ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

48 



 

  

49 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 





МЕКТЕПАЛДЫ 

ДАЯРЛЫҚ 

ТОПТАРЫНДА 

ЖӘНЕ 

СЫНЫПТАРЫНДА 

ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ 

ПРОЦЕСІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

Мектепалды  даярлық  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  сатысы  ретінде,  5-6 

жастағы  балалардың  зияткерлік  және  физикалық  дамуына  жағдай  жасайды, 

мектепке  дейінгі  және  бастауыш  білім  берудің  сабақтастығы  мен  үздіксіздігін 

қамтамасыз етеді.  

 Мектепалды  даярлық  міндетті  және  отбасында,  мектепке  дейінгі 

ұйымдарда 

жалпы  білім  беретін  мектептердің,  лицейлердің  және 

гимназиялардың  мектепалды  сыныптарында  жүзеге  асырылады  (ҚР  «Білім 

туралы» заңының 30 бабы 2 тармағы). Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы 

мектепалды даярлық тегін болып табылады.  

2019-2020  оқу  жылында  мектепалды  даярлықтың  сыныптарында 

(топтарында)  тәрбиелеу-оқыту  процесінің  мазмұны  меншік  нысанына 

қарамастан  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті стандартына сәйкес қамтамасыз етіледі.     

Мақсаты:  балалардың  мектепке  әлеуметтік-психологиялық,  тұлғалық, 

физикалық және зияткерлік дайындығын қалыптастыру.  

Міндеттері: 

балалардың физикалық және психикалық саулығын нығайту; 



қауіпсіз білім беру ортасын құру; 

қоршаған  ортамен  өзара  әрекет  ету  үшін  танымдық  және  зерттеу 



әрекетінің, сыни ойлаудың біліктері мен дағдыларын игеру; 

шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, креативтілікті дамыту; 



коммуникативті  дағдыларды,  құрдастарымен  бірге  әрекет  етуді  

дамыту; 

рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу. 



 Қазақстан  Республикасында  білім  беру  мен  ғылымды  дамытудың  2020-

2025  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  мақсатты  индикаторы 

4К  моделіне  бағытталған  (креативтілікті,  сыни  ойлау,  коммуникабельдікті, 

командада  жұмыс  жасай  білуді),  функционалды  сауатты,  жоғары  патриотты 

сезімді азаматты тәрбиелеу мен оқыту болып анықталған. 

   Білім беру процесі: 

өтпелі тақырыптарға сәйкес перспективалық жоспар; 



апталық циклограмма; 

диагностика  негізінде  мониторингке  (бастапқы,  аралық  және 



қорытынды) сәйкес іске асырылады.  

 

Мектепалды  даярлық  сыныптарында  педагогикалық  процесті  іске 

асырудың негізгі бағыттары   

Қазақстан Республикасында білім беруді мен ғылымды дамытудың 2020-

2025 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында және Мектепке дейінгі 

тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында айқындалған 

міндеттерді іске асыру:  


50 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



білім беру процесін жетілдіруге; 

кәсіби  құзыреттілікті  және  педагог  мамандығы  мәртебесін 



арттыруға; 

баланы  тәрбиелеу  және  дамытуда,  оның  ішінде  инклюзивті  білім 



беру мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға консультациялық қолдау 

көрсетуге бағытталған. 



Білім беру процесін жетілдіру  

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жаңартылған  мазмұнын  іске 

асыру Перспективалық жоспар арқылы жүзеге асырылады.  

Перспективалық  жоспар    өтпелі  тақырыптар  негізінде  оқу  жылына 

құрылады.  Өтпелі  тақырыптар  тізбесінің  үлгісі    (2017-2018  оқу    жылындағы 

Әдістемелік    нұсқау  хатта,  1  Қосымша)  жарияланды.  Перспективалық 

жоспарды    құрастыруға  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 

бағдарламасы негіз болып табылады.   

 Педагог  өтпелі  тақырыптарды  таңдауда  өңірлік  ерекшеліктерге, 

балалардың  жастарына  немесе  білім  беру  ұйымының  тақырыптық  бағытына 

бағдар  жасай  отырып,  шығармашылық  құзыреттілігін  танытуы  тиіс. 

Жоспарланатын  өтпелі  тақырыптар,  олардың  бірізділігі  мен  саны  №1  

педагогикалық  кеңесте  қарастырылады  және  бекітіледі.  Педагог-мамандар 

(қазақ,  орыс,  ағылшын  тілі  мұғалімдері,  дене  шынықтыру  нұсқаушысы  және 

т.б.  )  бекітілген  өтпелі  тақырыптарға  сәйкес  перспективалық  жоспар 

құрастырады.  

Перспективалық  жоспарға  сәйкес  әрбір    аптаға  білім  беру  салаларын 

(«Денсаулық», 

«Қатынас», 

«Таным», 

«Шығармашылық», 

«Әлеумет») 

кіріктіретін,  өтпелі  тақырыптар  негізінде  іске  асырылатын  циклограмма 

құрылады.   

Мектепалды даярлық сыныпта ( топта)  жүргізілген мониторинг баланың 

түрлі кезеңдердегі даму динамикасын анықтауға, педагогтың одан әрі әрекетін 

белгілеуге,  баланың  жеке  дамуына  қажетті  жұмысты  жүргізуге  мүмкіндік 

береді.  Мониторингті  жүргізудің  негізгі  әдісі  балаға  күні  бойы  жүргізілетін 

бақылау  әдісі  болып  табылады.  Мониторинг  жүргізу  үшін  индикаторлар 

Үлгілік оқу бағдарламасында жартыжылдықтар бойынша ұсынылған білім беру 

салалары бойынша күтілетін нәтижелер болып табылады.   

Диагностика  оқу  жылының  басында,  ортасында  және  соңында 

жүргізіледі:   

- бастапқы –қыркүйек; 

- аралық – қаңтар; 

- қорытынды – мамыр. 

Бастапқы  бақылау  ересек  топтың  ІІ  жартыжылдықтағы  күтілетін 

нәтижелері  негізінде  жүргізіледі.  Педагог  психологпен  және  педагог-

мамандармен  бірге  Үлгілік  оқу  бағдарламасы  мазмұнының  игерілу  деңгейін 

анықтайды.  

I  жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  аралық  диагностика 

(қаңтарда)    жүргізіледі.  Аралық  диагностиканы  жүргізудің  мақсаты  баланың 

даму динамикасын анықтау болып табылады.   



51 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Қорытынды  диагностика  ІІ  жартыжылдықтың  нәтижелері  негізінде 

жүргізіледі.  Мониторинг  нәтижелері  бойынша  Үлгілік  оқу  бағдарламасы 

мазмұнының  игерілу  деңгейі  анықталады  және  баланың  одан  әрі  дамуы 

белгіленеді.  

Стандарт  талаптары  бала  дамуының  3-  деңгейін  ұсынады:Требования 

Стандарта предполагает наличие 3-х уровней развития ребенка: 

1-деңгей – бала қандай да бір іс-әрекетті қайталайды

2-деңгей  – бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді;   

3-деңгей – бала өзінің жасай алатынын қолданады.  

Мониторинг  нәтижелері  Бақылау  парағында  толтырылады.  Алынған 

мәліметтер  негізінде    Баланың  жеке  даму  картасы  толтырылады,  оны 

балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады және баланың 

білім беру ұйымында болған барлық кезеңінде жүргізіледі.  

«Қорытынды»  бөлімде  баланың  оқу  жылы  соңындағы  жетістіктері 

белгіленеді және келесі жылға түзету жұмысы бойынша шаралар анықталады.   

Оқу  жылының  соңында  педагог  бастапқы,  аралық,  қорытынды 

мониторинг  нәтижелерімен  Жинақ  есепті  құрастырады,  балалардың 

іскерліктері  мен  дағдыларының  даму  динамикасын  бағалау  үшін    (әдіскерге) 

оқу ісінің меңгерушісіне тапсырады. (7 Қосымша). 

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар   

 

1)  ұйымдастырылған    оқу  қызметінің  ең  жоғары  шекті  көлемі    мен 



ұзақтығын қамтамасыз ету ;  

2)  мектепалды  даярлық  сыныбының  ұйымдастырылған  оқу  қызметі 

санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкестілігі.  

Мектепалды  даярлық  Үлгілік  оқу  жоспарына  (ҚР  БҒМ    2012  жылғы  20 

желтоқсандағы  №  557бұйрығы)  сәйкес  жүргізіледі  және  бес  күндік  оқу 

аптасына  есептелген.    Нормативтік    апталық  оқу  жүктемесі  балалардың  жас 

және  жеке  ерекшеліктері  ескеріліп,  жан-жақты  дамытуға  бағытталған 

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру 

саларын  кіріктіру  негізінде  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында  жүзеге 

асырылады.  

Балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  бірыңғай  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қ Р БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 

бұйрығы) негізінде жүзеге асырылады.   

Апталық  оқу  жүктемесінің    ең  жоғары  шекті  жалпы  көлемі-20  сағат. 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы – 25-30 минутты құрайды.  

Білім  беру  ұйымының  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  (кабинеттердің 

болуы,  штат  кестесінің  сәйкестігі)  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері  бойынша 

ұйымдастырылған  оқу  қызметін  жүргізу  кезінде  шағын  топтарға  бөлу 

ұсынылады. 

Сабақтар  арасындағы  үзілістерде  орташа  қарқынды  қимылды  ойындар, 

дербес қызмет ұйымдастырылады. 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес 

мектепалды даярлық сыныбы үшін аптасына вариативті компонент – 2 сағатты 

құрайды.  



52 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Вариативті  компонентті  анықтау  кезінде  балалардың  жас  және  жеке 

ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктері,  қажеттіліктері,  мүдделері  және  білім  беру 

ұйымы қызметінің бағыттары ескерілуі тиіс. Вариативті компонент мектепалды 

даярлық сыныбы балаларының рұқсат етілген жүктемесінің деңгейінен аспауы 

тиіс.  

Педагог мамандығының кәсіби құзыреттілігі мен беделін арттыру; 

Педагогтың  қызметі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады. 

Қазіргі  уақытта  Министрлік  әзірлеп  жатқан  ҚР  «Педагог  мәртебесі 

туралы» Заң жобасында педагогтың әлеуметтік кепілдіктері бойынша нормалар 

қарастырылған  (тұрғын  үй  сатып  алудың  басым  құқығы,  еңбек  демалысы 

ұзақтығы  56  күн,  педагог  балаларына  кезектен  тыс  балабақшадан  орын  беру, 

ауылдық  жерде  -  жоғары  жалақы  25%,  коммуналдық  қызметтерді  төлеу  және 

отын  сатып  алу  бойынша  қолдау,  көтерме  жәрдемақы  және  тұрғын  үй  сатып 

алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және басқалары).  



Баланы  тәрбиелеу  және  дамыту,  оның  ішінде  инклюзивті  білім  беру 

мәселелерінде педагогтар мен ата-аналарды қолдау.  

Стандартта ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жас тобына  қосу 

шарттарын  көздейтін  норма  енгізілген.  Бір  топқа  осы  санаттағы  үш  баладан 

артық емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы саны ерекше 

білім беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленушіден  азаяды. 

Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту 

Ағымдағы оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың 

өмірі  мен  денсаулығын  қорғау  міндеттерін  шешуге  бағытталған  денсаулық 

сақтау  технологияларын  қолдануға  ерекше  назар  аударылатын  болады. 

Балалармен, ата-аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар 

қауымдастығының онлайн порталын енгізу. 



Балаларды  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарға  баулу 

(«Рухани жаңғыру» бағдарламасы») 

Замануи  жалпыадамзаттық,  ұлттық  және  этномәдени  құндылықтар 

негізінде  Қазақстан халқының рухани-адамгершілік мұрасына баулу жөніндегі 

жұмысты,  тәрбие  процесіне  ата-аналардың  жауапкершілігін  арттыру  және 

белсенді түрде қосылуын жалғастыру.  

Балаларды  құрдастарына  жақсы  қарым-қатынас  жасауға  үйрету; 

адамгершілікке  баулу;  адамдарға  деген  құрмет  сезімін,  мейірімді,  қайырымды 

іс жасауға деген ниетін тәрбиелеу. 

Мектепке дейінгі ұйымның және орта білім беру ұйымының мектепалды 

сыныбы (тобы)  түлегі келесідей сапаларды меңгеруі тиіс: 

1) дене бітімі дамыған

2) білуге құмар; 

3) креативті; 

4)  өзіне сенімді және белсенді; 

5) эмоционалды елгезек; 


53 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



6)  әлеуметтік  дағдыларды  және  ересектермен,  құрдастарымен  өзара 

қарым-қатынас  жасаудың,  өз  бетінше  үйренудің  дағдылары  мен  әдістерін 

меңгерген; 

7) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат 

жөнінде алғашқы түсініктері бар; 

8)  орта  білім  беру  ұйымында  оқуға  қажетті  біліктер  мен  дағдыларды 

игерген.  

Мектепалды  даярлық  сыныптары  педагогтарының  құжаттарын 

ресімдеуге қойылатын талаптар 

Іс  жүргізудің  жай-күйі  мен  дұрыс  ұйымдастырылуы,  құжаттардың 

уақтылы  орындалуы  және  олардың  сақталуы  үшін  жауапкершілік  білім  беру 

ұйымының басшысы мен орынбасарына (әдіскеріне) жүктеледі.  

Тәрбиелеу  – оқыту процесін сапалы жүзеге асыру үшін педагогтарға ҚР 

БҒМ  2019  жылғы  17  мамырда5ы    №  217  «Оқулықтардың,  оқу-әдістемелік 

кешендерінің,  құралдарының  және  басқа  да  қосымша  әдебиеттердің,  оның 

ішінде  электрондық  жеткізгіштегілерінің  тізбесін  бекіту  туралы»  бұйрығын 

басшылыққа алуы қажет. Осы тізбеде көрсетілмеген оқулықтар, оқу-әдістемелік 

кешендер, құралдар және басқа да қосымша әдебиеттер білім беру ұйымының 

педагогикалық процесінде пайдаланыла алмайды. 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының сайтында 

«НҚА» айдарында нормативтік-құқықтық актілер (Мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты,  Үлгілік  бағдарлама, 

Үлгілік  оқу  жоспары,  балалардың  біліктіліктері  мен  дағдыларының  дамуына 

мониторинг  жүргізу  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  және  басқалары) 

орналыстырылған. 

 Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  реттейтін  барлық  нормативтік 

құқықтық  актілер  «Әділет»  ҚР  НҚА  АҚЖ-да  орналастырылған  және 

барлығына қолжетімді болып табылады. 



Мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметін реттейтін, нормативтік 

құқықтық құжаттар тізімі 

 

1. 


«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының    2007  жылғы  27 

шілдедегі  №  319  Заңы.  (04.07.2018  ж.  жайы  бойынша  өзгерістермен  және 

толықтырулармен). 

2. 


 «ҚР  тіл  туралы»  Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  11 

шілдегі № 151 Заңы. 

3. 

 «ҚР  мемлекеттік  рәміздері  туралы»  Қазақстан  Республикасының 



2012 жылғы 28 маусымдағы № 23- V Конституциялық заңы. 

4. 


 «Ойыншықтардың 

қауіпсіздігі 

туралы» 

Қазақстан 

Республикасының 2007  жылғы 21 шілдедегі №306 Заңы. 

5. 


 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық 

түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы № 343 

Заңы. 


54 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



6. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

7. 


Мемлекет  басшысының  2018  жылғы  5  қазандағы  Қазақстан 

халқына Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс 

сапасын арттыру».  

8. 


«Мектепке  дейінгі  ұйымдарға  және  сәбилер  үйлеріне  қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық  қағидаларын  бекіту 

туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 

тамыздағы № 615 бұйрығы. 

9. 

 «Білім  берудің  барлық  деңгейінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 



білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым  министрінің  2018  жылғы  31  қазандағы  №  604  бұйрығына  өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы. 

10. 


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  үлгілік оқу жоспарлары ҚР 

БҒМ 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығы. 

11. 

 Мектепке 



дейінгі 

тәрбие 


мен 

оқытудың 

үлгілік 

оқу 


бағдарлмаларын  бекіту  туралы  ҚР  БҒМ  2016  жылғы  12  тамыздағы  №  499 

бұйрығы. 

12. 

 Ойыншықтарды 



психологиялық-педагогикалық 

сараптамадан 

өткізу  ережесін  бекіту  туралы  ҚР  БҒМ    2008  жылғы  10  маусымдағы  №  337 

бұйрығы. 

13. 

«Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуды,  бастауыш,  негізгі  орта 



және  жалпы  орта  білімнің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын, 

техникалық және кәсіптік, орта  білімнен  кейінгі, қосымша білімнің білім  беру 

бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдарында  жұмыс  істейтін  педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген 

тұлғаларды  және  білім  және  ғылым  саласындағы  басқа  да  азаматтық 

қызметшілерді  аттестаттаудан  өткізу  қағидалары  мен  шарттарын  бекіту 

туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 29 маусымдағы № 316 бұйрығы. 

14. 


Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалардың 

лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2009 

жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы. 

15. 


 Мектепке  дейінгі,  орта  білім  беру  ұйымдарын,  сондай-ақ  арнайы 

білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және  жиһазбен  жарақтандыру 

нормаларын бекіту туралы ҚР БҒМ  2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы. 

 

 


55 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 





ЖАЛПЫ 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ 

ТӘРБИЕ 

ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына  сәйкес  білім 



берудің  зайырлы,  гуманистік  және  даму  сипаты,  азаматтық  және  ұлттық 

құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке адамның 

еркін  дамуы,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтеу,  тұлғаны 

білімділікке  ынталандыру  және  дарындылықты  жетілдіру,  білім  берудің 

бірлігі,  тәрбиелеу  және  дамыту  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік 

саясаттың негізгі қағидалары болып табылады. 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында  ұлттық 

сана-сезім 

мен 

отаншылдықтың 



дамуының 

жоғары 


деңгейіндегі, 

инновациялық 

экономика 

жағдайында 

табысты 

еңбек 


ететін, 

жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды  бойына  сіңірген,  елінің 

тағдыры  үшін  жауапкершілік  сезімі  бар  қоғамның  әлеуметтік  белсенді 

мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр. 

 Орта  білім  беру  ұйымдарында  тәрбие  жұмысының  жүйесі  келесі 

нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі: 

1. 

ҚР Президентінің 2016 жылғы  1 наурыздағы  № 205 бұйрығымен  



бекітілген,  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 

2. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2019 



жылғы   

15  сәуірдегі    №  145  бұйрығымен  бекітілген    «Рухани  жаңғыру» 

бағдарламасын  іске  асыру  жағдайындағы  Тәрбиенің  тұжырымдамалық 

негіздері; 



56 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы   

15  сәуірдегі    №  145  бұйрығымен  бекітілген,  2019-2024  жылдарға 

арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  тәрбиенің 

Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың  іс-шаралар жоспары; 

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы  

1  қазандағы  №    525  бұйрығымен  бекітілген,  Қазақстан 

Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.  

Жалпы  білім  беретін  ұйымдардағы  тәрбие  жүйесінің  қазіргі  кездегі 

модельдерінде  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру 

ұйымының тәрбие мен білім беруді, академиялық пәндер мен қосымша білім 

беруді  кіріктіру,  Қазақстанның  түрлі  өңірлерінде  өлкетану-зерттеушілік 

экспедициялар, әлеуметтік, зияткерлік бастамаларға және мұғалімдердің ата-

аналармен ынтымақтастық тәжірибесіне ресурстық қолдау көрсетуді, әртүрлі 

жастағы білім алушыларды өзін-өзі басқаруға тартуды ұйымдастыру арқылы 

әлеуметтік-педагогикалық  орта  құру  бойынша  тәжірибесін  тарату  көрініс 

тапты. Сонымен бірге білім беру-тәрбие процесіне тартылған мұғалімдердің 

педагогикалық  құзыреттілігін,  кәсіби  шеберлігін  арттырудың  инновациялық 

каскадты әдісі белсенді пайдаланылады.  

Тәрбие  әрбір  педагогтің  идеологиясын,  стратегиясы  мен  тактикасын 

анықтай  отырып  кәсіби  қызметінің  негізін  құрайды.  Мұғалімнің  кәсібилігі 

тәрбиеші  сияқты  білім  алушының  жасына,  жынысына,  субмәдениетіне, 

коммуникациясының  жеке  ерекшеліктеріне  және  білімділігіне  негізделген. 

Тәрбиелеу  процесі  оқу  пәнінің  мазмұны  арқылы  жүретіні  сияқты  сабақтан 

тыс қызметті  ұйымдастырудың  әрқилы түрлері арқылы да жүреді. 

Қазіргі  қазақ  мектебінде  тәрбиелеудің  идеологиялық  мазмұны  жоғары 

әлеуметтік  және  азаматтық  жауапкершілікті  қалыптастыру  мақсатында 

барлық  санаттағы  білім  алушыларды  толық  қамтудың  маңыздылығын 

ескереді. Мұндай жұмыстың тиімділігі үшін қажетті жағдай оның жүйелілігі, 

сабақтастығы  мен  дәйектілігі  болып  табылады.  Оны  оқу  процесіне 

қатысушылардың  барлығы  (білім  алушылар,  мектеп  әкімшілігі,  мұғалімдер, 

ата-аналар)  мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдармен  тығыз  байланыста 

жүзеге асыруы керек. 

Мұғалімнің  тәрбиелеудегі  рөлі  білім  саласындағы  ағымдық  үрдістерді 

ескере отырып, білім алушыға қажетті білім деңгейін хабардар ету ғана емес, 

оларды  меңгеруге,  өз  күшімен  қол  жеткізуге  және  практикада  қолдануға 

ынталандыру  қажеттілігімен  күшейеді.  Мұғалім  белсенді,  тәуелсіз  және 

шығармашылық  ойлауды  дамытуға  бағытталған  білім  беру  және  тәрбие 

процестерін үйлестіре білуі керек. 

Сабақ  барысында  мұғалімнің  тәрбиелік  белсенділігі  білім  берудің 

жаңартылған  мазмұндағы  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларына 

құндылықтарды  енгізуде  айтарлықтай  маңызға  ие  болады.  Мұғалімдердің  

жеке  қасиеттері,  кәсібилігі,  білім  алушылармен    қарым-қатынас  жасау 

қабілеті  оқу-тәрбие  процесінің  жоғары  тиімділігін  қамтамасыз  етудің 

міндетті шарты болып табылады. 



57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет