ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет5/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

33 



 

Пән-мұғалімдері  ТЖБ  қорытындысы  бойынша  модерация  өткізеді.  

Жиынтық  жұмыс  пен  модерацияны  өткізу  арасындағы  уақыт  2-3  жұмыс 

күнінен аспауы керек. 

Бұл  білім  беру  процесінің  нәтижелілігі  мен  сапасын  айтарлықтай 

арттыруға  жол  ашады.    Анализ  негізінде  білім  алушының  оқу  материалын 

меңгеруіне    қиындық  туғызатын  себептері  туралы    қорытынды  шығарылады, 

проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін жолдарын  анықтайды.  

Модераторлық сессияда мұғалімдер жасаған сұлбаға сәйкес жинақталған 

жұмысты  талқылайды,  қажет  болған  жағдайда,  ұпай  жинау  сұлбасына 

өзгерістер  мен/немесе  толықтырулар  енгізеді.  Модерация  аяқталғаннан  кейін 

хаттама толтырылады. 

Модерацияның  нәтижелері  бойынша  балдары  өзгеруі  мүмкін  білім 

алушылардың  жалпы  жұмысы  қайта  қаралады.  Модерация  нәтижелеріне 

негізделген  жиынтық  жұмыс  қорытындысы  жоғары  және  төменде  өзгеруі 

мүмкін. 


Электронды  журналға    білім  алушылардың  тоқсандардағы  жетістіктері 

(бөлімдер  мен  тоқсандар  бойынша  жиынтық  бағалау  балдары),  сондай-ақ 

балдарды  бағаға  айналдыратын  (тек  тоқсан  және  оқу  жылының  нәтижесі 

бойынша) шкала автоматты түрде  бағаларды есептеп шығарады. 

Білім  берудің  барлық  деңгейінің  әр  оқу  пәні  үшін,  тоқсанның  бөлімдері 

бойынша  жиынтық  жұмыстарының  саны  көрсетілген,  электронды  журналдың 

форматы әзірленген. 

«Kүнделік»  электронды  мектеп  журналдары  жүйесін  5400-ден  астам 

мектеп қолданады. 

Kundelik.kz  –  білім  саласындағы  электронды  құжат  айналымының 

мүмкіндіктерін  білім  беру  жүйесінің  барлық  қатысушылары  арасындағы 

әлеуметтік  желілік  өзара  қарым-қатынастың  құралымен  біріктіретін  интернет-

портал.  

Жобаның  мақсаты  Қазақстан  Республикасының  барлық  білім  беру 

процесіне  қатысушылардың  электронды  білім  беру  технологияларына  тең 

дәрежеде  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету,  бәсекеге  қабілеттілікті  қамтамасыз 

ету  үшін  білім  сапасын  жоғарылату,  сондай-ақ,  функцияларды,  оқу-тәрбие 

процестері мен жалпы білім беру ұйымдарының бақарушылық қызметтері орта 

білім  беру  басқармалары  органдарын  автоматтандыру  есебімен,  Қазақстан 

Республикасының жалпы білім ұйымдары білім алушыларының білім алудағы 

жетістіктері есебінің жүйесін жүзеге асыру болып табылады. 

«Kүнделік»  журналы  тегін  болып  табылады.  Kundelik.kz  сайтын  

қолданғаны үшін абоненттік төлем алынған емес және алынбайды. 

Ата-аналарға  Kundelik.kz  сайтында  өзінің  логині  мен  құпия  сөзі  арқылы 

«Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, 

бағалары мен үй тапсырмаларын білуге үнемі тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты 

пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды. 

Болашақта  қосымша    міндетті  емес  ақылы  қызметтер  пайда  болады  деп 

болжануда.  Мысалы,    білім  беру  қосымшалары  және  контент  болуы  мүмкін. 

«Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

34 



 

Әр  ата-ана  оған  өз  қалауымен  қосылуға  құқылы,  ол  ата-анаға  нақты  пән 

бойынша  өз  баласының  үлгерім  деңгейін  сыныптың  басқа  да  білім 

алушыларының  үлгерімімен  салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  опцияның 

баланың  бағасын  электронды  күнделік  түрінде  үнемі  тегін  кез  келген  уақытта 

қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ. 

Тұтынушы  мәліметтерін  қорғауға  қатысты  ақпарат.  Kundelik.kz  сайты 

және  тұтынушылардың  барлық  мәліметтері  «Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрлігі»  ММ  бекітілген  және  «Ұлттық  ақпараттық 

технологиялар»  АҚ  мемлекеттік  ақпараттық  жүйелер  операторына  тиесілі 

ақпараттық-есептеу  ресурстарында,  яғни  Қазақстан  Республикасының 

аумағында  жабық  қорғалған  мерзім  орталығында  орналастырылады. 

Тұтынушылар  мәліметтері  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  тікелей  жүргізуінде  болады.  Kundelik.kz  жүйесіне  кіру  жабық 

болғандықтан, ешбір деректер қолжетімді емес. Kүнделік.kz ішінде әлеуметтік 

желі  бар.  Бұл  байланыстың  заманауи  құралы,  соның  арқасында  тұтынушылар 

жүйе  ішінде  бір  бірімен  қарым-қатынас  жасай  алады.  Бұл  әлеуметтік  желіде 

басқа  әлеуметтік  желілер  сияқты  анонимді  тұлғалар  өз  бетімен  тіркеле 

алмайды.  Әр  тұтынушыны  мектеп  тіркейді.  Сондықтан,  Күнделік  желісіне 

балаларға  қауіп  төндіретін  анонимді  тұлғалар  кіре  алмайды,  ондай  тұтынушы 

бірден анықталып, оған тосқауыл қойылады.  

Бұдан  басқа,  әрбір  тұтынушы  өз  бейінінде,  мәліметтері  ешкімге 

көрінбейтін, 

қызметтерді 

таңдап 

ала 


алады.Бұл 

 

Kundelik.kz–ті  



жасөспірімдердің  қарым-қатынас  жасау  үшін  ең  қауіпсіз  білім  алу  ортасына 

айналдырады. 

Тіркелу    үшін  тұтынушының  ЖСН-інің  болуы  міндетті  емес.  Ата-

аналарға  тіркелу  үшін  тегін,  атын,  әкесінің  атын,  туған  күнін  және  жынысын 

хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап 

етілмейді.  Ата-аналардың  тіркелуі  өз  қалауы  бойынша  іске  асады,  себебі, 

үлгерім  туралы  ақпаратпен  қатар,  ата-ана,  мұғалімдер  және  мектеп 

әкімшілігінен  жеке  хабарлама  да  ала  алады.  Осылайша,  ата-аналар  мен 

педагогтер  арасында  тікелей  онлайн  қарым-қатынас  орнайды.  Сонымен  қатар, 

болашақта  ата-аналарға  арналған,  мысалы,  Ата-аналар  кеңесі  және  т.б. 

ақпараттық бөлімдер пайда болады.  

Осындай  жолмен,  ата-аналар  мен  педагогтер  арасында  тікелей  онлайн 

коммуникация  орнатылады.  Сонымен  қатар,  келешекте,  мысалы,  Ата-аналар 

кеңесі және т.б. ата-аналарға  арналған ақпараттық бөлімдер қосылады.   

Электронды  журналмен  қатар  қағаз  нұсқада  есеп  беруді  қолдануға 

қатысты.  Мектеп  әкімшілігінің  мұғалімдерден  электронды  және  қағаз 

журналды  қатар  жүргізуін  талап  етуіне  сәйкес  қандай  да  бір  нормативтік 

құжаттар  жоқ.  Мұғалімдердің  қалауымен  бір  электронды  журналды  немесе 

электронды және қағаз журналдарды қатар жүргізуге рұқсат беріледі. 

Kundelik.kz  жүйесінде  жыл  басында  бір-ақ  рет  таңдап  алынатын 

журналдың екі түрі бар, олар – жаңартылған мазмұнға кірген 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- 

сыныптарға арналған «Критериалды бағалау журналы» және сыныптың қандай 

бағалау  жүйесімен  оқытылатындығына  байланысты  4,  9,  10,  11-сыныптарға 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

35 



 

арналған «Классикалық журнал». 

Жиынтық  бағалау  журналында  оқу  бағдарламасы  бөлімдері  үшін 

жиынтық бағалаудың ең жоғарғы санын қою және ең жоғарғы балл көрсетілген 

баған қарастырылған. 

Егер оқу  бағдарламасының бөлімдері аз  болса (мысалы  2 бірлік), онда 2 

артық жиынтық жұмыстарының ең жоғарғы балын көрсету қажет емес.  

Жиынтық бағалау журналына: 

•  бөлім  бойынша  әр  жиынтық  жұмысының  (БЖБ)  балы  –  жиналған 

балдардың сомасы мен оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі

•  оқу  кезеңінің  жиынтық  жұмыстары  (ТЖБ)  бойынша  балл–

ерекшеліктерге сәйкес жиналған балдардың сомасы

•  оқу  кезеңі  бойынша  бағалау  -  оқу  кезеңінің  ішінде  барлық  жиынтық 

жұмыстарға  белгілі  бір  пайыздық  арақатынасының  бал  сомасы.  Оқу  кезеңінің 

ішінде білім алушы ең жоғарғы БЖБ% + ТЖБ% = 100% ала алады: БЖБ % 50% 

- ға теңестіріледі, сәйкесінше, ТЖБ% да 50% -ға теңестіріледі;   

•  жылдық бағалау – шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңі бойынша ықтимал 

ең жоғарғы балға жиналған соманың пайыздық арақатынасы. 

Пайыздарды  шығару  үшін  балды  енгізген  кезде  браузер  парақшасын 

жаңарту керек: парақшада «Ctrl+F5» пернесінің комбинациясын басу керек. 

Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға 

қойып,  түзету  немесе  жою,  содан  кейін  пернетақтадағы  «Enter»-ді  басу  керек. 

Егер  қателесіп  басқа  бөлім  толтырылатын  болса,  онда  алдымен  балдарды 

жойып, содан кейін ғана ең жоғарғы балды жоюға тура келеді. 

Жиынтық бағалауды қою үшін алдымен «Ең жоғарғы балды», содан кейін 

БЖБ-лар  мен  ТЖБ-ларды  қою  керек.  1-сыныптарда  БЖБ-лар  мен  ТЖБ-ларды 

тек 3-4-тоқсандарда қою қажет. Егер 1, 2-тоқсандарда БЖБ-лар мен ТЖБ-лар не 

болмаса  «Ең  жоғарғы  балдар»  көрсетілген  болса,  онда  жылдық  бағалау 

қалыптаспайды. 

«Ең  жоғарғы  балды»  өзгерту  үшін,  ең  алдымен,  осы  ең  жоғарғы  бал 

оқулықтарының барлық БЖБ-ларын жою қажет. Осыдан кейін ғана  ең жоғарғы 

балды түзетуге болады. 

Түсіндіру  жұмыстары  мақсатында  мұғалімдер,  ата-аналар  мен  білім 

алушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланды. 



Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады? 

Білім  алушылар  мен  ата-аналарға  тіркелуге  арналған  логин  және  құпия 

сөз  алу  үшін  мектептегі  мәліметтерді  Жүйеге  енгізуге  жауапты  тұлға,  яғни 

әкімші  болып  табылатын  қызметкерге  хабарласу  қажет.  Егер  әкімші  туралы 

ақпарат  болмаған  жағдайда  мәліметтерді  алу  үшін  сынып  жетекшісіне 

хабарласуға болады. 



Не  үшін  профильді  баптауда  өз  тегі,  аты-жөнін  өзгертуге  болмайды  

және қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады? 

Тұтынушылардың  тегі,  аты-жөнін,  туған  күнін  және  жынысын  

редакциялау  құқығының  болмауы  жоғары  тұрған  инстанцияға  ұсыну  үшін 

«Kundelik.kz»  ААЖ көмегімен білім алушылар, ата-аналар және қызметкерлер 

туралы  деректерді  автоматты  түрде  жинауға  негізделген.  Білім  беру 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

36 



 

саласындағы  электронды  құжат  айналымының  мәні  осында.  Берілген 

ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға 

тек келесі мектеп қызметкерлерінің ғана құқықтары бар: 

• 

әкімші; 


• 

сынып жетекшісі. 



Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады? 

Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы 

навигациялық жолақтан «Білім беру» - «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет. Ата-

аналар үшін сол  навигациялық  жолақта  «Балалар»бөлімі  бар.  Берілген 

сілтемені  басқанда  ол  барлық  мәліметтер  жиналған  бетке  түседі.  «Күнделік» 

сілтемесі  бойынша:  күнделік  (ағымдағы  аптаның  әдеттегі  қалпы  бойынша 

сабақ,  баға  және  үй  тапсырмасы  жөніндегі  ақпараттар);  сабақта  оқытылған 

және үйге берілген тапсырма. 

«Мұғалім  жазбалары»  бағаны  жекелеген  білім  алушылардың  мінез-

құлықтары  мен  олардың  жетістіктері  немесе  оқу  барысында  артта  қалуы 

туралы ескертпелер жазу мақсатына қызмет етеді. 

Білім  алушылардың  бөлімдер/ортақ  тақырыптардың  жиынтық  бағалау 

қорытындылары  бойынша  балдары  аталған  жұмыс  өткізілгеннен  кейін  екі 

күнтізбелік күн ішінде журнал бағанына қойылады. 

Үй  тапсырмасына  «Үй  тапсырмасы»  бөлімінде  қолжетімді,  ал  қоңырау 

және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады. 



Мұғалімдердің,  білім  алушылардың  және  олардың  ата-аналарының 

деректерін қалай жаппай жүйеге енгізуге болады? 

Мектеп  профилін  толтыру  кезінде  қызметкерлер  уақытын  үнемдеу  үшін 

жүйеде  мұғалімдердің,  білім  алушылардың  және  олардың  ата-аналарының 

деректерін импорттауға болады.  



Бағалардың  жиі  сақталмай  жоғалып  кетуіне  байланысты  мұғалімге 

бағаны қайта қоюына тура келеді. 

Журналдағы бағаның жоғалып кетуінің бірнеше себептері бар:  

*журналда  әкімші,  пән  мұғалімі,  мұғалім-редактор  немесе  сынып 

жетекшісінің бағаны әдейі немесе кездейсоқ нүктелі жоюы себеп болды; 

* әкімшінің әдейі немесе кездейсоқ кестені жоюы себеп болды; 

бағаларды 



қоюда 

Internet 

Explorer 

браузері 

қолданылды 

(қолданылмайтын нұсқа). 

* бағалау жүйесі күшпен өзгертілді.  

Айына  бір  рет  журналдың  резервтік  көшірмесін  түсіру  ұсынылады, 

сондай-ақ  осыған  ұқсас  жағдайларды  болдырмау  мақсатында  үштен  артық 

қызметкердің әкімшілік құқығын көрсетпеу ұсынылатындығын еске саламыз. 



КТЖ  өзгерісіндегі  проблемалар.  Өзгерістер  енгізу  үшін  (сабақты, 

тақырыпты  ауыстыру)  басылымдардан  барлық  КТЖ-ны  алып  тастап, 

барлығын  қайта  қолмен  толтыру  керек  болады,  себебіжыл  бойына  қойылған 

тақырыптар өшіп қаладыжәнесақталмайды.  

Сіз  КТЖ-ны  түзеткеннен  кейін,  оны  жариялап,  «Кесте  бойынша  бөлу» 

ұсынылады,  сонда  ғана  тақырыптар  сабақтар  бойынша  автоматты  түрде 

бөлінеді.  Әр  сабақ  өз  орнына  келеді.  КТЖ-да  көрсетілген  сағаттар  санының 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

37 



 

кестеде  көрсетілген  сағаттардың  санымен  сәйкес  келуі  маңызды.  Сәйкес 

келмеген  жағдайда  сабақтардың  тақырыптары  «жылжып»  қажетті  күнмен 

сәйкес келмей қалуы мүмкін. 



Кесте генераторы бойынша сұрақтар.  

Кестені түзету және топтарды қосқан кезде, сабақта нақты қандай шағын 

топтар  қатысатындығын  тексеру  қажет.  Егер,  қателесіп  басқа  топты  таңдаса, 

онда қойылған бағалар жоғалып кетеді. 

Кестені  ауыстыру  немесе  жаппай  жариялау  қажет  емес.  Егер  бір  пән 

бойынша  ғана  туындайтын  болса,  деректерді  өзгерту  қажет.  Алдымен, 

енгізілген қатені анықтау керек. Егер кабинет, сабақтың нөмірі немесе мұғалім 

дұрыс көрсетілмесе, онда бағалар жоғалмайды. Егер қателік кіші топтың өзінде,  

болмаса пәнде болса, онда бағаларды көшіріп, экспорттап, содан кейін өзгерту 

керек.   



Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы 

бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?  

Жоқ,  Жүйеге  кіру  және  жұмыс  істеу  қарапайым  браузермен  іске  асады. 

Тұтынушыларға  қолдау  көрсету  порталындағы  «Ұсынылатын  браузерлер» 

мақаласында: жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне  кепілдік беретін және қолдайтын 

браузерлер тізбесі бар. 

 

Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электронды 



журналына  қосыла  алады.  Ол  үшін 

https://kundelik.kz/

  сайтында 

қосылуға өтінім бере алады («Қосылу БҰ» командасы). 

Kundelik.kz  пайдалануға  қатысты  кез  келген  қиындықтар  туындаған 

жағдайда  Тұтынушыларға  қолдау  көрсету  орталығына  хабарласуға  болады:

(727) 313-18-32 немесе 



team@kundelik.kz 

 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының    79-қадамына  сәйкес  



жаратылыстану-математикалық  циклдің  бірқатар  пәндерін  ағылшын  тілінде 

оқытуға көшу жұмысы жүргізілуде. 

Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  Қазақстан  Республикасының  2016-2019 

жылдарға  арналған  Білім  және  ғылымды  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасында»  көрініс  тапқан.  Сонымен  қатар,  2015  жылы  2015-2020 

жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы қабылданды. 

4 пән бойынша сөз қозғағанда, келесі фактіні ескерген жөн. Барлық білім 

алушылар 

үшін 

міндетті 



10-11-сыныптарға 

арналған 

Үлгілік 

оқу 


бағдарламалары дайындық бағытынан тыс (ҚГБ, ЖМБ), сондай-ақ стандартты 

және  тереңдетілген    деңгейлерді  таңдауға  арналған  пәндер.  ЖМЦ  міндетті 

пәндерінің қатарына информатика ғана кіреді, ал қалғандары таңдау компонент 

бөлімінде.     Осылайша  ең  кемінде  төрт  пәннің  ішінен  бір  пән  –  информатика, 

информатика және екеуі таңдау бойынша. 

Информатика  –  қазіргі  балалардың  жазудан  бұрын    білетін    пәні,  себебі 

олар компьютерді жастайынан меңгереді. Ал компьютердің тілі – ағылшын тілі. 

Химия,  физика,  биология  –  бұл  әлемнің  табиғи  ғылыми  көрінісін  бейнелейтін 

пәндер  және  басқа  тілдік  емес  пәндермен  салыстырғанда  бұл  пәндердің 

материалдары  ағылшын  тілімен  кіріктіріледі,  өйткені  осылардың  ерекшелігіне 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

38 



 

қарай,  оларға  сабақтан  сабаққа  дейін  үнемі  қайталанатын  грамматикалық 

конструкциялардың  шектелген  саны  қызмет  етеді.Бұл  пәндер,басқаларға 

қарағанда,  графикалық  тілмен  сипатталады  (сызбалар,  диаграммалар, 

формулалар  және  т.б.),  оқытылатын  материалдың  белгілі  бір  пайызы  көзбен 

қабылданады, сондықтан бұл жүктемені азайтады. 

2019-2020  оқу  жылында  ағылшын  тілінде  пәндерді  оқыту  пилоты 

жалғасады.Егер мектеп дайын болса, 2019 жылы педагогикалық кеңес  пен ата-

аналар комитеттерінің шешімі бойынша жоғары сыныптарда химия, биология, 

физика  және  информатика  ағылшын  тілінде  оқытылады.  2019-2020  оқу 

жылында облыс орталықтарының барлық мектептерінің 10-11 сыныптарында 1-

ден  4  пәнге  дейін  (физика,  химия,  биология,  информатика)  ағылшын  тілінде 

пәндерді  және  тілдерді  оқытудың  арнайы  әдісімен,1  пән  -  міндетті  түрде  ата-

аналардың  пікірлерін  ескере  отырыпжүргізіледі.  2020-2022  оқу  жылында 

аудандық  орталықтар,  моноқалалар  мен  ірі  ауылдардың  барлық  толыққанды 

мектептері    ата-аналардың  келісімімен  және  мұғалімдердің,  білім 

алушылардың,  білім  ресурстарының  дайындығына  сәйкес  осы  төрт  пәннің 

біреуі немесе бірнешеуі ағылшын тілінде оқытылады. 



 

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Әдістемелік  қызмет  педагогтің  кәсіби  әлеуетін  дамытуға  бағытталатын 

педагогикалық  шаралардың  тұтас  жүйесі.  Педагогикалық  ғылымның 

жетістіктері, озық педагогикалық  тәжірибе және болып жатқан педагогикалық 

үдерістерді талдау, әдістемелік қызметтің негізін құрайды. 

Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік кабинеттердің рөлі мен 

орны  өзгерді.  Білім  беру  жүйесін  жаһандық  реформалау,  жетекші  білім  беру 

құндылықтарының  «жолсерігі»  болып  табылатын  және  ұстаздар  қауымына 

жеткізе алатын, жоғары кәсіби әдіскерлерге қажеттілігін анықтады. Озық кәсіби 

қызмет,  педагогикалық  кадрлардың  кәсіби  дамудағы  әлеуетті  қажеттіліктерін 

анықтау және қанағаттандыру сонымен қатар жағдай жасау әдістемелік қызмет 

үшін басым болып табылады. Әдістемелік қызмет әдістемелік қызметті  таңдау 

құқығын  қамтамасыз  етуге,  педагогтың  жеке  білім  беру  бағытын  іске  асыруға 

мүмкіндік беруге ұмтылуға демек – серпінді жаңартуға бағытталған. 



Оқу-әдістемелік  қызметті  нормативтік  құқықтық  қамтамасыз  ету 

мынадай нормативтік-құқықтық құжаттармен айқындалады: 

-  2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 

заңы (5-тарау, 29-бап, 1, 2 -тармақ) - «Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-

тәрбие  процесін  қамтамасыз  ету  және  жетілдіру,  оқытудың  жаңа 

технологияларын  әзірлеу  және  енгізу,  білім  беру  ұйымдарында  және  тиісті 

инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз 

ету  мақсатында  оқу-әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  жұмыс  жүзеге 

асырылады», «Оқу-әдістемелік және  ғылыми-әдістемелік жұмысқа  басшылық 

жасау: орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

39 



 

қалалардың  және  астананың  әдістемелік  кабинеттеріне  және  аудандық 

(қалалық)  білім  бөлімдерінің  әдістемелік  кабинеттеріне;  техникалық  және 

кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске 

асыратын  білім  беру  ұйымдарында  –  облыстық,  республикалық  маңызы  бар 

қалалардың  және  астананың  білім  беруді  басқару  органдарының  әдістемелік 

кабинеттеріне  және  бейіндер  бойынша  техникалық  және  кәсіптік,  орта 

білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне».  

-  «Оқу-әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру 

және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2007  жылғы  29  қарашадағы  №  583  бұйрығына 

өзгерістер  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 40 бұйрығы; 

-  «Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалардың  Үлгілік 

біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы;  

-  «Ересектерге  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  түрлері 

қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  11  қыркүйектегі  №  370  бұйрығы,  2-

тармақ; 


-  «Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдары  қызметкерлерінің  үлгі  штаттарын 

және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының 

тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  30 

қаңтардағы  

№ 77 қаулысы;  

Әдістемелік  кабинет/орталық  қызметінің  мақсаты  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарттарын  және  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта, 

техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі,  қосымша  білім  беру 

бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды 

жүзеге  асыру,  үздіксіз  білім  беру  үшін  жағдай  жасау,  педагог  және  басшы 

кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады. 

Білім  басқармаларының  әдістемелік  кабинеттерінің/орталықтарының 

штаттарын қалыптастыру «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 

үлгі  штаттарын  және  педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  адамдар 

лауазымдарының  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  республикасы  Үкіметінің 

2008  жылғы  30  қаңтардағы  №  77  қаулысына  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» қаулы жобасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Әдістемелік  кабинеттер  «Ересектерге  арналған  қосымша  білім  беру 

ұйымдарының  түрлері  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  11 

қыркүйектегі № 370 бұйрығына сәйкес жұмыс істейді. Бұйрықта «Әдістемелік 

орталықтар/кабинеттер»  жалпы  ережесі,  ересектерге  арналған  қосымша  білім 

беру  ұйымдары  түрлері  қызметінің  үлгілік  қағидаларының  2-тармағында 

жазылған.   

Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-

әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету  ұйымдарында  оқу-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет