№4 тапсырма: Есімдік. Етістік. 12-апта Сұрақнама



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата14.04.2022
өлшемі192,42 Kb.
#139265
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
қазақ тілі нед тап
9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
2-тапсырма
.
 
Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшелігін, ол 
ерекшеліктің дыбыстық құрамға қатысын көрсетіңіздер. 
Тайынша тайғанақтап барып, тыраң ете түсті (Б.Т.). Шегебай зілдей 
саптама етігімен сылқ еткізіп теуіп оятты (Б.Т.). Үйдегілер тегіс есік жаққа 
қарап, елең ете қалысты. (Б.Т.). Ақлима шаңын қағып, Бұлқан-талқан боп 
сілкініп қалды (Б.Т.). Шегебай да қанын ішіне тартып, қалш-қалш етеді 
(Б.Т.). Ӛрт шарпыған ағаш үйдің ішінде шыр-шыр етіп, әйелі, жалғыз баласы 
қалған (Б.Т.). Бермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын 
(Ә.0.). Аюкеніме оңашалана бергенде, күңк ете қалып едім, шоқ басқандай 
зыр ете түсті (Ә.0.) Аюкенім бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап жатыр 
(Ә.0.) Қазан шымыр-шымыр қайнап жатыр (Ә.0.). Мырс-мырс күлді 
бастығым (Ә.0.).
3-тапсырма
. Септеулік шылаулардың қай сөз табына тіркесіп, қандай 
мағына беріп тұрғанын талдаңыздар.
Қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз 
ғана әжесімен оңаша қалады (М.Ә.). Малы биыл Қоянды жәрмеңкесінен 


кейін тіпті кӛбейген (С.М.). – Оқып болғаннан кейін, ӛзім хабарласармын, – 
деді (С.М.). Бұланбай үйге кӛтеріп әкелгеннен кейін де, кӛпке дейін дыбыс 
бере алмады (Ғ.М.). Одан бері де Құсбектей тӛре Алшынбайды ӛкпелетіп 
алған соң, аға сұлтандықтан айрылған (М.Ә.). Биеге қарай жӛнелді (Ғ.Мұст). 
Ұлы күн шығардан бұрын да жарығын түсіреді (Ғ.М.). Қарайған қамысқа 
қарай зыта жӛнелді (Ә.0.). Мал емес, адам сияқты, еңкеңдеп келе жатыр 
(Ә.0). – Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естідіңіз бе? (Ә.0.). 
Негізгі әдебиет: 
1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19]. 
Қосымша әдебиет: 
1. [1.7: 13], 2. [1.7:16]. 
Әдістемелік 
нұсқаулар: 
Үстеу, 
шылау, 
еліктеу 
сӛздердің 
ерекшеліктерін, негізгі сипатын білу үшін негізгі және қосымша әдебиеттерді 
пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмалардағы сӛйлемдерді 
талдаңыздар. Әрбір сӛз таптарының ӛзіндік ерекшеліктеріне назар 
аударыңыз, айырмашылықтарын кӛрсетіңіз. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет