5. Микрокристаллоскопиялық реакция. Құрамында нитрат ионы NO3– бар ерітіндінің бір тамшысына 5% сірке қышқылындағы 10% нитрон C20H16N4 ерітіндісінің тамшысымен әсер ету керек. Нәтижесінде нитрат нитронана тән ине шоғырлары пайда болады.
Тәжірибе жүргізудің шарттары:
1) реакцияның жүруіне нитрит және йодид-иондары NО2–, J–, кедергі келтіреді, себебі олар да кристалды тұнбалар түзеді.
2) реакцияны жүргізу үшін жаңадан дайындалған нитрон ерітіндісі қажет.
NО2– нитрит-ионына тән сапалық реакциялар
Жоғарыда айтылған реакциялар NО3– анионмен қатар NО2– анионға да тән. NО2– анионын NО3– анионынан келесі реакциялар арқылы ажыратуға болады:
1. Қышқылдар барлық нитриттерді азот тотықтарының бөлінуімен ыды-ратады:
2NaNO2 + H2SО4 → Na2SО4 + 2HNО3
2HNO3 → NО2↑ + NO↑ + H2О
Тәжірибе:
Фарфор ыдысқа немесе таза құрғақ шыны пластинкаға 3-4 тамшы дифениламинді концентрлі күкірт қышқылына және натрий нитратының NaNO2 тамшысына (немесе кристаллын)қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |