Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
25
3) бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе
«НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;
4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және
оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке
тапсырмаларды әзірлеуі;
6) сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ
ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере
отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;
7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары
барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу
жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.
Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау
жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу
тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге
болмайтынын білуі тиіс.
Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.
Ескерту! Сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс
дәптерлерін пайдалану міндетті емес.
Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді.
Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:
1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде,
үнемі өзін-өзі бағалау жұмыстарын өткізеді.
2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
3. Білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен
емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлері қолданылады және
мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары
әзірленеді;
5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады;
6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті
шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді;
7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін БЖБ және ТЖБ оқу
тапсырмаларына өтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту
критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.
Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері
көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану,
анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.
Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық
деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге
оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс
таңдауға мүмкіндік береді.
8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған
критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
26
бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау
маңызды.
10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын
салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия
ұйымдастыру ұсынылады.
Өзін-өзі бағалаудың басты мақсаты - білім алушы өзін-өзі бақылайды,
реттейді, оқу жетістіктерін өз бетінше сараптайды. Өзін-өзі бағалау:
• білім алушының нақты бағалау критерийлерін қабылдауы немесе
бағалау критерийлерін бірлесіп әзірлеуі;
• оқу тапсырмасымен танысуы;
• критерийлер бойынша өзін-өзі болжамды бағалауы (орындай аламын
ба?, барлығын орындай аламын ба?, тапсырманың жартысын орындаймын?);
• рефлексивтік өзін-өзі бағалауы;
• қателермен жұмыс жасау сияқты рәсімдерден тұрады.
Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауынан бұрын өткізілуі тиіс.
Өзін-өзі бағалау түрлері
Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге
асырылады және оны жиынтық бағалауға дайындық кезінде өткізген тиімді.
Білім алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені
орындай алмайтынын анықтайды.
Оқу жетістіктерінің бағалау критерияларына сәйкес тиісті тапсырмалар
таңдалады және жасалады. Білім алушылар критерийлермен БЖБ және ТЖБ
басталғанға дейін танысуы керек. Бұл жағдайда, білім алушылар үнемі сол
критерийлерге сүйенеді және жиынтық жұмысқа дайындық барысында
өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.
Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін
немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға
тырысады, сондай-ақ қателерінің себептерін табады.
Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа
материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады.
Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы
өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.
Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың
критерийлерін ұсынады.
Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім
беру дағдыларына да әсер етуі мүмкін. Бастауыш мектептің негізгі
міндеттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі – топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу,
сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес.
Бастауыш мектептегі жалпы білім беру процесінде жалпы білім
қабілеттерін қалыптастыру процесі бақыланатын болады.
Бірінші сыныпта білім алушыларға бағалау құралдарын қолдану, бағалау
критерийлерін таңдау, олардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен
байланыстыруды үйрету жеткілікті. Алдымен білім алушылар өзінің жұмысын
өлшемдермен салыстыруға үйренеді. Өлшемдерге әріптер мен сандарды жазу
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
27
үлгісі жатады. Бағалаудың сәйкес келмеуі рефлексияның мәні болып табылады.
Критериялар ретінде пәндік және жалпы оқуға икемділігі көрсетіледі.
Мысал ретінде, бастауыш мектепті бітіруші «Математика» пәнін оқу
барысында төмендегідей пәндік жалпы оқуға икемділігі қалыптасуы тиіс:
математикалық моделдеудің, мәтіндік (сюжеттік) тапсырмаларды шешу
әдістері.
Математикалық модельдеу білім алушылардың нақты пәндік
дағдыларды біртіндеп меңгеруін білдіреді: сызба, формулалар (теңдеу), сандық
өрнек, тапсырманы кесте, сызбанұсқа ретінде көрсету, бір моделден екіншіге
өтуді жүзеге асыра білу қабілеті. Сонымен қатар, бастауыш мектеп бітірушісі
мәтіндік тапсырманы 1-2 әрекетте ғана шешіп қоймай, мәндердің берілген
мәндері мен олардың арасындағы байланыс үшін, тапсырманы тұжырымдай
білу (кем дегенде 1 әрекетте) керек.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту барысында, мысалы, төмендегідей
дағдылар қалыптасуы қажет:
- нысандар арасына қарамастан байланыстар орнату, нысандардың өмір
сүру және даму жағдайларын сипаттау;
- жіктеу, нысандарды салыстыру, уақытты анықтау және кеңістікті
сипаттау;
- ғылым әдістерін қолдану, ең бастысы байқау әдістерін, өлшеуді жүргізе
білу.
Оқу пәні мен оқыту мақсаттарының жүйесіне сәйкес оқу пәндері
бойынша бағалау критерийлері әзірленуде.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін
өзі таңдап, әзірлей алады.
1. Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес,
сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды
қамтуы керек, яғни:
- тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады,
мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне
айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;
- тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды,
мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп»
немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».
2. Тапсырмалар әртүрлі факторлармен жүктелуі керек, олардың бірі пән
бойынша оқытудың нақты нәтижесі болып табылады, ал екіншісі жалпы білім
беру (әмбебап) дағдыларын игерудегі білім алушының жеке қасиеттерін
көрсетеді. Мәселен, «Мәтіннің үшінші абзацындағы түбірінде дауысты
дыбысы бар үш сөзді жаз, оларға сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз».
Сыныптағы
балалардың
дайындық
дәрежесі,
олардың
оқуға
қабілеттілігіне байланысты, мұғалім белгілі бір уақыт аралығында аралық
нәтижелерге қол жеткізе алады.
Бұл ретте жетістіктерді бағалау үшін қажетті (негізгі) нәтижені барлық
сынып білім алушылары көрсете алатындай критерийлерді таңдау қажет.
Басқа критерийлер барлық белгілі бір мерзімге қосымша ретінде қабылданады.
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
28
Көптеген білім алушыларды қосымша критерийлермен бағалауға болады, бірақ
барлық 100% білім алушылардың әрі қарай оқуда табысқа жетуі үшін негізгі
базалық критерийлерге сәйкес нәтижелерін ғана көрсету жеткілікті.
Бірінші
сыныптағы
бағалау
қызметін
ұйымдастыру
әдістерін
қарастырамыз.
Бастапқыда үлгі критерий болады. Мұғалім әріптер элементінің дұрыс
жазылуын көрсетеді, балаларды сөзбен қайталап айтуды және олардың оқу
нәтижесін үлгіге (өлшемшартпен) сәйкес бағалауды сұрайды.
Білім алушының өздігінен бағалауынан кейін бағалауды мұғалім
жүргізеді. Бағалаудың сәйкессіздігі рефлексияны тудырады: менің бағалауым
неге мұғалімнің бағалауымен сәйкес келмеді? Мен әріптің қай элементін қате
жаздым? Білім алушы өз қателігінің себебін табуға тырысады.
Әр жұмысты әртүрлі критерийлермен бағалауға болады, бірақ білім
алушы алдымен бір критерийдің призмасы арқылы нәтижесін көруді, содан
кейін бірнешеуін көруді үйренуі маңызды. Тапсырманы орындауға дайындық
барысында мұғалім білім алушылардан: «Біз қандай дағдыларды, қандай
ережені тексереміз?»,- деп сұрайды.Солай критерийлер қалыптасады.
Білім алушылар оқу тапсырмаларын бірнеше критерийдің призмасы
арқылы көруге, бірнеше критериймен өзін бағалауды үйренеді.
Тапсырманы орындай отырып білім алушы іс-әрекетінің өзін-өзі бақылау
және қалыптасқан критерийлер бойынша өзін сауатты бағалауды жүзеге
асырады.
Диктант, шығарма, бақылау жұмысы, эссе жазуға дайындық кезінде білім
алушылар тұжырымдалған критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлерге
негізделген нәтижелердің бағасы мұғалімнің объективті болуына, білім
алушыға орындаған тапсырмалар деңгейін болжауға, қателердің себептерін
анықтап, ескертуге мүмкіндік береді.
Мұғалім мен білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелеріне жақсы
баға бергені маңызды. Ал білім алушылардың қателерін әрі қарай жетістіктерге,
білім беру мақсаттарына қол жеткізуге пайдалану қажет.
Критериалды бағалау құралдары
Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін
көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін оның
кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.
Негативті баға білім алушының ынтасына,
жауапкершілігіне,
табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық
сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Бұл ретте
білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, білім
алушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет. «Бүгін
сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді
түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал),
«Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес»,«Есептеу
өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен
тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
29
жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде
орындалады, осылай жалғастыра бер».
Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:
- білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол
жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;
- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін
мақтаңыз;
- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі
жағымды екенін айтыңыз.
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды,
содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта
пайымдауды үйренуі керек.
Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.
Мұғалім білім алушыларға
өзара әрекеттестік-
тің, конструктивті қарым-
қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.
Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі
жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім
алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.
Формативті бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы
жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан
әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және
педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе
ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.
Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалімдер,
білім алушылар, ата-
аналар, әкімшілік /мектеп әкімшілігі/ қатысуы қажет.
Формативті бағалау түрінің
ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама
болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар.
Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді.
Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар
қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.
Формативті бағалау білім алушылардың оқу процесінде білімді меңгеру
және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру
процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру
үшін жүргізеді.
Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған
тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері
байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.
Формативті бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу
мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды.
Б
ілім
алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі
түсінікті болу үшін
бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.
2-кестеде
оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының
деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде
бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
30
2-кесте -
Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері
Дағдылар
Сипаттама
Білу
Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу
және еске түсіру
Түсіну
Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты
интерпретациялауды көрсету
Қолдану
Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес
жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану
Талдау
Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету,
себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен
әртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, және/немесе жалпы
ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.
Синтез
Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта
құру қабілетін көрсету
Бағалау
Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің
маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру
Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін
ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.
Төменде ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша
күтілетін нәтижелерді анықтау үшін пайдаланылатын етістіктер кестесі
берілген (3-кесте).
3-кесте – Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы
Р/с
Ойлау
дағдылар
ының
деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін
етістіктер тізбесі
1
Білу
Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау,
жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.
2
Түсіну
Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау,
тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.
3
Қолдану
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету,
табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу,
иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау,
аздап жаттықтыру
, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау,
көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.
4
Талдау
Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу,
салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырата,
айыра, зерттеуге, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу,
күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.
5
Синтез
Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау,
құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап
табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау,
дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату,
анықтап алу және т.б.
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
31
6
Бағалау
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру,
дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу,, алдын ала
болжау,
реті бойынша бөлу
, ұсыну-ұсыныс жасау,
бөліп/атап көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау,
кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып
шығу.
Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс
критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды
толықтырады.
Формативті бағалауда мұғалім топтардағы жұмысты белгілі бір
дағдыларды бағалаудың тиімді әдісі ретінде пайдалана алады.
Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың
талқылауын бақылайды және тыңдайды: кейбір білім алушылар бағалау
критерийлеріне сәйкес оқу мақсаттарының жетістіктерін тез көрсете алады.
Бұдан әрі мұғалім оқыту мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатын білім
алушыларды тағы бақылауы қажет және оларға қосымша сұрақтар қою керек.
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың жұмысын бақылауы тиіс.
Сонымен, формативті бағалау бес негізгі стратегиялардан тұрады:
-
күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;
-
сыныпта түсінгендерін куәландыратын тиімді талқылаулар мен
өзара іс-әрекеттер қалыптастыру;
-
білім алушыларды нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын кері
байланыс ұсыну;
-
білім алушыларды өзара оқыту көздері мен ресурстары ретінде
тарту;
-
білім алушының өз білімін «жасаушы» ретінде қалыптасуы.
Формативті бағалау кезінде мұғалім бағалауда жеке тәсілдемені ескеруі
тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын дамыту
үшін көп уақыт қажет екенін көрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалауға
және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу
кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.
Мұғалімге сондай-ақ, тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін
бағалау қажеттігін есте сақтау маңызды: тыңдалым, айтылым, жазылым және
оқылым.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын
мұғалімдер өз бетінше әзірлейді немесе ұсынылған жинақтарды пайдалана
алады. Формативті бағалау бойынша есеп беру құжаты болуының қажеттілігі
жоқ.
Формативті бағалау кезінде мұғалімнің өзі білім алушылардың санын
және кері байланыс жиілігін анықтайды.
Формативті бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі
(сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. Формативті бағалау
нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды.
Білім алушылар үлгерімінің ағымдағы мониторингі мұғалімдердің тоқсан
аяқталғаннан кейін оқу материалының оқу мазмұнын анықтау мен түзету және
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
32
бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) үшін жиынтық бағалау түрінде жүзеге
асырылады.
Білім алушыларға өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгілі бір
дағдыларды дамытуға, сондай-ақ мұғалім білім алушылардың жұмысын
объективті бағалауға мүмкіндік беру үшін тапсырмалар әртүрлі және
жеткілікті болуы керек.
Үйге берілген тапсырмалар жеткілікті және ұсынылған көлемінен
аспайтындай болғаны жөн. Аталған тапсырмалар алған білімін бекіту және
ойлау үшін қажет. Мұғалім зерттелген құбылыстардың ішінде ұқсастықтар мен
келіспеушіліктерді анықтайтын, сондай-ақ кеше немесе бұрын өткенді
салыстыру тапсырмаларын бере алады.
Тапсырмалар белгілі бір критерийлер бойынша балдармен өлшенетін
жұмыспен аяқталуы тиіс.
Бөлім/ортақ тақырыптарға арналған жиынтық бағалаудың нәтижелері
бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде
ескерілетін балдары қойылады.
Білім алушылардың бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық жұмыстары
(БЖБ мен ТЖБ) білім беру ұйымдарында жыл бойы сақталады және білім
алушы басқа мектепке ауысқан жағдайда, құжаттарымен бірге берілуі мүмкін.
БЖБ максималды балын, БЖБ өткізу түрі (бақылау, практикалық
немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және
БЖБ орындау уақытын білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңесі немесе
мұғалімнің өзі анықтайды. Бұл ретте БЖБ бойынша алған ең жоғарғы
көрсеткіш 1-4-сыныптарда 7-ден төмен және 15 балдан артық емес, 5-11 (12)-
сыныптарда 7-ден төмен және 20 балдан артық болмауы тиіс.
Жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат білім алушыларға, ата-
аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз немесе электронды түрде
беріледі.
Тоқсан бойынша оқу пәндері деңгейінің күрделілігін ескере отырып,
күніне үшеуден аспайтын жиынтық жұмыстарын өткізуге болады. Олар тоқсан
аяқталуының соңғы күні өткізілмейді.
2-11(12)-сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша жылдық
бағалары жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы тоқсандық бағалар
жиынтығының
орташа арифметикалық мәні
ретінде
қойылады
және
қорытынды баға болып табылады.
Оқу
жылының
қорытындысы
бойынша аралық аттестаттау
жүргізілмейді.
Отбасы мен мектеп арасында сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында
баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері кері байланыс ретінде формативті
бағалау туралы ағымдағы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Білім алушылардың тоқсан бойынша жиынтық бағалауының оқыту
нәтижесін әділ және ашық бағалауын қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бір пән
бойынша бір жүйеде бағалау мақсатында және сынып параллелінде білім
алушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін талқылау үшін модерация
процесін өткізеді.
|