Анашым
Ардақтым да, аяулым да анашым,
Аялайтын мейіріммен баласын.
Мен өзіңді мақтан тұтып, баршаға
Жар саламын, күллі әлем, баршаңа.
Әжеме
Асыл әжем, ақ әжем
Бар байлығым, бақ әжем.
Әжемді жақсы көремін,
Сөзіндей сөзі төренің
Әжем бар деп мақтанам,
Жаныңда жүрсем шаттанам.
Өсірген бала кезімнен
Аялаған, баптаған.
Бір өзіңе арналар
Осы өлеңім жаттаған.
Дәрігер
Аурулармен күрескен,
Ақыл берген кеңессең,
Кәрілерге әрқашан
Келіп көмек беріскен.
Ақ халаты үстінде
Емдеп бәрін дәрігер.
Тынбайды ол ешқашан
Жетпей жатып жеңіске.
Жаңа жыл
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жыл жырласын
Ит жылы құт әкеп,
Тауық жылы зуласын.
Тойлайық бәріміз
Жаңа жыл, жыл басын.
Ана
Дүниеде ең жылы сөз «Ана» деген
Көкірегінен нұр жауған дана екен
Анашым, дүниеде саған кім жететін
Азаматпын мен де есейіп ер жететін
Балаңмын сені сүйетін
Қиналсаң бірге күйетін
Қуансаң бірге күлетін
Мәңгілік қорғап жүретін.
Сүт бергенсің төсіңнен
Мәпелеп бағып өсірген
Қалдырмаймын сені жалғыз
Айтарым саған көп алғыс.
Абзал анам
Қасиетті, абзал анам
«Құлыным» деп аялаған
Түн ұйқысын төрт бөлсе де
Ақ сүтін де аямаған.
Бар тілеуім бақыт саған,
Ұзақ өмір көп жасаған
Езуіңнен күлкі кетпей,
Аман болшы, абзал анам.
Туған жерім-Зайсаным
Туған жерім – Зайсаным,
Кркейіп келе жатыр жаңа ғана.
Дарынды аға-апа туып өскен,
Қасиетті жерімімсің, байтақ дала.
Туған жерім ыстық маған әрқашан,
Байтақ далам, өзен-көлім, көк аспан.
Жылдан-жылға жете берші құлпырып,
Туған жерім, ұлылармен бағы асқан.
Сүйікті досым
Сүйікті досым Шұғыла,
Кезің жоқ көңіл қалдырған
Мен мектепке барғасын,
Сағынып сенімен қауышам
Әр айсайын өзіңмен,
Сағынышпен кезігем
Оқып өлең ертегі
Бір қуаныш сезінем
Домбыра
Бұл аспап келе жатыр сан ғасырдан,
Әрлі әуен төгіледі шанағынан.
Қазағым «Баға жетпес асылым» дер,
Біз білмейтін көп сыр бар ашылмаған.
Пернеге толы аққудай мойының бар,
Керіліп қос ішегің қылдай болар.
Қос ішекті тіреген асыл тиек,
Өрнектелген жаңғырық шанағың бар.
Келтіріп екі құлақ әр әуенге,
Болмысымды жырлай бер мәңгілікке.
Құдіретіңмен тамсантып бар әлемді,
Іліне бер әрқашан сен төріме.
Туған жер
Туған елім, туған жерім,
Сыйлаймын мен өзіңді.
Күндерімнің бәрі керім,
Сенде аштым көзімді
Сенен ғана үйренемін,
Жақсы көру сезімді...
Апама
Апам ыдыс жуады,
Мінезі оның биязы.
Ол бар кезде қашан да,
Жайнап тұрар жиһазы.
Көңілімді ашады,
Шұғыласын шашады
Үйімізде Күн күліп.
Қазақстан
Айбыны асқақ бағы асқан,
Тәуелсіз елім, Қазақстан.
Тәңірі қолдап бата алған ,
Жаса елім-Қазақстан.
Елордасы Астанадай қаласы,
Құлпырған ғажап даласы.
25 жылды атқарған,
Гүлдене бер, Қазақстан.
Ата-әжеме
Көрмей қалсам сағынам,
Атам менен әжемді.
Ақыл айтқан көздеріңді,
Елестетсем сағынам.
Баға жетпес сөздеріңді,
Ойлап кетсем сағынам.
Мағжанға арнау
Сыршылдығы халқына әділ болған,
Қазақы болмысында ел таныған,
«Мен жастарға сенемін» өлеңінде
Ұрпағына өсиет қып қалдырған.
Қазақтың қазақ атын ту қып ұстап,
«Алаш, алаш» деп атқа қонған.
Арыстандай шүйіліп қаһарланып
Жолбарыстай елі үшін қайраттанған.
Өн бойында өнердің сан-саласы,
Үлгі алар қазағымның әр баласы
Сыршыл, батыл жасушының,
Тұнып тұр, даналыққа ой-санасы.
Күз
Сары ала күз құлпырған,
Күн жарқырап нұр тұнған.
Шуағымен масайрап,
Көз алдымда сыр тұнған.
Құстар ұшып сап түзеп,
Қиқу әнге салады.
Қандай әсем қоңыр күз,
Жадымда мүлгіп қалады.
Көктемде
Дархан далам,
Жыл құсың кеп сайраған,
Кең далам,
Әсем түске гүліменен боялған.
Осыншалық жыл құсың кеп жаттқанда,
Ыңылдамай қалай ғана тұра алам,
Осыншалық құшақ жетпес гүлдерге,
Құшағымды қалай ғана жия алам?
Күз
Күз келді мінекей,
Сарғайды жапырақ.
Күн нұры солғындау,
Көңілсіз
Бау-бақша толып тұр,
Жайқалған жеміске.
Адамдар атауы.
Бәрі де егісте.
Бау-бақша
Бау-бақшаңда бұлбұлдарың ән салған
Күз айларын қуаныш пен қарсы алам.
Туған жерім, Зайсаным-ұлы анам,
Көктем сайын асып-тасып тулаған.
Сол тулаған, толқын атқан суыңнан,
Бір жұтынсам, қуат алам нәр алам
Бақыт таңын өзіңменен қарсы алам.
Қуанамын мен енді
Әке жолын жалғадым.
Ақылында боғаным,
Маған серпін берген соң,
Орындалды арманым.
Келді дереу мақтанғым,
Келді дереу шаттанғым.
Бес «бес» алдым, мінекей.
Бес алу менің арманым.
Сағындым Зайсанның көлін
Сағындым Зайсан көлін,
Сенде ме, өмірдің өзегі?!
Жүрсемде жақында, алыста,
Қиялым бойында кезеді....
Күн шыға жағалап келемін,
Толқыныңа баяулап еремін.
Күн сүйген көбікті төсіңнен.
Күмістей сәулені көремін.
Күнге сен қойныңды ашасың,
Еркелеп еркіндеп жатасың,
Қадалған маған сен әуілмен,
Көбікті бетіме шашасың.
Айыртау ауылым
Айыртау көрінісіңе қараймын,
Туған жерім Зайсаныма балаймын.
Бақыт пен шаттықты өзіңнен,
Іздеймін, табамын.
Айыртау биіксің, шынарсың,
Басыңнан мәңгілік бұлт кетпей,
Жауынды жауғызып тұрасың.
Етегі жусан мен аршаға,
Басында бұлт пенен тұманда,
Жан-жағы бұғы мен маралы
Айнадай жарқырап Сартымбет.
Көлің бар көсілген жағаңда.
Ұстазыма
Мол мейірімін төгеді,
Бар баланы баласындай көреді.
Өзі басшы, өзі ұстаз, өзі ана,
Сіздей адам болмақ, шіркін, өрелі!
Ұстаз мейірі керек бізге қашанда,
Аман жүрші, арамызда жадырап,
Аямаған білім менен өнерді,
Ақылшы боп, ана боп....
Білім күні
Асыққан жүрегім,
Қуанышқа толып тұр,
Алақайлап балалар,
Мектебіне келіп тұр.
Ұстаз үнін асыға,
Сағынышпен оралған.
Талай бала қуана,
Алып ұшып ой сала.
Біз бақытты баламыз
Біз бақытты баламыз,
Өсіп ой санамыз.
Басталады мектептен,
Жақындап достық арамыз.
Тай-құлындай ойнақтап.
Биіктерге самғаймыз,
Армандаймыз талмаймыз.
Сыйластықты жалғаймыз.