Орындаған: Мамут Зафура Шудабайқызы



бет1/2
Дата17.05.2020
өлшемі33,31 Kb.
#69110
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
9-прак. саб, сөзж


Орындаған: Мамут Зафура Шудабайқызы

№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Мағына тәсілі арқылы заттық атаулардың жасалуы

1-жаттығу. Мәтіндегі есімдіктерді түрлеріне ажыратып, қосымшасын атаңыздар.

Қанша күннен бері соңында үн-түнсіз жортып отыратын жігіттердің арғы жағындағы ойын біле алмай дал. Обалына не керек, әйтеуір, қанша қиындық көрсе де, әлі бір қыңқылдап, қабақ шытқан жоқ (Ә.Н.). Қалау бұл жолы да басын көтермей, тек астынан күңкілдеп бірдеңе деді де, үні өшті (Ә.Н.). Болыс ағасы өлгелі бұрынғы мінезінің бәрі қалды. Ағасының кегін қуған жігіт бір топ солдатты бастап кеп, тал түсте, толы халықтың көзінше Кәленнің қатын-баласын байлап әкетті. Онан кейін де балықшылар ауылымен ашық тартысқа түсіп, Кәленді ұстатып, өзіне қарсы келгеннің бәрін құртты (Ә.Н.).

1.Қанша күннен бері соңында үн-түнсіз жортып отыратын жігіттердің арғы жағындағы ойын біле алмай дал. Обалына не керек, әйтеуір, қанша қиындық көрсе де, әлі бір қыңқылдап, қабақ шытқан жоқ (Ә.Н.).
Қанша- сұрау есімдігі
2.Қалау бұл жолы да басын көтермей, тек астынан күңкілдеп бірдеңе деді де, үні өшті (Ә.Н.).
Бұл- сілтеу есімдігі
3.Болыс ағасы өлгелі бұрынғы мінезінің бәрі қалды. Ағасының кегін қуған жігіт бір топ солдатты бастап кеп, тал түсте, толы халықтың көзінше Кәленнің қатын-баласын байлап әкетті. Онан кейін де балықшылар ауылымен ашық тартысқа түсіп, Кәленді ұстатып, өзіне қарсы келгеннің бәрін құртты (Ә.Н.).
Бәрі – жалпылау есімдігі
2-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін тауып, мағынасындағы, түрленуіндегі ерекшеліктерді байқаңыздар.

Ол Біржан ауылында бұдан бұрын да талай рет болған-ды. Бұл сапар ол тағы да Шорман әулетінің қуғын-сүргінінен қашып, Көкше жақта сағалап, Біржанға кеп ат басын тіреген (И.Ж.). Сен бұл әнді Сегіз серінің өзінен бір-ақ рет тыңдадың (И.Ж.). Мен “Ол бекер” дегендей енжар көңілмен басымды шайқадым (И.Ж.). Олар көбінесе Күреңді ерттелген күйінде Үйтастың ішінде өздерімен бірге сақайтын (К.О.). Менен кейін басқалар әзер шыдап жүр екен, іліп әкетті (З.Ш.). Менің адал серігім болды, бәрі де менің тәрбиемді көрді (З.Ш.).

Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М.Ә.). Сырт киімін Абай өзі шешіп еді (М.Ә.). Бар жолдастарымен қонақ етіп, құрбыдай күтті (М.Ә.). Өзің осы жолы сыншы болып қайтыпсың. Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды. Барлығының аузында бір жаңалық. Бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес (М.Ә.). Қырдағы өөзіміздің шаруаны емде (Х.Е.).
1.Ол Біржан ауылында бұдан бұрын да талай рет болған-ды. Бұл сапар ол тағы да Шорман әулетінің қуғын-сүргінінен қашып, Көкше жақта сағалап, Біржанға кеп ат басын тіреген (И.Ж.).
Ол – бөгде кісі деген ұғымды білдіреді.
2. Сен бұл әнді Сегіз серінің өзінен бір-ақ рет тыңдадың (И.Ж.).
Сен- тыңдаушы ұғымын білдіреді.
3. Мен “Ол бекер” дегендей енжар көңілмен басымды шайқадым (И.Ж.).
Мен- сөйлеуші ұғымын білдіреді.
4. Олар көбінесе Күреңді ерттелген күйінде Үйтастың ішінде өздерімен бірге сақайтын (К.О.).
Олар – жіктеу есімдігінің көпше түрі, бөгде кісі ұғымын білдіреді.
5. Менен кейін басқалар әзер шыдап жүр екен, іліп әкетті (З.Ш.).
Менен-жекеше түрде жіктеу есімдігінің семтелуі, шығыс септігі.
6. Менің адал серігім болды, бәрі де менің тәрбиемді көрді (З.Ш.).
Менің – жекеше түрде жіктеу есімдігінің септелуі, ілік септігі.
7. Одан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М.Ә.).
Одан- жекеше түрде жіктеу есімдігінің септелуі, шығыс септігі.
3-жаттығу. Сұрау есімдіктеріне мысал келтіріп, сөйлем құраңыздар.
Ойбай, балаларды әкеткелі жатыр.
- Солдат қаптап кетіпті.
- Қайда бұл, түге, осы елдің еркегі?
- Жүр, не тұрыс бар? Көріп алайық, көрейік!
- Қайда осының болысы, старшыны қайда, түге?!
- Осы ер - азамат қайда? Атына неге мінбейді?
Бұл жерде сұрау есімдіктері: қайда, неге,...

5-жаттығу. Үзінділерден есімдіктердің сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықтаңыздар.

Бөжей маған қақпан құрғанын қойсын! Біреудің сыртын бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын болса, атқан оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі керді тап өзі көреді! Өз басы көреді! Ара ағайын сен емессің. Саған сынататын сөзім емес. Бар, айт осынымды! (М.Ә.). Осыдан бірер сағат бұрын менің тереземнің алдынан өтіп кетті. Мына жау жағадан алып жатқан кезде ол бізбен құда болу үшін келген жоқ. Өзің айтқан папаңды қаладан шығарып әкетуің керек. Міне, сені сол үшін шақырттым. Бәкеңнің өзі қай жерде, кімнің үйінде қазір? – деп сұрады, Әбдірахман Шамшильден (Х.Е.).
1. Бөжей маған қақпан құрғанын қойсын! Біреудің сыртын бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын болса, атқан оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі керді тап өзі көреді! Өз басы көреді! Ара ағайын сен емессің. Саған сынататын сөзім емес. Бар, айт осынымды! (М.Ә.).
Сабақтас құрмалас сөйлем, маған-толықтауыш, қашан- пысықтауыш, өз- бастауыш, саған- толықтауыш, сен-бастауыш.
2.Осыдан бірер сағат бұрын менің тереземнің алдынан өтіп кетті. Мына жау жағадан алып жатқан кезде ол бізбен құда болу үшін келген жоқ. Өзің айтқан папаңды қаладан шығарып әкетуің керек. Міне, сені сол үшін шақырттым. Бәкеңнің өзі қай жерде, кімнің үйінде қазір? – деп сұрады, Әбдірахман Шамшильден (Х.Е.).

Менің-анықтауыш, мына-пысықтауыш, өзің-анықтауыш, сені-пысықтауыш.


6-жаттығу. Шығыс септік жалғаулары арқылы қалыптасқан топтау сан есімдеріне мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрап жазыңыз.
Топтау сан есім – заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді.
Топтау сан есімі бар тақпақтар:
1) Қызықты той тойладық ретімен,
Көп болды ілгеніміз бұл жетіден
Айлы кеш алтыбақан аясында
Ән салдық тербетіліп екі-екіден.
2) – Жеті екіден 
Екі екіні алса,
Қанша қалады?
–Жеті екіден 
Екі екіні алса,
Он сан қалады.
Топтау сан есімі бар мақал:"Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар".

7-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден есімдіктерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Сөзімді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар (М.Жұмабаев)

Барар жері алыс, бірнеше мың километр, оның бірнеше жүзін атпен жүру керек (Ғ.Мұстафин). Екі кемпір, қос ана топтың ортасында құшақтасқан күйі тұр. Бұл екеуін ажыратуға ешкімнің дәті шыдамас (С.Бақбергенов). Құнанбай босаңсыған пішіндердің барлығына жалғыз көзін оқтай қадап, атып жібергендей қарайды (М.Әуезов).
1.Сөзімді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар (М.Жұмабаев)


Бір+еу=белгісіздік есімдігі
2. Барар жері алыс, бірнеше мың километр, оның бірнеше жүзін атпен жүру керек (Ғ.Мұстафин).
Бір+неше=белгісіздік есімдігі
3. Екі кемпір, қос ана топтың ортасында құшақтасқан күйі тұр. Бұл екеуін ажыратуға ешкімнің дәті шыдамас (С.Бақбергенов).
Еш+кім+нің=болымсыздық есімдігі, ілік септігінде септеліп тұр.

8-жаттығу. Сөйлемдердегі өз есімдігінің құрылымына талдау жасаңыз және тәуелдік жалғауының осы тұстағы негізгі қызметін түсіндіріңіз.

Өз балаң - өскенше, немерең - өлгенше (мақал). Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Қажының өз басына тағар титтей кінәсі жоқ, қайта өзін көп қарыздар сезінеді. Өзің әдейі шақырып келтіре алмайтын сыйлы ауылдың баласы екенсің. Мұны білгенде өздерімен бірге қарулы жасақ алып шығу керек екен (Қ.Жұмаділов).

Өздік есімдігінің тәуелденуі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет