Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет15/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар
Колданбалы курс, математика ТЖБ 4-ТОҚСАН 3-СЫНЫП[1], ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС 7
«Өлкетану» 
курсының типтік оқу 
бағдарламасы әзірленді, бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 3-сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітіліп 2013 жылдың 
1-қыркүйегінен қолданысқа енгізілді [13].
Мектептегі өлкетану пәні білім беру мен тәрбиелеуді өмірмен 
байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Пән өлкенің бұрынғы және 
қазіргі өмірін білу, оның жаңаруына тікелей ат салысу үшін қажет, өйткені 
туған өлке – шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Өлкетану оқушының адамгершілік, 
интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік, тұлғалық дамуының маңызды 
факторы болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және 
жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да 
ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай 
жасайды.
«Өлкетану» пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың өз өлкесіне тән 
негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-
ізденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бағдарлама, сонымен қатар іздеу-
зерттеу әрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама жан-жақты 
сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған өлкені, ауылды 
немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбына арналған «Өлкетану» 
курсының мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
«Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу» бөлімі 
«География» оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұнында берілген 
«Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және карта» бөлімімен тығыз 
байланысты. Яғни оқушылар 6-сыныпта жергілікті жердің планымен, планда 
жер беті элементтерінің бейнеленуімен танысады және шартты белгілердің 
көмегімен елді мекендердің сызбанұсқаларын оқуды үйренеді. «Масштаб», 
«азимут» ұғымдарымен танысады, масштабтың көмегімен қашықтықты өлшеу, 
компаспен жергілікті жерде және план бойынша бағытты анықтау дағдыларын 
дамытады. Оқу пәнінен алынған теориялық білім практикалық жұмыс орындау 
арқылы пысықталады.
«Өлке аумағының жер бедері» бөлімінің мазмұны оқушыларды туған 
өлкенің жер бедері түрлерімен, рельеф құрушы негізгі факторларымен, тау 
жыныстарымен таныстыруды жоспарлайды. Мұғалімнің басшылығымен туған 
өлкенің (ауылдың, ауданның, қаланың) маңайына саяхат жасау арқылы, 
оқушылардың 6, 7-сыныптарда география пәніндегі «Литосфера және жер 
қыртысы», 
«Литосфера» 
бөлімдерінен 
алған 
білімдерін 
тереңдету 
мүмкіндіктері бар. Жер бедерінің әр түрлі формаларының (жазықтар, ойпаттар, 
қыраттар, дөңдер, төбелер, тау тізбектері, шұңқырлар, жылғалар, жыралар, 
көшкіндер, сайлар) шығу тегімен танысады, олардың биіктігін, тереңдігін, 
ұзындығын өлшеу, беткейдің тіктігін анықтау жұмыстарын жүргізеді, сыртқы 
бейнесін, пішінін суреттейді және қағаз бетінде бейнелейді. Аталған бөлімнің 
мазмұны өлкетанудың география, тарих, математика пәндерімен тығыз 
байланыстылығын, жергілікті жердің мысалында пәндерден алынған білімді 


23 
практикамен ұштастыру арқылы балалардың функционалдық сауаттылығын 
дамытуға мүмкіндік береді.
Өлкенің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және адамзатты табиғи 
ресурстармен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болғандықтан, 
елдің азаматын мектеп қабырғасынан бастап табиғи ресурстардың түрлері: 
отын-энергетикалық, минералдық, климаттық, су, топырақ-өсімдік, жануарлар 
дүниесінің қорларымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру маңызды 
мәселе болып табылады. Оқушылардың география пәнінің бастапқы 
курсындағы «Гидросфера», «Биосфера», биология курсындағы «Өсімдіктермен 
жалпы танысу», «Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері», «Жануарларды 
жіктеу», «Желілілер типі», «Табиғи бірлестіктер» т.б. тақырыптарынан алған 
білімдерін, өлкенің табиғи ресурстарымен танысу арқылы тереңдету мүмкіндігі 
жүзеге асырылады.
 
Туған өлкені танумен қатар табиғатты қорғау, экологиялық 
тәрбие қамтылады және балалардың сыныптастарының арасында сөйлеу, өз 
ойын жеткізу, пікірталас жүргізу дағдылары қалыптасады. 
 
«Жергілікті жердің ауа райы және климаты» бөлімі келесі сұрақтарды 
қарастырады: климат қалыптастырушы факторларды анықтау, ауа райын 
бақылау әдістері, ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері т.б. Оқушылар 
атмосфералық қысымды, ауа температурасын, желдің күші мен бағытын, 
атмосфералық жауын-шашын мөлшерін өлшеуге арналған құралдармен жұмыс 
істеу арқылы осы мақсаттарға қол жеткізеді. Сонымен қатар жергілікті белгілер 
бойынша ауа райын болжауды үйренеді.
«Өлкенің сулары және оларды пайдалану» бөлімінде жергілікті жердің 
өзендерін, көлдерін, бұлақтарын, батпақтарын, жер асты суларын, құдықтарын 
зерделеу арқылы өлке аумағындағы су нысандарымен танысу қарастырылған. 
Оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы өзен ағысының жер бедеріне 
және өзен аңғарын құрайтын тау жыныстарына тәуелділігін, жауын-шашын 
мөлшерінің өзен, көл, бұлақ суының деңгейіне әсер ететінін байқайды. Бұл 
бөлім оқушылардың география пәнінің «Гидросфера», «Дүниежүзілік мұхит» 
тақырыптарынан алған білімдерін тереңдетуге жағдай жасайды.
«Өлкенің топырағы», «Өлкенің және қаланың өсімдіктері», «Өлкенің 
жануарлар дүниесі» бөлімдері агромелиорация технологияларымен, ауыл 
шаруашылығы мамандарымен, өлкеде өсетін өсімдіктердің жекелеген 
түрлерімен, олардың пайдалы және емдік қасиеттерімен, жануарлардың 
топтарынымен, олардың ғажайып түрлерімен танысуға, қауіпті және пайдалы 
жәндіктерді анықтауға, яғни бастауыш сыныптарда және биология пәнін оқу 
барысында басталған жұмыс түрлерін жалғастыру мүмкіндігі бар.
«Өлкенің, қаланың шаруашылығы», «Өлкенің және қаланың ерекше 
қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау», «Өлкеде өмір сүретін 
халықтардың тарихы және мәдениеті» тақырыптары оқушының туған жеріндегі 
экономикалық 
маңызы 
бар 
өнеркәсіп 
және 
ауыл 
шаруашылығы 
кәсіпорындарымен, өлкенің кәсіпорындары және мекемелерінде сұранысқа ие 
мамандықтармен, ерекше қорғалатын аумақтар және нысандармен, жақын 
маңайдағы археологиялық ескерткіштермен, тарихымен, мәдениетімен 


24 
танысуды және зерттеуді қарастырады. Бұл бөлімдерді оқу математика, тарих 
пәндерімен байланыс арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар балалар 
экономика, қаржы салаларынан білім алады, бұл олардың болашақ мамандық 
туралы ойлануларына түрткі болады. Өндірісаралық байланыстар, өнім 
шығарудың технологиялық сызбанұсқаларын құруға бағытталған практикалық 
жұмыстар орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
арттыру жұмысы жүргізіледі.
Сонымен жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «Өлкетану» 
пәні оқу бағдарламасының мазмұнын талдаудың нәтижесінде келесідей 
қорытынды: өлкетану жұмысын жүргізе отырып оқушыларды туған жерін сүю, 
үлкендерді сыйлау, табиғатты аялау, туған жердің гүлденуіне үлес қосу 
талпынысын тәрбиелеу мәселелерін шешуге жасауға болады. Оқушыларға білім 
беру мен тәрбиелеуде елді мекендердің жер бедері, табиғи ресурстары, ауа 
райы мен климаты, сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, 
өзен-көлдері, шаруашылығы, халқының ерекшеліктерін ескере отырып, яғни 
өлкенің бай әлеуетін пайдалану қазіргі кезде білім беруді дамытудың маңызды 
бөлігі болып 
табылады. «Өлкетану» 
пәні 
мектеп 
оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамытуға, танымдық қызығушылығын 
арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік беретін курс. Оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған практикалық жұмыстар 
арқылы: азимутты анықтау; географиялық нысандардың қарапайым планын 
түсіру; топографиялық карталарды оқу; өзеннің енін, орташа тереңдігін, өзен 
ағысының жылдамдығын және су шығынын есептеу; ағаштардың, бұталардың 
атауларын білу және оларға шаруашылық баға беру; шалғын өсімдіктерінің 
атауларын, олардың емдік қасиетін; жергілікті жердің ауа райына болжау 
белгілерін; сыртқы белгілеріне қарап топырақтың механикалық құрамын 
анықтау; баяндамалар жасай білу және жиналған материалды рәсімдеу тағы да 
басқа көптеген жұмыс түрлерін орындай алу дағдыларына ие болады. Сонымен 
қатар «Өлкетану» курсы оқушылардың алдыңғы сыныптарда география, 
биология, тарих, әдебиет, математика, музыка пәндерінен алған білімдерін 
тереңдетуге және бұл курсты оқудың нәтижесіндегі білім қорын болашақта 
физика, химия, география, биология т.б. пәндерді оқуда қолдануға көмектеседі.
Аталған курсты оқытуда мектеп мұғалімдеріне көмек ретінде 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Орта мектепте 
«Өлкетану» курсын оқытудың әдістемелік негіздері» әдістемелік құралын 
ұсынуға болады.


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет