Аналар – асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздың 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
Нұрасыл:Ақ сүт беріп өсірген
Ақ бесікке бөлеген .
Анашым менің аяулым
Құтты болсын мерекең .
Динара: Ананың тілін аламыз
Тәртіпті бала боламыз .
Бүгінгі мерекеңмен ,
Құттықтап ән саламыз .
Абдулла : Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар .
Зор денсаулық , мол бақыт ,
Тілейміз біз балалар .
Жанерке : Құттықтаймын сені ана
Қуанышты тойыңмен.
Сен қуансаң қуанамын ,
Шаттығыңмен нәр аламын .
Бексұлтан : Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Рамазан : Ана - мақтан , ана - жыр ,
Ана - бақыт , жан ашыр .
Ерлан : Шаттандырған мені
Жұбанышым сен .
Құттықтаймын сені ,
Мереке күніңмен .
Жүргізуші : Ұл - қыздарымыздың вальс биін тамашалаңыздар .
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Әже туралы тақпақтар:
Сезім: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Аруна : Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар ...
Қалтасына кәмпит сап ,
Немереге апарар .
Нұрасыл : Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Күнсұлу : Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Асхат : Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Ералы : Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған тақпақтарын қабыл ал.
Тақпақтар:
Абдулла : Балалар - ау , балалар !
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.
Нұралы : Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің -
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Елнұр : Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ән: «Ақ мамам»
Би : Қыздардың қазақша биі .
Жүргізуші : I Кіші топтың тақпақтарын тыңдаңыздар .
Ойын : Қыздарға гүл ұсыну .
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Айдос : Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Нұралы : Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Аруна : Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған .
Күн секілді күледі ,
Сипап ылғи басымнан .
Ә . Бақдаулет :
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын .
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын .
Сабина : Ана - өмір шырағы
Ана - өмір бұлағы .
Бесігімнің жыр әні ,
Жүрегімде тұрады .
Т. Бақдаулет : Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен .
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен .
Серік : Ақыл құйған санама
Күннен де артық , расында .
Күн алыста , ал анам ,
Ылғи менің жанымда .
Жүргізуші : I Кіші топтың билерін тамашалаңыздар .
Ойын «Кір жуу» ойыны
Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
Жүргізуші : Бақдаулет пен Ерланның орындауында "Анашым" әні .
Би : Ұлдардың биі .
Жүргізуші : Бүлдіршіндердің орындауында ән «Қошақаным»
Ал енді балаларымыздың аналарына арнап өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар .
Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Айгөлек» бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Қарлығаш» және "Балдырған" тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!
Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Достарыңызбен бөлісу: |