№4 тапсырма: Есімдік. Етістік. 12-апта Сұрақнама



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата14.04.2022
өлшемі192,42 Kb.
#139265
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
қазақ тілі нед тап



№ 4 тапсырма:
Есімдік. Етістік. 
12-апта
Сұрақнама: 
1. Есімдіктің мағынасынаа қарай бӛлінуі. 
2. Салт етістік пен сабақты етістіктің ӛзіндік ерекшеліктері. 
3. Етістіктің рай және шақ категориялары. 
4.
 
Етістің, есімше және кӛсемшенің айырмашылықтары. 
Тапсырмалар: 
1-тапсырма

Мәтіндегі 
есімдіктерді 
түрлеріне 
ажыратып, 
қосымшасын атаңыздар. 
Қанша күннен бері соңында үн-түнсіз жортып отыратын жігіттердің арғы 
жағындағы ойын біле алмай дал. Обалына не керек, әйтеуір, қанша қиындық 
кӛрсе де, әлі бірі қыңқылдап қабақ шытқан жоқ (Ә.Н.). Қалау бұл жолы да 
басын кӛтермей, тек астынан күңкілдеп бірдеңе деді де, үні ӛшті (Ә.Н.). 
Болыс ағасы ӛлгелі бұрынғы мінезінің бәрі қалды. Ағасының кегін қуған 
жігіт бір топ солдатты бастап кеп, тал түсте, толы халықтың кӛзінше 
Кәленнің қатын-баласын байлап әкетті. Онан кейін де балықшылар 
ауылымен ашық тартысқа түсіп, Кәленді ұстатып, ӛзіне қарсы келгеннің 
бәрін құртты (Ә.Н.).
2-тапсырма
. Етістіктерді тауып, мағыналық, морфологиялық белгісін 
көрсетіңіздер. 
Кӛпей екі нәрсені анық түйіп еді. Мұның байлығы базарда екені рас, осы 
бір тақыр күздікке қызығып келген жоқ. Екінші, осы аз жерді қимаған, 
қиқарлық жасаған жұрт кӛбінен айрылады. Игілік азды беріп, кӛпті арашалап 
қалайын деп жүр. Осыған сенді де:
– Әйтеуір, ӛз қолың таза болатын болса, Жұманның қатын-баласы егес-
ерегісті ӛршітпеу жағында болар, – деп, Кӛпей түрегелді. Әр кездегі 
әдетінше, Игілік бұл жо-лы да жаңа бірдеме айтқандай кӛрінді. Әсіресе, 
алыстан қарғыта салуды керек ететін қауіп барын күйзеліп айтқандай болды. 
Осымен сонау жайлаудан дүрліктіріп кӛ-шірген үлкен бір дүрбелең оңай 
тарқайтын белгісін бергендей, екі жағы да тынышталып, үйлеріне қайтты 
(Ғ.М.) 
3-тапсырма
. Мәтіндегі етістіктердің морфологиялық көрсеткіштерін 
тауып, атқарып тұрған қызметіне қарай талдаңыздар. 
Сүйіндік, Сүгірбай осындай сылтауды күтіп, қос қанатын қомдап отыр 
екен. Алдымен кӛшкен солар болады да, ӛзге бӛкеншілер де еріксіз тартып 
кетті. Бүгінгі күн кӛшкен жалғыз Бӛкенші емес, Құнанбайдың ез ауылынан 
кӛшкендер де бар еді. Ол – Ӛскенбайдың үлкен үйі, Зере отырған ауыл. Және 
соның қасындағы Ізқұтты, тағы бірнеше Қарабатыр, Жуантаяқ ауылдары 
болатын. Қысы-жазы Ұлжандармен бірге кӛшіп жүретін Жидебай, Барақты 
қыстайтын ауылдар. Құнанбай бұл уақытқа шейін ол ауылдарды 
қыстауларына жібермей, ӛз тобын бір арада жиып ұстамақ боп келіп еді. Енді 
суық түскенде, кәрі шешесін және Ұлжан қолындағы жас балаларын 
тоңдырып отыра беруге болмады (М.Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет