Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған
интеллектуалды сайыс сабақ
Тақырыбы: Буынаяқтылар типін қайталау
(Сыныптан тыс сабақ)
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік міндеті: Биология пәнінен алған білімдерін тиянақтап қайталау, тереңдету.
2.Тәрбиелік міндеті: Салауаттылыққа тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
3. Дамытушылы міндеті: Жан-жақты таным-білімдерін, осы пәнге қызығушылығын арттырып одан әрі дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысының элементтерін пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер жүйесі, плакаттар.
Сайыстың жүрісі:
1.Алғы сөз –Сайыс сабағымызды ұйымдастырумыздың негізгі себебі бүгінгі оқушы-болашақ Өркениетті Қазақстанды құрушы мамандар.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев жолдауында «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс» деп атап көрсеткендей бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарында болу үшін еліміздің жастары денсаулығы мықты, тәртіпті, білімді, мәдениетті болуға міндетті. Сондықтанда бүгінгі сайысымызды «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны үлгісінде өткізгелі отырмыз.
Сайысымыздың І бөлімі «Кім жылдам»
ІІ бөлімі «Бәйге»
ІІІ бөлім «Сандар сөйлейді»
ІV бөлім «Полиглот»
V бөлім «Жорға»
2. Әділқазылармен таныстыру.
3. Сайыстың шарты:
Сұраққа ойлануға уақыт берілмейді. Кім алдындағы таяқшаны жылдам көтерсе сол оқушыдан жауап алынады. Оқушы жауап бере алмаса, таяқшаны екінші көтерген келесі оқушы жауап беруге болады.
І бөлім « Кім жылдам» 5 ұпай
Сұрақтары:
Құршаян қай класқа жатады.
а) бунақденелілер б) өрмекшітәріздестер в) шаянтәріздестер
2) Жасуныққа ұқсас ағзалық зат.
а) демтүтік б) хитин в) имого
3) Қансорғыш буынаяқты.
а) құршаян, бүйі б) маса, кене в) асшаян, циклоп
4) Суда өмір сүретін буынаяқтылар класы.
а) бунақденелілер б) өрмекшітәріздестер в)шаянтәріздестер
5) Құрлықта өмір сүретін буынаяқтылар класы
а) бунақденелілер б) өрмекшітәріздестер в)шаянтәріздестер
6) Өте қауіпті, зиянкес бунақдене.
а) Азиялық шегіртке б) көбелек в) құмырсқа
7) Су жануарларының өлексесін жеп, табиғатта санитарлық рөл атқаратын буынаяқты.
а) өрмекші б) таңқышаян в)кене
ІІ бөлім «Бәйге» 10 ұпай
Сұрақтары:
1. Буынаяқтылар типіне қандай жәндіктер жатады.
2. Өрмекшітәріздестердің зәр шығаруы қалай жүзеге асады,
3. Буынаяқтылар типіне жататын кластарды ата.
4. Шаянтәріздестер класына жататын жәндіктер немен тыныс алады.
5. Шаянтәріздестердің қантарату жүйесі қандай.
6. Шаянтәріздестердің өкілдерін ата.
7. Демтүтік қай класқа тән түзіліс.
8. Өрмекшітәріздестер қайда тіршілік етеді.
9. Өрмекшітәріздестердің өкілдерін ата.
10. Энцефалит ауруын жұқтыратын кене.
ІІІ бөлім «Сандар сөйлейді». 20 ұпай
Сұрақтары:
1.Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің неше түрі
белгілі(1 млн. астам)
2.Буыная0тылыр типінің неше класы бар.(үш класы)
3. Өрмекшітәріздестердің жүретін неше аяғы бар.(8 аяқ)
4. Жер шарын мекендейтін жануарлар дүниесінің қанша пайызы буынаяқтылар үлесіне тиеді. (80 пайызы)
5. Паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің саны қанша.
(20 мңнан астам)
6. Бунақденелілер класында неше отряд бар.(35 отряд бар)
7. Өрмекшітәріздестердің баскөкірек бөлігінде неше жұп аяқ болады.(6 жұп)
IV бөлім «Полиглот» 30 ұпай
Қатысушылар берілген жұмбақты шешу арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады
1.Кішкене ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.
( Кене, клещ, tick )
2.Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгізіп,
Ұзартып қойған мұнардай.
( Өрмекші, паук, spider )
3.Тыру-тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.
( Ара, пчела, bee)
4.Бір құс бар ұшып жүріп ән салады,
Әркімге қонақ болып бір барады.
Барлығы
мақұлықтың ығыр болып,
Дауысын естігендер зар қағады.
( Маса, комар, mosquito )
5.Қыс кезінде ұйықтап жатар,
Жаз мезгілі думан ашар.
( Шыбын, муха, a fly)
6.Біз жаздық аулым қонған текшесіне,
Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.
Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар,
Бөренесін байлаған бөксесіне.
( Инелік, стрекоза, draqon-fly )
7.Екі
басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
( Құмырсқа, муравей, ant)
V бөлім «Жорға» 40 ұпай
Сұрақтары:
1. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелерді ата.(қамба,сүтсірне)
2. Қансигек ауруын жұқтыратын кене.(нәзікбас кене)
3. Шала түрленіп даму қандай бунақденелілерге тән.(инелік, дәуіт, шегірке,
бұзаубас, бит, қандала)
4. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақдене.(Азиялық шегірке)
5. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер не деп аталады.(жаяушегірке)
6. Паразит бунақденелерді ата.(маса, қандала,)
7. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым.( Энтомология)
4. Қорытындылау. Әділқазылар жеңімпазды анықтап, марапаттайды.