Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!



Дата12.01.2022
өлшемі17,1 Kb.
#129269
Байланысты:
жаңа жыл тәрбие сагат

Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру. ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын! Жаңа жыл, жаңа жыл Жаңа жылда жаңа нұр Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр. Жасыл шырша жанында Қол ұстасып тұрайық Өлең айтып, би билеп Мерекені тойлайық.

Алғашқы құттықтау сөз Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары – Нүркекшова Тойыш апай ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп! Тауық жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.

Хор: «Шырша жыры». (Аппақ-аппақ, жапалақтап) Тауық: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім. Жасампаз заман, бұл заман Бүгіннен ертең ғаламат Алдыңғы сапта боларсың Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді) БАЛАЛАР: Сау болыңыз! Жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам, Ақ дастарқан жапқандай Халық біткен қарбалап Қонақ күтіп жатқандай Көңілде көп қуаныш Әр көңілде - жақсылық Кетер жылға мың алғыс Әкелген көп жақсылық.

Тақпақтар:

1. Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Ит жылы да кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт!

2. Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық, Жаса, жаса достық бірлік туыстық. Құттықтайық жаңа жылды өнермен, Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

3. Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Жүргізуші: - Ал, балалар Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды... Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, қәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық! БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! (Музыка ойналады) ( Аяз ата мен Ақша қар келеді) Аяз ата:: Амансыңдар ма, ұлдарым? Амансыңдар ма, Қыздарым? Қандай жарқын жүздерің Қандай әсем жырларың Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан Керемет бір ән тыңдап Келіп тұр аз дем алғым. Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды!

Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді! ХОР: «Шырша әні»

Тақпақтар:

4. Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып. 7. Аралайды бақшаны Үзілмейді жақсы әні Гүлденеді бақшалар Жауса, жаусын Ақшақар!

Би: сынып оқушылары ЖҮРГІЗУШІ: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Ит жылы да кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты болсын! ЖАҢА ЖЫЛ: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық, Жаса, жаса достық бірлік туыстық. Құттықтайық жаңа жылды өнермен, Қуаныштың әр минуты тым ыстық. ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!

Тақпақтар:

5. Той, мереке, салтанат Думандатты шартарап Келді, міне жаңа жыл Тартуларын арқалап.

6. Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

7. Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

ЖҮРГІЗУШІ - Ал енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымыз ата - аналармен бір ойын ойнап жіберейік! Ойын шарты: «Кім жылдам?» ойыны

Ән: Сынып оқушылары АЯЗ АТА: Ал жақсы балаларым, бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр.... Балалар: Жаңа жыл! Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты Білсең атын тез ата,

Келеді бізге.... Балалар: Аязата! Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі...... Балалар: Әдемі! Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын - күлкі таралсын Құтты болсын..... Балалар: Жаңа жыл!

Қорытындылау.

Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,



Шаттықтың шарайнасы бола білгін! –– дей отырып бүгінгі шырша тойымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет