Жоспар: Дәйексөзбен жұмыс



Дата05.09.2020
өлшемі13,65 Kb.
#77088
Байланысты:
25.04.20 өзін өзі тану


Күні: 25.04.20

Топ:32

Тақырыбы: Қиянат жасамау күштілердің қаруы

Жоспар:

1.Дәйексөзбен жұмыс

2.Бейнероликпен жұмыс

3.Қыш құмыра аңызы.

4. Үй тапсырмасы
Тапсырмалар:


  1. Берілген дәйексөзді талдаңыз.

Қиянат жасамау-ақиқатпен өмір сүру, мінез-құлық және тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс. Рақымдылық, мейірбандық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар- жүрек ісі. Асықтық та жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды .

Абай Құнанбаев.



  1. Бейнероликті көріп, өз пікіріңізді білдіріңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=fYF25LXyReY қиянат пен аманат бейнеролигін көріп, қасқыр мен мен адамның әретін талдаңыз. Шын мәнінде аңшының әрекеті дұрыс па бұрыс па? Бейнероликте түсініспеушілік болды ма? Аңшы қандай әрекет арқылы өз кінәсін өтей алады? Жалпы аңшының мақсаты не?
3.Қыш құмыра аңызын оқып, қандай ойға келдіңіз сол жайлы жазып өтіңіз.

Ертеде бір әйел болған екен. Ол үнемі үйіне екі құмырасымен өзеннен су таситын. Бірақ құмыраның бірі сәл сынық болған екен. Өзеннен алынған су жаңағы сынық құмырадан төгіліп, ол үйіне тек бір жарым құмыра сумен оралатын. Бүтін құмыра өзінің жұмысына риза болып, үнемі мақтанады. Ал сынығы бар құмыра өзінің кемшілігінен қатты ұялып, мұңаяды. Сонда әйел:



Сен өзіңнің жолыңда өсіп тұрған әдемі гүлдерді көрдің бе?-дейді. Мен сенің осы кемшілігіңді біліп жолыңа гүлдердің дәнін сеуіп қойдым. Сен жол бойына аққан сумен соларды күнде суарасың. Сенің арқаңда менің үйім керемет гүлдерге толуда. Егер сен болмасаң, олар да болмас еді. Әркімнің де өз кемшіліктері болады. Біз барлығын кемшілігімен, артықшылығымен бірге қабылдауымыз, сүюіміз керек. Сонда ғана біз рухани тұрғыда байи түсеміз депті.

4.Үй тапсырмасы.

Қиянат жасамау тақырыбында бір өсиет әңгіме немесе бейнеролик ұсыныңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет