ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет6/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

40 



 

әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қызметті  үйлестіру  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2007  жылғы  29  қарашадағы  № 

583  бұйрығымен  бекітілген  оқу-әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  және 

жүзеге асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.  

Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) оқу-әдістемелік жұмысының 

негізгі бағыттары: 

1) оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және педагогке, білім беру ұйымдары 

мен  әдістемелік  бірлестіктерге  көмек  көрсетуге  бағытталған  білім  беру 

қызметкерлерінің  кәсіби  құзыреттілігін  арттыру  бойынша  оқу  -  әдістемелік 

жұмысты  ұйымдастыру  және  өткізу  (консультациялар,  сабақтарды  талдау, 

дәрістер,  мастер-кластар,  семинарлар,  ғылыми-практикалық  конференциялар, 

педагогикалық  оқулар,  Педагогикалық  шеберлік  мектептері,  кәсіби  шеберлік 

конкурстарын өткізу); 

2)  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша,  оқу-әдістемелік 

жұмыстың  мазмұнын  жетілдіру  бойынша  әдістемелік  құралдар,  ұсынымдар 

әзірлеуді ұйымдастыру; 

3) 


педагогикалық 

қызметті 

зерделеу, 

талдау 


және 

бағалау, 

тәрбиеленушілер  мен  оқушылардың  білім  жетістіктерін  мониторингілеу, 

жұмыс  тәжірибесін  жинақтау  мен  жүйелендіруді  қамтамасыз  ету,  жұмыстың 

тиімді нысандары мен олардың нәтижелері туралы деректер банкін құру; 

4) білім беру ұйымдары мен педагогтарға инновациялық қызметке қолдау 

көрсету,  тәжірибелік-эксперименттік  және  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру 

және жүргізу; 

5) педагогтарды мемлекеттік білім  беру  саясатының негізгі үрдістерімен 

уақтылы  таныстыру,  оқытудың  инновациялық  нысандары  мен  әдістерін, 

сыныптан тыс, мектептен  тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын зерделеу және 

шығармашылық игеру; 

6) педагогтарды балалар  мен ересектерді оқыту,  тәрбиелеу және дамыту 

мәселелері  бойынша  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  әдебиет  туралы  қажетті 

ақпаратпен  қамтамасыз  ету,  ақпараттық-библиографиялық  жұмыс  жүргізу, 

бейне, медиатека жасау

7)  қалалық,  аудандық,  облыстық,  республикалық  және  халықаралық 

деңгейлерде  білім  алушыларды  білім  беру  мен  тәрбиелеуге  қатысатын 

ғалымдармен,  білім  беру  ұйымдарымен,  мемлекеттік  және  үкіметтік  емес 

құрылымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру; 

8)  жетекші  мамандарды  тарта  отырып,  оқу-әдістемелік  материалдарды 

сараптау,  оқу-әдістемелік  және  сараптамалық  кеңестердің,  уақытша  ғылыми-

зерттеу және шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру; 

9)  біліктілікті  арттыру  ұйымдарымен  бірлесіп,  педагогикалық  және 

басшы  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыруды  болжау,  жоспарлау  және 

ұйымдастыру,  педагогтарға  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  ұйымдастыру-

әдістемелік көмек көрсету. 

Білім  берудегі  қазіргі  жағдай,  білім  беру  мәртебесі  мен  міндеттерінің 

өзгеруі,  оған  балалар  мен  ата-аналар  тарапынан  қойылатын  жаңа  талаптар, 

сондай-ақ  басқа  да  бірқатар  басқа  да  себептер  әдістемелік  орталық/кабинет 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

41 



 

қызметінің ұйымдастырлуына ерекше өзектілік береді, сол себепті ол: 

• 

 қоғамның  заманауи  талаптарын  ескере  отырып,  білім  беруді 



дамытуды қамтамасыз етуі; 

• 

педагогтердің  шығармашылық  әлеуетін  дамытуы,  ең  үздік 



тәжірибені  анықтауы  және  жинақтауы  сонымен  қатар  ондағы  маңыздылықты 

айқындап қызметкерлерге жеткізуі;  

• 

білім  берудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша 



мәселелерді шешуі;  

• 

заманауи  педагогикалық  парадигмаға  және  жаңа  педагогикалық 



технологияларға  негізделген  білім  беру  процесінің  жоғары  сапасына  қол 

жеткізуі;  

• 

зерттеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыруы тиіс.   



Табысты  тәжірибе-бұл  жоғары  нәтижелілік  пен  оңтайлылықпен,  яғни 

жоғары  тиімді  нәтижелерге  қол  жеткізумен  ерекшеленетін  тәжірибе.  Табысты 

педагогикалық  тәжірибені  анықтау  және  қолдау  мақсатында  келесі 

критерийлерді орындау қажет: 

-  Өзектілігі.  Бұл  критерий,  ең  алдымен,  қоғамдық  даму  үрдістеріне, 

мемлекеттің  әлеуметтік  тапсырысына,  нормативтік-құқықтық  құжаттарға, 

заманауи педагогикалық ғылым идеяларына, педагогтардың кәсіби мүдделеріне 

сай болуы тиіс. Өзектілік критерийі өңірлік білім беру саясатының міндеттерін 

шешуге ықпал етуі тиіс 

-  Ғылыми  негізділігі,  ғылым  жетістіктеріне  сәйкестігі.  Табысты 

тәжірибені  педагогикалық  ғылымның  заманауи  жетістіктерін  ескере  отырып 

негіздеу  қажет.  Бұл  тәжірибе  педагогтардың  шығармашылық  теориялық 

ізденістерінің  және  әдістемелік  іс-әрекетінің  нәтижесі  немесе  сынамалар  мен 

қателіктер процесінде табылған болуы мүмкін. 

-  Оптималдығы.  Тұрақты  оң  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін 

қатысушылардың  күштерін,  құралдарын  және  уақытын  оңтайлы  жұмсау. 

Жоғары  нәтижеге  қол  жеткізу  қатысушылардың  шамадан  тыс  жүктелуі, 

олардың денсаулығына зиян келтіретін күштерді шамадан тыс жүктеу есебінен 

болса, тәжірибені табысты деп санауға болмайды. 

-  Жаңашылдық  және  жаңашылдық  элементтерінің  болуы.  Ғылыми 

жаңалық,  белгілі  әдістемелер  элементтерінің  комбинациясы,  әдістемелік 

қызметтің  жекелеген  жақтарын  ұтымды  ету  және  жетілдіру,  әдістемелік 

қызметтің даму перспективаларын терең түсіну сияқты жаңашылдықтың нақты 

сапалық көрсеткіштері болуы тиіс. 

Нәтижелілік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес анықталады.  

-  Тұрақтылық.  Тұрақтылық  критерийі  болған  кезде  табысты  тәжірибе 

белгілі  бір  уақыт  бойы  тұрақты  жоғары  көрсеткіштер  береді  және  өзгермелі 

жағдайларда нәтижелердің берілген деңгейін сақтайды 



Перспективасы.  Табысты  тәжірибе  оны  қайталауға  және 

шығармашылық пайдалануға, бұл  тәжірибені  бұқаралық практикада кеңейтуге 

мүмкіндік беруі тиіс. 

Осылайша, 

табысты 


тәжірибе-бұл 

шығармашылық 

ізденістің, 

жаңашылдықтың, 

бірегейліліктің 

элементтері 

бар 

әдіскерлер 



мен 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

42 



 

педагогтардың жоғары шеберлік тәжірибесі. 

Қазақстандағы  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнының  мәні  «білетін 

адам» тұжырымдамасынан, яғни білім, білік және дағды жүйесімен қаруланған 

адамнан«өмірге  дайындалған  адамға»  яғни,  белсенді  және  шығармашылық 

ойлауға,  әрекет  етуге,  интеллектуалдық,  адамгершілік  және  физикалық 

тұрғыдан өзін-өзі дамытуға қабілетті адам концепциясымен айқындалады. Бұл 

ретте  оқушыны  оқыту  кезінде  ауыр  және  түрлі  жоспарлы  жұмыс  процесіне, 

материалды оқу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге тарту қажет.  

Әдістемелік  қызметті  жаңарту  төмендегідей  сапалы  позицияларда 

қарастырылады: 

• білім  беру  тәжірибесі  мен  білімге  деген  сұранысты  жүйелі  ұғыну 

негізінде педагог кадрлармен жұмысты өзгерту

• жинақталған педагогикалық тәжірибені шығармашылықы өңдеу;  

• инновацияларды  енгізу  негізінде  қалыптасқан  жұмыс  тәжірибесін 

жетілдіру.  

Білім  беру  жүйесіндегі  әдістемелік  жұмыстың  иерархиялылығы  келесі 

деңгеймен анықталады:  

- аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет;  

-білім беруді басқару органдары құрылымындағы әдістемелік бөлім;  

- қалалық, аудандық ақпараттық-әдістемелік орталық (кабинет);  

- ғылыми-әдістемелікқалалық (аудандық) әдістемелік орталық (кабинет);  

-  біліктілікті  арттыру  мекемелерінің  құрылымындағы  оқу-әдістемелік 

кабинет (бөлім)және т.б.  

Мақсаттары  мен  функцияларында  айырмашылықтары  бар  әдістемелік 

қызметтер  қызметі,  арнайы  міндеттерді  шешуге  бағытталған.  Аудандық 

(қалалық)  әдістемелік  кабинет,  әдістемелік  қамтамасыз  етудің  дәстүрлі  және 

басым деңгейі ретінде келесі қызметтерді көрсетеді:  

-  әдістемелік  көмек  көрсете  отырып,  кадрлардың  біліктілігін  арттыру 

мүмкіндігін анықтайды және оларды қайта даярлауды жүзеге асырады;  

қызметкерлерді 



білім 

мазмұны, 

оқытудың 

инновациялық 

технологиялары,  жаңа  оқу  құралдары  және  т.б.  туралы  ақпаратпен  уақтылы 

қамтамасыз етеді. 

Заманауи  әдістемелік  қызмет  түрлі  педагогикалық  экспериментті 

жүргізуге, авторлық әзірлемелерге және педагогикалық технологиялар спектрін 

енгізуге назар аударуы тиіс. Негізгі функциялармен қатар аудандық (қалалық) 

деңгейлердегі  әдістемелік  қызмет  білім  беру  процесін  әлеуметтік-

психологиялық 

қамтамасыз 

етуге, 

ақпараттық 



қажеттіліктерді 

диагностикалауға,  кадрларды  аттестаттауға,  мекемелерді  аттестаттауға  және 

мемлекеттік аккредиттеуге бағдарлануы мүмкін. 

Барлық  деңгейлердегі  қазіргі  әдістемелік  қызмет  жұмыстың  дәстүрлі 

түрлерін  (консультациялар,  семинарлар)  және  жалпы  практика  үшін  жаңа 

(педагогикалық шеберлік конкурстары, психологиялық практикумдар және т.б.) 

түрлерін  бірге  ұштастырады.  Мұндай  формалар  арқылы  қандай  да  бір  қызмет 

түрін  әдістемелік  қамтамасыз  етуге,  әдістемелік  қызмет  принциптеріне  сәйкес 

мұғалімге кәсіби-педагогикалық көмек көрсетуге, қиындықтарды сауатты түрде 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

43 



 

жоюға,  педагогикалық,  әдістемелік,  тәрбие,  білім  беру  қызметін  ұйымдастыру 

мен  жүзеге  асыруға  байланысты  туындаған  сұрақтарға  негізделген  жауаптар 

беруге  мүмкіндік пайда болады. 

«Ересектерге  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  түрлері 

қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  11  қыркүйектегі  №  370  бұйрығының  2 

параграфына сәйкес, Әдістемелік орталық (кабинет) қызметінің мақсаты білім 

берудің мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандарттарын және  бастауыш, негізгі 

орта, жалпы орта,  техникалық және  кәсіптік, орта білімнен  кейінгі,  қосымша 

білім  берудің  білім  беретін  бағдарламаларын  іске  асыруда  білім  беру 

ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды жүзеге  асыру, үздіксіз  білім  беру  үшін 

жағдайлар  жасау,  педагог  және  басқарушы  кадрлардың  кәсіби  біліктілігін 

жетілдіру болып табылады. 

Білім  берудің  жаңартылған  мазмұны  жағдайында  әдістемелік  қызмет 

педагогке  оның  кәсіби  дамуына  көмек  көрсетуге  бағытталған,  өйткені  оның 

дұрыс  ұйымдастырылуы  әдістемелік  қызметтің  барлық  субъектілерінің  тиімді 

кәсіби-әдістемелік қарым-қатынастарына байланысты. 

Келесі критерийлер әдістемелік қызметтің негізі болып табылады: 

- оқушылардың функционалдық сауаттылығы; 

- авторлық әдістемелер (бірегейлігі); 

- педагогтардыңы өз қызметіне қанағаттануы; 

- педагогтердің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі. 

Әдістемелік  орталық/кабинет  қызметін  жоспарлаудың  бастапқы  кезеңі 

Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының бағдарламасына сәйкес 7 бағытқа бағдарлануы қажет, олар білім 

берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдіскерлер мен педагогтардың өзара 

іс-қимылының тиімділігін анықтайды. Атап айтсақ: 

- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 

- Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. 

- Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 

-  Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

қолдану. 

- Талантты және дарынды балаларды оқыту. 

- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 

- Оқытуды басқару және көшбасшылық. 

«Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалардың 

лауазымдарының  үлгілік  біліктілік  сипаттамаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 

бұйрығына  сәйкес  педагогтің  «педагог»,  «педагог-модератор»,  «педагог-

сарапшы»,  «педагог-зерттеуші»,  «педагог-шебер»  лауазымдық  міндеттері 

көрсетілген. 

Жаңартылған  білім  беру  жағдайында  әдістемелік  қызметтің  бірінші 

кезеңінде жоспарлау: 

- мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерін зерттеумен; 

- біліктілікті арттыру процесін жоспарлаумен



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

44 



 

-  инновациялық  қызмет  саласындағы  консалтингпен  байланысты  іс-

шараларды ұйымдастыруға және енгізуге бағытталуы тиіс. 

Мазмұнды компонент келесі іс-шараларды қамтиды: 

- педагогикалық тәжірибелерді жүйелеу; 

- жұмыстың тиімді формаларының деректер жинағын құру, 

- оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін тарату; 

- қазіргі педагогикалық әдебиеттерді талдау; 

- ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізу; 

- әдістемелік басылымдарды әзірлеуді ұйымдастыру; 

- оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру; 

- видеотекалар, медиатекалар құру. 

Әдістемелік  қызметтің  операциялық-іс-әрекет  компоненті  барлық  білім 

беру саясатын тікелей жүзеге асырумен сипатталады: 

- ғылыми қауымдастықпен өзара іс-әрекет; 

- тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

- оқу-әдістемелік материалдардыц сараптау; 

-  оқу-әдістемелік  және  сараптамалық  кеңестердің,  шығармашылық 

топтардың қызметін үйлестіру; 

- мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет. 

Мұнда  әдістемелік  қызметтің  түрлі  формалары:  сабақтарды  талдау, 

педагогикалық  шеберлік  мектебі,  педагогикалық  оқулар,  мастер-класстар, 

кәсіби шеберлік байқаулар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар 

өзекті болып отыр. 

 Әдістемелік 

қызметтің 

бағалау 

компоненті 

оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығының  деңгейін  және  мұғалімдердің  кәсіби 

құзыреттілігін  айқындаумен  сипатталады  және  педагогтер  қызметінің 

мониторингін,  оқушылардың  білім  жетістігінің  мониторнигін  өткізуге 

бағытталған.  

Әдістемелік  қызметті  басқарушылар  (директордың  ғылыми-әдістемелік, 

бағдарламалық-әдістемелік 

және 

оқу-тәрбие 



қызметі 

жөніндегі 

орынбасарлары),  қызмет  бағыттары  бойынша  әдіскерлер,  құрылымдық 

бөлімшелердің  меңгерушілері,  педагогтар,  ғалымдар  кіретін  мамандар  тобы 

жүзеге асырады.  

Педагогтердің  біліктілігін  арттыру  процесін  жоспарлау  бойынша 

әдістемелік кабинеттер қызметінің келесі бағыттары қамтылуы тиіс: 

-  педагогикалық  қызметті  жетілдіру  (педагогқа  балаларды  оқыту  мен 

тәрбиелеуде ұйымдастырушылық-әдістемелік және техникалық көмек көрсету); 

-  білім  беру  ұйымының  практикасына  ғылыми  зерттеулер  мен  озық 

педагогикалық  тәжірибе  жетістіктерін  енгізу,  педагогтың  ғылыми  және 

теориялық құзіреттілігіне ерекше назар аудару; 

- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 

бойынша жұмысты ұйымдастыру; 

-  әдістемелік  бірлестіктердің,  кафедралардың,  зертханалардың  және 

педагогтердің шығармашылық топтарының жұмысына басшылық жасау; 

-  педагог  қызметкерлерді  педагогикалық  ғылым  мен  тәжірибенің 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

45 



 

жетістіктерімен таныстыру; 

- педагогтердің кәсіби дайындық деңгейін, олардың кәсіби қажеттіліктері 

мен мәселелерін зерттеу. 



Инновациялық  қызмет  саласындағы  консалтинг  бойынша  әдістемелік 

кабинеттер/орталықтар мынадай іс-шараларды жүргізе алады: 

- жаңартылған білім мазмұнының негізгі үрдістері бойынша кеңес беру

- педагог-жаңашылдармен өзара іс-қимыл және сабақ өткізуге әдістемелік 

көмек; 

-  білім  беру  ұйымдарына  көмек  көрсету  (мектептерге,  балабақшаларға, 



тұрғылықты жері бойынша клубтарғажәне т.б.); 

-  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  мұғалімдерге  ұйымдастыру-әдістемелік 

көмек көрсету;  

-  біліктілікті  арттыру  институттарымен  үздіксіз  байланысты  жүзеге 

асыру. 

Педагогикалық тәжірибені жүйелеу және тиімді жұмыс нысандарының 

деректер жинағын құру бойынша әдістемелік қызметтің мазмұнды компоненті 

келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 

•  оқу-әдістемелік  материалдарды  әзірлеу  және  жасау  (бағдарламалар, 

құралдар,  ережелер,  тезистер,  дәріс  мәтіндері,  әңгімелер,  жоспарларжәне 

семинар  өткізу  бойынша  ұсынымдалар,  оқу  ойындары,  серуендер,  оқытудың 

белсенді формалары және т.б.);  

• 

қандай  да  бір  нақты  оң  педагогикалық  тәжірибені  терең  зерделеу 



және  одан  әрі  жоғары  кәсіби  әдіскер  тәжірибесін  жүйелі  сипаттау,  анықтау, 

таңдау, зерделеу, жинақтау және қалыптастыру;  

• 

тәжірибе 



жағдайын 

зерттеу 


және 

талдау, 


педагогтарда 

шығармашылық  ізденуде  туындайтын  жаңа  үрдістерді  анықтау,  ғылым 

ұсынымдарының тиімділігі мен қол жетімділігін зерттеу;  

• 

педагогикалық тәжірибені түсіну, негіздеу, талдау және жалпылама 



жүйелі сипаттау; 

Педагогикалық  тәжірибені 

тарату  үшін 

таңдау  критерийлерін 

әзірлеу(бірнеше  жыл  бойы  білім  беру  және  тәрбие  қызметіндегі  жоғары  және 

тұрақты  нәтижелер);  педагогикалық  қызметтің  өзектілігі  мен  әлеуметтік 

маңыздылығы  (оқу-тәрбие  міндеттерін  шешуде  және  мақсатына  жетуде, 

педагогикалық, әдістемелік және басқару қызметінің мазмұнында);  білім беру 

процесінде  денсаулық  сақтау  жүйелерін  есепке  алу;    педагогикалық 

тәжірибенің  ғылыми  негіздері  (педагогикалық  эксперимент  жүргізілген, 

педагогикалық  тәжірибе  жасалған  ғылыми  тұжырымдамалар,  теориялар, 

ережелер,  әдістемелер);   педагогикалық  тәжірибенің  жаңашылдығы  (жаңа 

мазмұны,  формалары,  педагогикалық  технологиялар);  белгілі  ғылыми  әдістер 

мен  оң  педагогикалық  тәжірибені  табысты  қолдану;  педагогикалық, 

әдістемелік,  басқару  еңбегінің  жекелеген  жақтарын  ұтымды  ету; жаңа 

педагогикалық  жағдайларда  оң  педагогикалық  тәжірибені  модификациялау 

элементтерімен  жаңғырту. Әртүрлі  семинарлар,  кеңестер,  конференциялар, 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

46 



 

байқаулар, диспуттар және т.б. өткізу.  

Әдістемелік  кабинет  қызметінің  мазмұны  даму  міндеттеріне  және 

жоспарланған  жаңашылдықтардың  сипатына  сәйкес  анықталады.  Әдістемелік 

қызметтің  қызметі  білім  берудің  жаңа  мазмұнын  әзірлеуге  және  енгізуге, 

мектептен  тыс  тәрбиеден  білім  алуға  өтпелі  кезеңнің  қиындықтарын  жеңуге, 

педагог  қызметін  жетілдіруге,  оның  кәсіби  шеберлігін  арттыруға  бағытталған 

және келесі іс-шараларды қамтыйды: 

- педагогикалық құралдармен тұлғаның мотивациялық саласын дамыту;  

-  білім  беру  ұйымдарының  бірлескен  қызметінің  жобаларын  құру  және 

тәрбие және білім беру қызмет;  

-  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру,  қызметті  жоспарлау,  есептілік,  оқу 

топтары мен балалар ұжымдарының білім беру бағдарламаларын құру бойынша 

педагогтар үшін әдістемелік ұсынымдар беру;  

-  білім  берудің  заманауи  нысандарын,  әдістері  мен  технологияларын 

ұғыну; 


-  білім берудің жаңартылған мазмұнының негіз  қалаушы  сәттерін ескере 

отырып,  педагогтар,  балалар  мен  ата-аналар  үшін  әдістемелік  ұсынымдар 

әзірлеу; 

- түрлі жаппай педагогикалық іс-шаралардың (конкурстар, олимпиадалар, 

оқулар  және  т.  б.)  сценарийлерін  құрастыру  және  оларды  бағалау 

критерийлерін анықтау  



Әдістемелік қызмет түрлері: 

Әдістемелік көмек – әдіскердің, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдар 

әдіскерлерінің,  педагогтардың,  балалар  ұжымының  сұраныстары  мен 

қажеттіліктеріне  жедел  және  перспективалық  әрекет  етуі.Әдістемелік  көмек 

түрлі құралдармен – кеңес беру, әдістемелік басшылық, әдістемелік қамтамасыз 

ету және т.б. жүзеге асырылады.  

Тақырыптық 

кеңес 

әдіскермен 

алдын-ала 

жоспарланып, 

перспективалық  жоспарға  енгізіледі.  Тақырыптық  кеңестерді  оқыту 

семинарларының  бағдарламасына  енгізуге  болады.  Тақырыптық  кеңестерге 

дайындық  кезінде  әдіскер  көрнекі  құралдар  мен  әдістемелік  материалдарды 

таңдайды.  



Ағымдағы  кеңес  педагогикалық  қызметкерлердің  кәсіби  қызметі 

барысында туындайтын әртүрлі мәселелер бойынша жүйелі түрде өткізіледі.  



Жедел 

кеңес 

әкімшіліктің, 

әдіскердің 

бастамасы 

бойынша 

педагогтердің   нақты  тәрбие  ісітерін  ұйымдастыру  және  жүргізу  барысында 

өткізіледі.Әдіскердің құзыреттіліг жіберілген қателіктерге жедел әрекет еткенде 

және шұғыл көмек көрсетуде көрінеді. 



Тәлімгерлік 

жас 


мамандармен 

жұмыста, 

сондай-ақ 

нәтижелі 

педагогикалық  тәжірибені  игеруде  қолданылады. Осы  көмек  түрінің  негізінде, 

педагог  қызметінің  проблемалық  өзіндік  талдау,  оқу  бағдарламаларын,  жаңа 

әдістемелерді  апробациялау  жағдайы  мен  процесс  талдау  және  т.б.  деректері 

бар.  


Әдістемелік  басшылық  педагог  қызметкерлермен  бірге  бірлескен 

шығармашылық  қызметтің  перспективалық  және  нақты  мақсаттарын,  оларға 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

47 



 

қол  жеткізудің  тиісті  тәсілдерін  нақты  айқындаумен  айқындалады,  білім  беру 

қызметін ұйымдастыру кезеңдері мен тәртібін белгілейді, білім беру қызметінің 

нәтижелілігінің 

өлшемдері 

мен 


көрсеткіштерін 

әзірлейді, 

жұмыс 

бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 



Әдістемелік оқыту – әдіскерлердің әдістемелік бірлестіктерін құру және 

жұмысқа  қатысу,  сондай-ақ  педагогикалық  шберханаларды,  проблемалық 

семинарларды, пікірталас клубтарын, шығармашылық зетрханаларды құру. 

Әдсітемелік қызмет түрлері: 

- теориялық семинарлар (баяндамалар, хабарлама);  

- семинар-практикумдар (баяндамалар, хабарлама); 

-  диспуттар,  пікірталастар  («дөңгелек  үстел»,  диалог-дау,  дебаттар, 

форум,  симпозиум,  «аквариум  техникасы»,  «панельді  пікірталас»,  «идеялар» 

кассетасы және т.б.);  

- «іскер ойындар», рөлдік ойындар, иммитация - сабақ; панорама-сабақ; 

- ғалым-дидакт, психолог, социолог, логопед және дәрігер дәрістері;  

-  қазіргі  заманғы  жаңа  әдістемелерді,  технологияларды,  психологиялық-

педагогикалық ғылымның жетістіктерін талқылау;  

- жеке ашық сабаққа, өзара сабаққа қатысу, іс-шараларға немесе олардың 

цикліне қатысты талдау;  

- авторлық оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын талқылау және талдау;  

- балалардың дамуын диагностикалау әдістерін талқылау;  

-  түрлі  көрмелер,  өз  білімін  жетілдіру  бойынша  есептер  (баяндамалар, 

рефераттар, сабақ әзірлемелері, дидактикалық және көрнекі құралдар дайындау; 

үздік балалар жұмыстарының көрмелері;  

-  нәтижелі  педагогикалық  тәжірибені  талқылау  және  оны  тарату  мен 

енгізуге ұсыныстар;  

- «Үздік әдіскер», «Үздік жыл мұғалімі» байқаулары;  

- педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференциялар жән т.б. 

Осылайша, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік 

кабинеттің/орталықтың  қызметі  заманауи  педагогикалық  парадигмаға,  жаңа 

педагогикалық ойлауға, педагогтың кәсіби қызметінің жеке стиліне, сондай-ақ 

заманауи  педагогикалық  технологияларға  негізделген  білім  беру  процесінің 

жоғары сапасына қол жеткізуге және қолдауға бағытталған. 

 

  

  



 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет