ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін



Pdf көрінісі
бет1/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 



ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

ТУРАЛЫ 

 

Әдістемелік нұсқау хат 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Нұр-Сұлтан 



2019 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесінің 

шешімімен баспаға ұсынылды (2019 жылғы 14 маусымдағы №5 хаттамасы)  

 

 



2019-2020  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім 

беретін  мектептерінде  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  туралы: 

Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 

академиясы, 2019. – 384 б. 

 

 

Жинаққа  2019-2020  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының 



мектепалды  даярлық  және  жалпы  орта  бiлiм  беретiн  мектептерінiң  

1-11-сыныптарында  оқу  процесін  ұйымдастыру  бойынша  материалдар 

енгiзiлген. 

Жинақ  жалпы  орта  бiлiм  беретiн  мектептердiң  басшылары  мен  пән 

мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© Ы.Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2019 

 

 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

2019-2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10- сыныптар жаңартылған 

білім  мазмұны  бойынша,  ал    11-сыныптар  2013  жылы  бекітілген  оқу 

бағдарламаларымен білім алады.  



 

2019-2020  жаңа  оқу  жылында  білім  беру  процесінің    нормативтік- 

құқықтық қамтамасыз етілуі: 

 

1) 

мектепалды  даярлық  сыныптарында  және  1-3-сыныптарда  білім 

беру процесі: 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 

қазандағы  №  604  бұйрығымен  бекітілген 

 

Білім  берудің  барлық 



деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; 

ҚР  БҒМ  2016  жылғы  12  тамыздағы  №  499  бұйрығымен  бекітілген 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламалары 

(бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);  

✓ Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  м.а.  2018 

жылғы  10  қазандағы  №  556  бұйрығымен  бекітілген  "Қазақстан 

Республикасында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 

жоспарларын  бекіту  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  2012  жылғы  20  желтоқсандағы  №  557  бұйрығына 

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығы 

✓ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 

қарашадағы 

№ 

500 


бұйрығымен 

бекітілген 

Қазақстан 

Республикасындағы  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің 

үлгілік  оқу  жоспарлары    (2018  жылғы  4  қыркүйектегі  №  441 

бұйрығымен бекітіліген өзгерістер мен толықтыруларымен);  



Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә. 

Назарбаевтың 

бастамасымен  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын  іске  асыру  аясында 

ЭЫДҰ  елдерінің  стандарттары  негізінде  адам  капиталының  сапасын 

көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. 

76-қадам: 

12  жылдық  білім  беруді  кезең-кезеңімен  енгізу, 

функционалдық  сауаттылықты  дамыту  үшін  мектептегі  оқыту 

стандарттарын 

жаңарту. 

Жоғары 

сыныптарда 

жанбасына 

қаржыландыруды  енгізу,  табысты  мектептерді  ынталандыру  жүйесін 

құру. 

79-қадам:  Білім  беру  жүйесінде  –  жоғары  сыныптар  мен  ЖОО-ларда 

ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. 

89-қадам:  «Нұрлы  Болашақ»  ұлттық  жобасын  әзірлеу  және  жүзеге  

асыру.  Мектептік  білім  берудің  қолданыстағы  оқу  бағдарламаларына 

«Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

✓  ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 

бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің 

үлгілік оқу бағдарламалары; 

✓  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы 

03  сәуірдегі  №  115  Бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  білім  беру 

ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау 

курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламалары 

("Информатика"  пәні  бойынша  2018  жылғы  17  қазандағы  №576 

бұйрықпен бекітілген толықтырулар мен өзгертулер) 

✓ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 

2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына1-қосымша); 

✓  ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген 

Бастауыш  білім  берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі  – 

ҚР МЖМС-2015); 

✓  ҚР  Үкіметінің  2017  жылғы  15  тамыздағы  №  484  қаулысымен 

бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 

✓  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  15  шілдедегі  №  453 

бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; 

✓  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  8  сәуірдегі  №  266 

бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің 

үлгілік оқу бағдарламалары; 

✓   «Оқулықтардың,  оқу-әдістемелік  кешендердің,  оқу  құралдарының 

және  басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық 

жеткізгіштердегі  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрі  міндетін  атқарушының  2013  жылғы  27  қыркүйектегі  №  400 

бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы       № 

192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады; 

2)  4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі: 

✓  ҚР  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысымен 

бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМС-2012); 

✓  ҚР  Үкіметінің  2017  жылғы  15  тамыздағы  №  485  қаулысымен 

бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті  стандарты 

(бұдан әрі – ҚР МЖМС - 2012); 

✓  «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің    2013 

жылғы  25  шілдедегі  №  296  бұйрығымен  бекітілген  Бастауыш,  негізгі  орта, 

жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; 

✓  «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы         № 

500  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; 

✓  «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 

бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары; 

✓  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  

№ 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстары 

мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

✓  «ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115 

бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №  281  бұйрығымен  бекітілген 

Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары; 

✓  «ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115 

бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген 

Жалпы  білім  беретін  пәндердің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  негізінде  жүзеге 

асырылады; 

3)  5- 8-сыныптарда білім беру процесі: 

✓  ҚР  Үкіметінің  2016  жылғы  13  мамырдағы  №  292  қаулысымен 

бекітілген  Орта білім  берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан 

әрі – ҚР ОБМЖМС-2016); 

✓  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы 

23  қарашадағы  №  668  бұйрығымен  бекітілген  жалпы  білім  беретін  пәндердің 

үлгілік оқубағдарламалары; 

✓ 

«Оқулықтардың,  оқу-әдістемелік  кешендердің,  оқу  құралдарының 



және  басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның  ішінде  электрондық 

жеткізгіштердегі  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрі  міндетін  атқарушының  2013  жылғы  27  қыркүйектегі  №  400 

бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым 

министрінің  2018  жылғы  3  мамырдағы  №  192  бұйрығымен  бекітілген  оқу 

басылымдары негізінде жүзеге асырылады; 

✓ 

«Бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білімнің  жалпы  білім 



беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарына  оқуға 

қабылдаудың  үлгі  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2012  жылғы  19  қаңтардағы  №  127  Қаулысына  өзгерістер  енгізу 

туралы» ҚР Үкіметінің  2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысы;  

✓ 

«Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың,  орта,  техникалық  және 



кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

берудің  жан  басына  шаққандағы  нормативтік  қаржыландыру  қағидаларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің    2017 

жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы; 

✓ 

«Білім  беру  ұйымдары  білім  беру  қызметінде  пайдаланатын  қатаң 



есептіліктегі  құжаттардың  нысанын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрінің  міндетін  атқарушының  2007  жылғы  23 

қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы; 

✓ 

 «Мемлекеттік  орта  білім  беру  ұйымдарының  басшыларын 



конкурстық  тағайындау  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  21  ақпандағы    №  57  бұйрығына 

өзгерістер  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы  № 308 бұйрығы; 

✓ 

«Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының  білім  алушылары  мен 



тәрбиеленушілерін 

оқулықтармен 

және 

оқу-әдістемелік 



кешендермен 

қамтамасыз  ету  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрінің  2016  жылғы  28  қаңтардағы  №  91  бұйрығына 

өзгерістер  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы;  

✓ 

«Оқулықтарды,  оқу-әдістемелік  кешендері  мен  оқу-әдістемелік 



құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, 

оларды  басып  шығару  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыру  қағидаларын  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы 

24  шілдедегі  №  344  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  27  желтоқсандағы  

№ 651 бұйрығы; 

✓ 

«Мектепке  дейінгі,  орта  білім  беру  ұйымдарын,  сондай-ақ  арнайы 



білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және  жиһазбен  жарақтандыру 

нормаларын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  2016  жылғы  22  қаңтардағы  №  70  бұйрығына  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрығы; 

✓ 

«Қазақстан  Республикасында  орта  білім  мазмұнын  әдіснамалық 



қамтамасыз  етуді  үйлестіру  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 бұйрығы; 

✓ 

«Орта  білім  беру  ұйымдарының  жеке  санаттағы  педагог 



қызметкерлері  жүргізу  үшін  ұсынылатын  құжаттардың  тізбесін  анықтау 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы 

26 қаңтардағы № 32 бұйрығы; 

✓ 

«Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 



қорытынды  аттестаттау  өткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы                

18  наурыздағы  №  125  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  

14 маусымдағы № 272 бұйрығы; 

✓ 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы 



орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру 

бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарының  педагог 

қызметкерлері  мен  оларға  теңестірілген  тұлғаларға  біліктілік  санаттарын  беру 

(растау)  үшін  оларды  аттестаттаудан  өткізуге  құжаттарды  қабылдау  бойынша 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарттарын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 

бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрі  міндетін атқарушының 2018 жылғы  

16 шілдедегі № 350 бұйрығы; 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

✓ 

«Білім 



және  

ғылым  


саласындағы  

азаматтық  қызметшілерді  аттестаттаудан  өткізу  қағидалары  мен  шарттарын,  

сондай-ақ  Мектепке  дейінгі,   бастауыш,    негізгі  орта,   жалпы  орта  білімнің 

жалпы  білім   беретін  оқу  бағдарламаларын,    техникалық   және   кәсіптік,  орта 

білімнен  кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдарында 

жұмыс  

істейтін  



педагог  

қызметкерлер 

мен  

оларға   теңестірілген   тұлғаларды   аттестаттаудан    өткізу  қағидалары  мен 



шарттарын  бекіту  туралы»    Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым 

министрінің  2016 жылғы  27  қаңтардағы    № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу 

туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі    міндетін 

атқарушының 2018 жылғы  12 сәуірдегі № 152 бұйрығы; 

✓ 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті 



атқарушы  органдар  көрсететін  «Үздік  педагог»  атағын  беру  және  мемлекеттік 

орта  білім  беру  мекемелерінің  басшылары  лауазымдарына  орналасу 

конкурстарына  қатысу  үшін  құжаттарды  қабылдау  бойынша  мемлекеттік 

қызметтер  стандарттарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу

 

туралы 



Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі    міндетін 

атқарушының 2018 жылғы  16 шілдедегі № 351 бұйрығы; 

✓ 

«2018  жылы  педагог  қызметкерлері  мен  оларға  теңестірілген 



тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы 

10 мамырдағы № 200 бұйрығы;  

✓   «Ұсынылған  пәндік  олимпиадалардың,  кәсіби  конкурстардың, 

ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-

шаралардың  тізбесін  бекіту  туралы»    Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрі  міндетін  атқарушының  2018  жылғы    24  мамырдағы  №  226  

бұйрығына  толықтырулар  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2018 жылғы  9 тамыздағы № 394 бұйрығы;  

✓  «Мектепке  дейінгі  балалар  ұйымдарына  кезектілікті  қалыптастыру 

мен  оның  қызметін  және  жолдамаларды  беру  процесін  автоматтандыру 

жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым  министрінің  міндетін  атқарушының  2017  жылғы  14  шілдедегі  №337 

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрі  міндетін атқарушының 2018 жылғы  18 мамырдағы №  213 бұйрығы; 

✓ 

«Еңбек  нарығының  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  техникалық 



және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi 

бiлiмi  бар  мамандарды  даярлауға,  жоғары  оқу  орындарының  дайындық 

бөлімдеріне,  сондай-ақ  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға,  орта  білім 

беруге  мемлекеттiк  бiлiм  беру  тапсырысын  орналастыру  қағидаларын  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016  жылғы 

29  қаңтардағы  №  122  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы  28 мамырдағы  №  

231 бұйрығы; 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

✓ 

«Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін 



пәндердің,  таңдау  курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу 

бағдарламаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгерістер  мен 

толықтыру  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығы;  

✓ 

 «Білім  беру  объектілеріне  қойылатын  санитариялық-эпидемиялық 



талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы. 

✓ 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, 



негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин 

атындағы 

Ұлттық 

білім 


академиясының 

сайтына 


(

www.nao.kz

орналастырылған.  



Мектеп әкімшілігінде МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу 

бағдарламаларының қағазға шығарылған бір нұсқасы болғаны жөн.  

Педагогтердің  МЖМБС  және  үлгілік  оқу  жоспарлары,  үлгілік  оқу 

бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеулеріне болады. 

Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру  деңгейлеріндегі  оқу 

процесіне  қатысушыларды  кешенді  қолдауды  Академия  сайты  (

www.nao.kz

қамтамасыз  етеді.  Мұғалімдерге  көмек  ретінде  сайттың  келесі  бөлімдері 



ұсынылады: 

«Білім  беруді  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  ету»  (Әдістемелік-нұсқау 

хат,  Орта  білім  берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім 

беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты), бастауыш, негізгі орта, жалпы 

орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламалары, 

нормативтік-құқықтық база);  

«Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету»  (әдістемелік 

құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, 

Қазақстан 

Республикасында 

инклюзивті 

білім 


беруді 

дамытудың 

тұжырымдамалық тәсілдері); 

«Семинарлар,  конференциялар»  (Академияда  өткізілетін  іс-шаралар 

туралы  ақпараттар:  ғылыми-практикалық  конференциялар,  тақырыптық 

семинарлар және т.б.); 

«Журналдар»  (Академияда  шығарылатын  «12  жылдық  білім  беру  –  

12-летнее  образование»,  «Білім  –  Образование»,  «Қазақстан  кәсіпкері  – 

Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар); 

«Сұрақ-жауап»  (оқыту  мен  тәрбиенің  өзекті  мәселелерін  талқылау, 

Академия мамандарына сұрақтар қою мүмкіндігі).   

Білім  беру  қызметін  ұйымдастыру  кезінде  жалпы  білім  беретін 

ұйымдардың басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары Қазақстан 

Республикасы  Әділет  министрлігінің  сайтындағы  (



http://www.adilet.gov.kz

«Әділет» 



ақпараттық-құқықтық 

жүйе» 


(

http://adilet.zan.kz

блогында 



орналастырылған. 

Жаңартылған  білім  мазмұнына  көшетін  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек 

көрсету  үшін  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  Дербес  білім  беру  ұйымы 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 



 

Жүйелі-әдістемелік  кешен  (ЖӘК)  әзірледі.  Аталған  кешенді  НЗМ  сайтынан  

(smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру)табуға болады. 

 

Барлық  сыныптық,  сыныптан  тыс  жұмыстардың  (факультативтік, 



жеке  және  үйірме  сабақтары)  түрлерін  қоса  алғанда,  білім  алушылардың 

апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта 

– 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с.,5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта –33 

с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 

с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс. 

 

Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің 



келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын белгілейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет