Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет16/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар
Колданбалы курс, математика ТЖБ 4-ТОҚСАН 3-СЫНЫП[1], ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС 7
3
 
 Жалпы білім беру ұйымдарымен әзірленген және жүзеге асатын таңдау 
курстары тақырыптары мен мазмұнының талдамасы
Бастауыш білім беру деңгейіндегі таңдау курстарының мақсаты 
оқушылардың қабілеті, бейімі мен қызығушылығына қарай белгілі бір білім 
саласына деген тұрақты ынтасын қалыптастыру, белгілі бір пән бойынша 
білімін тереңдету, сондай-ақ алған білімдерін өмірде қолдануға дайындау 
болып табылады.
Таңдау курстары типтік оқу жоспарларының вариативтік компоненті 
(оқушы және мектеп компоненттері) есебінен жүргізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 
бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім 
берудің үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігінде таңдау курстарына 
(мектеп компоненті) 1-2-сыныптарға 2 сағаттан, 3-4-сыныптарға 3 сағаттан оқу 
жүктемесі берілген.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 
бұйрығымен бекітілген оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің 
үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігінде таңдау курстарына (мектеп 
компоненті) 1-4-сыныптарға 1 сағаттан оқу жүктемесі берілген. Берілген оқу 
жүктемелеріне сәйкес қандай оқу курстарын таңдау қажет екенін білім 
алушылардың білімге деген ынтасы мен бейімділігін ескере отырып, жалпы 
білім беретін ұйымдар анықтайды.
Бастауыш білім беру деңгейінде жүргізілетін таңдау курстарын мазмұны 
мен оқыту мақсатына қарай үшке бөлуге болады:
1) пәндік курстар, олардың мақсаты – ҮОЖ-дың инварианттық бөлігіне 
кіретін пәндерді тереңдетіп оқыту (мысалы, «Қызықты математика», 
«Логикалық математика», т.б.);
2) пәнаралық курстар, олардың мақсаты – оқушының табиғат, адам, қоғам 
туралы білімін кіріктіру, яғни әлемді тұтас күйінде қабылдауға үйрету (мысалы, 
«Жас зерттеуші», «Туған өлкем», «Логика әлемі», т.б.);
3) арнайы курстар, яғни ҮОЖ-ға кірмеген пәндер (мысалы, «Ақпарат 
негіздері», «Компьютер әліппесі», т.б.), олардың мақсаты – белгілі бір білім 
саласынан қосымша білім беру. Бұл курстар ҮОЖ-дың инварианттық 
бөлігіндегі негізгі пәндерді қайталамайды.
Еліміздің бастауыш сыныптарында жүргізілетін таңдау курстарын оқыту 
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес қарастырар болсақ, негізінен, пәндік курстар 
басымдыққа ие.
Пәндерді тереңдете оқытуға, оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіруге 
арналған курстардың ішінде ең көп тарағаны – математикалық мазмұнды 
курстар. Мысалы, «Математикалық логикалық есептерді шығару жолдары», 
«Қызықты математика», «Логикалық математика», «Ғажайып математика 
әлемі», «
ТIMSS
тапсырмалары», «Логикалық есептер», «Математика елінде», 
«Сандар әлемі», «Алғыр есепші», т.б.
Математика пәнін тереңдетіп оқытатын 4-сыныпқа арналған «Математика 


26 
бізбен бірге» таңдау курсының бағдарламасы
 
(аптасына 1 сағат, жылына 
34 сағат) негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып құрастырылған, 
оқушылардың ақыл-ойының математикалық стилін, танымдық қабілеттерін, 
интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамытуды, олардың 
математикадан алған білім, білік, дағдыларын және пәнге деген 
қызығушылығын арттыруды көздейді.
Бағдарлама мазмұны мен құрылымы төмендегідей тараулардан тұрады:
1. Біздің айналамыздағы сандар мен заттар.
2. Теңдеу және теңсіздік.
3. Құрастырмалы ойындар.
4. Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері.
5. Математикалық ойлау есептері.
Бұл тарауларда қамтылатын білім мазмұны бастауыш сыныптың 
математика пәні бағдарламасының мазмұнына сәйкес құрылған. Мысалы, 
«Біздің айналамыздағы сандар мен заттар» тарауы.
Аталған таңдау курсы бағдарламасының жаңашылдығы – «Құрастырмалы 
ойындар», 
«Математикалық 
ойлау 
есептері» 
тараулары. 
Мысалы, 
«Құрастырмалы ойындар» тарауында «Үлестер қалай алынады?», «Бөлшектер 
қалай пайда болады?» тақырыптарын өту барысында оқушылар ойнай отырып, 
өздері қолымен ұстап тәжірибе жасай отырып, үлес, бөлшек туралы нақты білім 
алады. Осындай практикалық жұмыстардың көмегімен оқушылар өздігінен 
жұмыс істеуге дағдыланады, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ізденуге 
ұмтылады.
Сонымен бірге курс бағдарламасында шығармашылық жұмыстар жасатуға, 
дайын сызба, суреттер бойынша есептер құрастыруға және есептерді тиімді 
жолмен шығару тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу 
жолдарын үйретуге аса үлкен мән беріледі. Әрбір тақырып соңында сол 
тақырыпқа сәйкес өздік және бақылау жұмысына уақыт бөлінген. Берілетін 
өздік жұмыстар әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Қорыта келе, аталған курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері 
мен даму деңгейіне сай, тақырыптары математикадан алған білімдерін 
тереңдетіп, білік, дағдыларын дамытуға бағытталған.
Білімнің іргетасы бастауышта қаланады. Бастауыш білім беру деңгейіндегі 
ең қиын да жауапты міндет – мектеп есігін ашқан 6-7 жастағы сәбилерге 
әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп 
баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, 
бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін 
дамыту. Сол себепті мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға, сауатты, көркем 
жазуға үйретуге бағытталған курстарды көп таңдайды. Сондай курстың бірі – 
«Көркем жазу» курсы.
«Көркем жазу» таңдау курсының бағдарламасы (2-сыныпқа арналған, 
аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат).
Курстың мақсаты – әріп элементтерін дұрыс жазуға, әріптерді бір-бірімен 
дұрыс байланыстырып, сөзді толық жазып болғанша қолды дәптерден алмай, 


27 
үздіксіз әрі ырғақты жазуға, сөздердің ара жігін сақтауға машықтандыру, 
қолдың ұсақ бұлшық еттерін нығайту.
Бұл курстың бағдарламасының мазмұны, негізінен, қазақ тілі әліпбиіндегі 
барлық әріптердің жазба түрін каллиграфия ережелерін сақтап жазуға 
дағдыландыруға бағытталған. Сондай-ақ жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын 
мазмұндама жазу жұмыстары да қамтылған.
Аталған курстың мазмұнына талдау жасай келе, курс бағдарламасын 
құрылымы мен мазмұны тұрғысынан әлі де жетілдіру, толықтыру қажет деген 
тұжырым жасалды.
Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін ең маңызды міндет – оқушылардың 
тілін дамыту.
«Тіл дамыту» таңдау курсының бағдарламасы (2-сыныпқа арналған, 
аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат).
Курстың мақсаты: халқымыздың әдеби қазыналарының сырын ашып, 
мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді, нақыл сөздерді, ертегілерді, аңыз-
әңгімелерді оқыту арқылы тілін дамыту.
«Тіл дамыту» курсы бағдарламасының мазмұны оқушылардың 
шығармашылық қиялын, әсемдік пен сұлулықты сезіне білу қасиетін, тіл 
шеберлігін дамытуға бағытталған. Берілген тақырыптар оқушыларды ойланып 
жауап беруге, байланыстыра сөйлей білуге жетелейді.
Бағдарлама мазмұны мынадай тараулар арқылы ашылады:
1. Елім деп соғар жүрегім.
2. Әдептілік қағидалары.
3. Батырлар сөзі – даналар сөзі. 
 
4. Еңбектің наны тәтті.
Тараулар ішіндегі тақырыптар «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасын 
қайталамайды. Автор талдауға алынған шығармаларды өзі таңдаған. Сонымен 
қоса, эссе, шығарма жазу, мақал-мәтел айтудан жарысу, әдеби шығармаларды 
сахналау жұмыстары кең қамтылған. Бағдарлама мазмұны курстың алға қойған 
мақсат-міндеттеріне сай келеді.
Қорыта келе, қарастырылған таңдау курстарының өзектілігі дау 
тудырмайды. Дегенмен, мазмұны жағынан әлі де толықтыруды қажет етеді 
және курс бағдарламасын әр автор өз қалауынша құрастырған, белгілі бір 
құрылымға негізделмеген. Сондықтан курс бағдарламасын бекітпес бұрын 
әдістемелік бірлестіктерде сараптамадан өтуі тиіс. Сараптама жасау үшін курс 
бағдарламасына қойылатын талаптар бекітілуі қажет. Біз ұсыныс ретінде 
төмендегідей бағалау өлшемдерін көрсетіп отырмыз:
1) бағдарлама мазмұнында ұсынылған материалдардың жаңашылдығы мен 
өзектілігі;
2) ұлттық және жергілікті ерекшеліктердің ескерілуі;
3) бағдарламаның ынталандырушы және дамытушы әлеуеті;
4) оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай келуі;
5) мазмұнның толықтығы және жүйелілігі;
6) функционалдық білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы 


28 
(практикалық бағыттылығы, қолданбалылығы);
7) ұсынылатын ресурстардың қолжетімділігі.
Осы аталған талаптар басшылыққа алынса, таңдау курстарының сапасы 
артады және оқушыларымызға да берері мол болады.
Республикамыздың негізгі және жалпы білім беретін мектептерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет