриляциясы бифазды дефибрилятормен 200 разряд беру 
5. мониторда ҚФ сақталады
5. САВ жүйесі бойында 5 цикл ЖӨР-"стоп-талдау"- Нәтижесіз. 
6. мониторда жүрек ырғағын тексереміз: ҚФ сақталған 2-разряд 300 джоульмен.
ЖӨР 5 цикл және "стоп-талдау" 
Вена катетрлеу. медикаментозды ем Sol Epinefrini 0.1% 1.0 ml+ Sol Natrii chloridi 0.9% 9 ml көктамырға әр 3-5 минут сайын. ЭИТ 200джоульмен. 
Нәтижесіз болған жағдайда
Sol Amiodaroni 300 mg+ sol Glucosae 5% 20ml
ЖӨР 5 цикл Нәтижелі
Монитор бақылау: Науқас өздігінен тыныс ала бастады, ұйқы артериясында пульс пайда болды, қарашықтың жарыққа реакциясы пайда болды.Алақанындағы күйік орнын өңдеп, стерильді бинт кою. Науқасты жақын орналасқан ОАРИТ-ке Рикавери қалпында тасымалдаймыз. Мониторинг жүргізе отырып.

Болуы мүмкін 2 диагноз: 1 типті қант диабеті. гипогликемиялық кома


Шағымдары. жағдайының ауырлығына, есінің болмайына айта алмайды
Ауру анамнезі: Жолдастарының айтуынша Қант диабетімен ауырады және 20 мин бұрын инсулин қабылдағанын байқаған 
Қарау кезінде. Жағдайы ауыр ауырлық дәрежеде. Ес түссіз. глазго шкаласы бойынша 4 балл(көзін ауырсынуға ашады, ауызша жауап жоұ, қозғалыс реакциясы жоқ). Қарашығы кеңейген. Терісі бозарған, ылғалды. кеуде торы экскурсиясы қалыпты, тынысы беткей, минутына 27 рет, аускультацияда везикулярлы тыныс.перифериялық ісінулер жоқ.Жүрек тондары тұйықталған, шулар жоқ.ЖЖЖ 92 рет минутына.Іші жұмсақ бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған.
Диагностикалық шаралар:
Глюкометрия-1,8 ммоль/л
Сатурация 95 пайыз
ЭКГ: синусты тахикардия, ЧСС 92 рет, ЖЭО қалыпты
Жедел медициналық көмек:
перифериялық көктамыр катетеризациясы, Sol Glucosae 40% 60 ml струйно
Жасалған терапия нәтижесінде
есі глазго шкаласы бойынша 13 балл 
пульоксиметрия 97 пайыз
АҚ 110/70 мм сн бағ ЖЖЖ 88 рет минутына 
ТАЖ 19 рет минутына
Глюкометрия 4,7 ммоль/л
Науқасың айтуынша, аталған жағдай бірінші рет инсулин дозасын қабылдаған тағамға дұрыс есептемеу нәтижесінде орын алған.
Стационарға терапиялық бөлімшеге госпитализациялау. Тасымалдау барысында гемодинамикасын бақылап отыру.
Тематика
Задача
Доля от общей оценки
100
Индекс подобия
13% (интернет-источники: 2%, другие работы: 11%)
Оценка
90
Апелляция



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет