Лекция тақырыбы: Педагогикалық білімдер жүйесіндегі информатиканы оқыту
бет 1/14 Дата 28.05.2020 өлшемі 0,52 Mb. #71465 түрі Лекция
Байланысты:
МПИ 1 лек 2012 “Информатика” мамандығы 4 курс студенттеріне “Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы” пәнінен дайындалған Құрастырған: “Информатика және қолданбалы математика” кафедрасының профессоры Г.З. Халықова Лекция тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістемесі курсы – информатика мұғалімін жалпы кәсіптік дайындаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол информатика, педагогика , психология курстарын оқу барысында алынған арнайы білім, іскерліктер мен дағдыларға сүйенеді. Курсты оқудың мақсаттары : студенттерді жалпы білім беретін орта мектептегі информатиканы үздіксіз оқытудың қазіргі тұжырымдамасымен таныстыру ; болашақ информатика мұғалімдерін мектептегі «Информатика» курсын шығармашылықпен оқытуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен қаруландыру ; болашақ информатика мұғалімін информатика және есептеуіш техника саласы бойынша сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып, өткізуге даярлау ; Достарыңызбен бөлісу: