ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

17 



 

2.  Егер  екі  пән  бойынша  дипломы  бар    мұғалім  тек  бір  ғана  пәнді 

жүргізетін  болса,  ол  өзі  жүргізетін  бір  пән  бойынша  ғана  аттестациядан  өту 

құқығына  ие;  аттестацияның  оң  нәтижелерінің  қорытындыларына  сәйкес,  тек 

бір пән бойынша ғана қосымша ақы алады. 

 

 



Назар аударыңыздар! 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 

2018  жылғы  10  қаңтардағы  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция 

жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  Қазақстан  халқына 

Жолдауын  жүзеге  асыру  және  «Орта  білім  беру  ұйымдары  педагог 

қызметкерлерінің  жекелеген  санаттарының  жүргізуі  үшін  ұсынылатын 

құжаттардың  тізбесін  анықтау  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің  2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен мұғалімнің 

кәсіби  деңгейін  көтеру  мақсатында  төмендегідей  құжаттарды  жүргізу 

белгіленді: 

– 

сынып журналы; 



– 

тақырыптық-күнтізбелік жоспар; 

– 

күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар); 



– 

қритериалды  бағалау  бойынша  құжаттар  (қалыптастырушы  және 

жиынтық бағалау); 

– 

білім алушылардың күнделігі. 



Оқу жылының ішінде барлығы білім алушылардың білім сапасына  назар 

аударуға  тиіс және сынып жетекшілеріне,  мемлекеттік грант бойынша жоғары 

оқу орындарына түсудің механизмі ретіндегі,  ҰБТ (бұдан әрі – ҰБТ) бойынша 

түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу  ұсынылады.  Мектеп  бітіруші  түлектер  ата-

аналарымен  бірге  оқуға  түсуге  қалай  дайындалатынын,    құжаттарын    қашан  

тапсыратынын өздері анықтайды. 

Орта  білім  беру  ұйымдары  ұлттық  Бірыңғай  тестілеуге  дайындау  үшін 

байқау  түрінде  өткізілетін  тестілеу  жұмыстарын  жүргізуге  қатыспайды,  ал 

мұғалімдер мектеп бітіруші түлектермен бірге ҰБТ тапсыратын  орындарында  

болудан  және  ҰБТ  базасын  толтырудан  босатылады.  Қазақстан  Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32  бұйрығының 

2.2-тармағына 

сәйкес 

Қазақстан 



Республикасы 

заңдарында 

қарастырылғандардан  басқа,  педагог  қызметкерлерді  өздерінің  кәсіби 

міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне қатыстыруға болмайды. 

Қазіргі  кезде    ҰБТ  және  КТ  өткізу  ережелеріне  тиісті  өзгерістер 

енгізілуде.   



 

Оқу жүктемесін төмендету 

 

Оқу жүктемесін төмендету мақсатында  орта білім беру ұйымдарында үй 

тапсырмасын  ұйымдастыру  және  орындау  жөніндегі  Әдістемелік  ұсынымдар 

әзірленіп,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 

24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген. 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

18 



 

Үй  тапсырмасын  орындауға  жұмсалатын  уақыттың  көлемі  шамамен  екі 

есеге қысқартылды. 

 2018  жылғы  10  қаңтардағы    Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.  Назарбаевтың  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың 

жаңа  мүмкіндіктері»  Қазақстан  халқына  Жолдауын  жүзеге  асыру  шаралары 

туралы» Жарғысына сәйкес орта білім беруде оқу жүктемесінің төмендетілуіне  

байланысты шаралар қабылданды.  

Осыған  орай  барлық  сыныптарда    жүктемесі  төмендетілген  Үлгілік  оқу 

жоспарлары  (бұдан  әрі  –ҮОЖ)  әзірленді.  ҮОЖ  жобалары  еліміздің  барлық 

аймақтарының педагогикалық қоғамдастығымен талқыланып, келісілді.   

Бастауыш мектепте жүктеменің төмендетілуі: 1, 2-сыныптарда – аптасына 

2 сағат, 3, 4-сыныптарда –3 сағатты құрайды.  

Негізгі  мектепте  5-7–сыныптарда  жүктеме  3  сағатқа,  8-9-сыныптарда  4 

сағатқа  қысқартылды.  Инварианттық  жүктеме  барынша  қысқартылып,  білім 

алушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі.  

Білім  беру  ұйымдарына  жүктемесі  төмендетілген  ҮОЖ  таңдаған  кезде 

тереңдетіп оқыту үшін инвариантты компоненттен қосымша пәндерді таңдауға 

мүмкіндік  беріледі.  Осылайша,  бірқатар  оқу  пәндерінің  сағаттары 

қысқартылмайды. 

1-11-сыныптарда  «Дене  шынықтыру»  пәнінің  вариативке  түсірілген  3 

сағатының 1 сағаты міндетті түрде спорт ойындарын өткізуге арналады.  

Бастауыш  мектептің  жүктемесі  дамыту  түріндегі  жеке  және  топтық 

сабақтарды  алып  тастауға  байланысты  азайтылды,  өйткені  бастауыш 

сыныптарда, ең алдымен, бағдарламаның негізгі материалын меңгерту маңызды 

болып табылады.  

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы  бойынша «Жаратылыстану» 

пәні бастауыш мектеп курсына енгізілген. Бұдан бөлек, егер бұрын бұл пән тек 

5-сыныпта оқытылса, енді 1-ден 6-сыныпқа дейін оқытылады. 

Жүктемесін  төмендетуге  болатын  пәндерді  анықтауда,  ең  алдымен, 

коммуникативтік оқытуға бағдарланған екінші тілді оқытудың жаңа әдістемесі 

ескерілді.    Бұл  білім  алушылардың  тілдік  теорияны  жаттау  емес,  екінші  тілде 

қарым-қатынас  жасауды  жүзеге  асыру  дағдыларына  ие  болады  дегенді 

білдіреді. 

Осыған  байланысты,  білім  мазмұны  жаңартылған  оқу  бағдарламаларын 

әзірлеуде  коммуникативтілікке  бағдарлану  грамматикалық  материалдарды 

айтарлықтай қысқартуға жол ашты. 

Қазіргі  уақытта  5-9-сыныптарда  бейіналды  даярлық  жүргізілмейді, 

қабілеті  әртүрлі  балаларға  арналған  бір  Үлгілік  оқу  жоспары  әзірленді. 

Сондықтан  7-9-сыныптарда  ҮОЖ  әзірлеу  барысында  инварианттық 

компонентте  жаратылыстану  циклі  пәнін  меңгеруге  бөлінген  сағаттар  саны 

қысқарды.  Алайда,  7-9-сыныптардың  ҮОЖ  вариативті  компонентіне 

инвариантты  компоненттен  таңдау  бойынша  пәндер  енгізілді,  әрқайсына  2 

сағаттан. Барлығы – 6 сағат.    

Осылайша,  білім  алушының    инвариантты  компоненттің  тізімінен  

қосымша  3  пәнді  таңдап  алуына  мүмкіндігі  бар.  Егер  білім  алушы,  мысалы, 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

19 



 

физика,  химия,  биология  пәндерін  таңдайтын  болса,  бұл  2  сағат  инвариантты 

компоненттің  1  сағатына  қосылады.  Осылайша,  білім  алушы  бұл  пәндерді  3 

сағат  көлемінде,    яғни  қолданыстағы  ҮОЖ-мен  салыстырғанда  көп  көлемде 

оқиды.  

Білім  алушының  тереңдетіп  оқуы  үшін  тілдік  цикл  пәндерін  де  таңдап 

алуға  мүмкіндігі  бар.  Мысалы,  егер  білім  алушы  мемлекеттік  тілді, 

Мемлекеттік  білім  беру  стандарты  қамтамасыз  ететін  деңгейден  де  жоғары 

деңгейде  білгісі  келсе,  Мемлекеттік  стандартта  әр  пән  бойынша  инвариантты 

компоненттердің  сағаттарына  сәйкес  минимум  көрсетілетіндіктен,  ол  қазақ 

тілін екінші тіл ретінде таңдай алады. 

Қазақстан  тарихы  бойынша  сағаттарға  қатысты  мәселелер.  Қазақстан 

тарихынан әңгімелер бұрын 5-сыныпта оқытылатын болса, енді білім мазмұнын 

жаңарту аясында бастауыш мектептің «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасына 

кіріктіріліп,  5-сыныптан  бастап  Қазақстан  тарихы  –  ежелгі  Қазақстан  тарихы,  

6-сыныпта  –  орта  ғасыр  тарихы,  7-сыныпта  –  жаңа  заман,  8,  9-сыныптарда  - 

қазіргі заман тарихы  жүйелі оқытыла бастайды. 

Қолданыстағы  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты 

бойынша  қазіргі  заман  9-сыныпта  оқытылады  және  оған  2  сағат  бөлінеді. 

Сондықтан, жалпы Қазақстан тарихының сағаттары қысқартылған жоқ. 



 

 

Назар аударыңыздар! 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  7-9-сыныптарына  арналған  

ҮОЖ  инвариантты  компоненттерді  таңдау  бойынша  ескерту 

көрсетілген, 

мұнда 

бейіндік 



оқу 

пәндерінің 

қиыстырылуы 

(комбинациясы) ұсынылады. 

Бейіндік оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинациясы) ҰБТ шеңберіндегі 

пәндерді таңдауға бағдарланған. 

10,  11-сыныптарда  ең  жоғары  жүктеме  39  сағаттан  35  сағатқа  дейін 

төмендетілді. 

Жаратылыстану-математика бағытындағы10-11-сыныптарда алгебра және 

анализ  бастамалары  4-тен  3-ке  дейін  (бағдарламадан  жоғары  математиканың 

элементтерін  шығарып  тастау  керек),  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  5-тен  3-ке  дейін 

(негізгі  мектеп  курсында  білім  алушылар  қазақ  тілінде  еркін  сөйлеу 

дағдыларына ие болуы тиіс), ағылшын тілінен 3-тен 2 сағатқа дейін (ағылшын 

тілінде оқытылатын пәндер қосылады), Қазақстан тарихы 2-ден 1 сағатқа дейін 

азайту жоспарлануда. 

Қазақстан  тарихы  курсында  «Өркениет:  даму  ерекшеліктері», 

«Этникалық  және  әлеуметтік-саяси  процестер»,  «Мемлекет  тарихы  және 

қоғамдық-саяси  ойдың  дамуы»,  «Мәдениет,  білім  және  ғылымның  дамуы» 

бөлімдері  оқытылады.  Мұнда  негізгі  мектепте  оқытылған  материалдар 

жинақтап қорытылады, сондықтан бір сағат жеткілікті.  

Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11-сыныптарда  алгебра  және 

анализ  бастамалары  3-тен  2-ге  дейін,  информатика  2-ден  1  сағатқа  дейін, 

әдебиеттен  3-тен  2сағатқа  дейін,  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  5-тен  3  сағатқа 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

20 



 

дейін азайтылуда.  

 Сонымен  қатар  10-11-сынып  білім  алушыларына  пәндерді  таңдау 

ұсынылады: 2 пәнді үш сағат оқыту, бір пәнді 2 сағат оқыту.  

Гимназия/лицейлердің  де  жүктемесі  өзгертілді.  Бастауыш  сыныптарда 

гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа 

қысқарту ұсынылады. Бірінші сыныптың жүктемесі 26,5 сағатты құрайды (32,5 

болған), екінші сыныпта – 28 (33,5), 3-4-сыныптарда – 30 сағаттан (37,5 болған) 

тұрады. 

 

Назар аударыңыздар! 

2019-2020  оқу  жылында  оқу  жүктемесі  төмендетілген  Үлгілік 

оқу  жоспарларымен  білім  беру  ұйымдарында  оқу  процесін 

ұйымдастыру  мектептердің  таңдауы  бойынша  жүзеге  асырылады.   

2019-2020  оқу  жылында  оқу  жүктемесі  төмендетілген  Үлгілік  оқу 

жоспарларына  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  енгізілетін  жеке  білім 

беру ұйымдары мен мектептер көшеді. 

Сонымен  қатар,  еліміздің    барлық  білім  беру  ұйымдары,  соның  ішінде 

гимназиялар/лицейлер  де  ҮОЖ-ны  таңдауға  құқылы.  ҮОЖ  педагогикалық 

ұжымның, білім алушылардың, ата-аналар комитетінің, Қамқоршылық кеңестің 

пікірлерін ескере отырып таңдалады.  



 

Назар аударыңыздар! 

Мемлекеттік  мекемелер  мен  мемлекеттік  кәсіпорындардың 

қызметкерлерінің  еңбегіне  ақы  төлеу  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №  1193  «Азаматтық 

қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың 

қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  еңбекақы 

төлеу жүйесі туралы» қаулысымен айқындалады.  

2017  жылғы  1  қыркүйегінен    бастап  жалпы  орта  және  негізгі  орта  білім 

беретін  ұйымдардың  физика,    химия,  биология,  информатика  пәндерін 

ағылшын  тілінде  жүргізетін  мұғалімдерге  базалық    лауазымдық  жалақының 

200%  мөлшерінде,  яғни  шамамен  35  мың  теңге  көлемінде  қосымша  төлемдер 

енгізілді. Мұғалім ағылшын тілінің қажетті деңгейін меңгеруі тиіс. 

2018  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  оқу  материалының  жаңартылған 

мазмұнына  көшкен  мұғалімдердің  лауазымдық  жалақысы  (30  пайызға) 

көтерілді. 

  

Назар аударыңыздар! 

Үйде  оқытылатын  білім  алушыларға  арналған  Үлгілік  оқу 

жоспарлары  әзірленді. 

Сонымен қатар, кешкі мектептер үшін (күндізгі оқу түрі – 

7-11 сыныптар,  кешкі  оқу  түрі – 9-11-сыныптар,  кешкі  оқу түрі бойынша 

жеке оқыту – 1-6-сыныптар) Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламалары 

мен білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушыларға 

арналған Үлгілік оқу жоспарларын әзірленді. 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

21 



 

Сондай-ақ  білім  беру  ұйымдарынан  тыс  жеке  оқыту  үшін  қосымша 

Үлгілік оқу жоспары әзірленді. 

 

Назар аударыңыз! 

Кешкі  мектептерге,  үйде  оқытылатын  және  білім  беру 

ұйымдарынан  тыс  уақытша  білім  алушыларға  арналған  Үлгілік 

оқу  жоспарлары    Ы.  Алтынсарин  атындағы  ұлттық  білім 

академиясының сайтына орналастырылған. 

 

 

Назар аударыңыздар!   

Педагогтердің 

«Bilimlend» 

ақпараттық-аналитикалық 

порталына қанша рет кіргені  және ЦБР қолдану, сондай-ақ  әртүрлі 

порталдардағы  ресурстарды  пайдалануына  рейтинг  жүргізуге 

болмайды.  

Сонымен  қатар  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  нәтижелері  бойынша  жалпы 

білім беретін мектептердің рейтингін өткізуге рұқсат етілмейді.  

 

 



Назар аударыңыздар! 

«Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту,  бастауыш,  негізгі  орта, 

жалпы  орта  және  қосымша  білім  беру  ұйымдарында  педагогикалық 

кеңес  қызметінің  және  оны  сайлау  тәртібінің  үлгілік  қағидаларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 

міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер 

енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018 

жылғы  2  шілдедегі  №  317  бұйрығына  сәйкес    білім  беру  ұйымдарының 

педагогикалық  кеңесі  білім  беру  ұйымдары  басшыларының  бұйрығымен  бір 

оқу жылына сайланады және бекітіледі.  

Педагогикалық кеңес:  

1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;  

2) жұмыс оқу жоспарларын бекіту; 

3) білім беру қызметтерінің сапасы; 

4)  инклюзивті,  арнайы  білім  беруді  қамтамасыз  ету  үшін  білім 

алушылардың 

(тәрбиеленушілердің) 

үлгерімдері 

мен 

психология-



педагогикалық ерекшеліктері  туралы мәліметтер негізінде білім алушылардың 

(тәрбиеленушілердің) жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие 

және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу; 

5)  білім  алушылардың  аралық  және  қорытынды  аттестаттауын  өткізу, 

оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде 

емтихандардан  босату,  білім  алушыларды  келесі  сыныпқа  көшіру  немесе 

оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мадақтау 

қағаздарымен  марапаттау,  негізгі  орта  білімді  үздік  аяқтағаны,  негізгі  орта 

білімді аяқтағаны, жалпы орта білім  беруді үздік аяқтағаны, жалпы орта білім 

беру жөнінде аттестаттар, белгіленген үлгідегі анықтамалар беру туралы шешім 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

22 



 

қабылдау;  

6) оқу жүктемелерін бөлу, педагогтерді аттестаттауға, марапаттауға және 

көтермелеуге дайындау; 

7) білім беруді ұйымдастыруды үш тілде оқытуға көшіру; 

8)  экстернаттық  оқыту  түрінде  білім  алушыларды  аралық  және 

қорытынды аттестаттауға жіберу, өткізу; 

9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық 

конкурстарға қатысатын білім алушыларға арнап жеке жұмыстар ұйымдастыру; 

10) сабақ кестелерін құрастыру; 

11)  білім  алушыларды  (тәрбиеленушілерді)  қабылдау,  ауыстыру  және 

шығару; 


12)  білім  алушылардың  (тәрбиеленушілердің)  эмоционалдық-еркін  және 

тұлғалық дамуын зерттеу сияқты мәселелерді қарастырады. 

Қазіргі  таңда  педагогикалық  кеңестерге  жүктемесі  төмендетілген  ҮОЖ 

таңдауда,  топтарға  бөлу  мәселелері,  жоғары  сыныптарда  физика,  химия, 

биология,  информатика  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқыту  және  білім  беру 

ұйымдары  қызметінің  басқа  да  мәселелері  бойынша  өз  бетінше  шешім 

қабылдауға мүмкіндік беретін   академиялық еркіндік беріледі.  

 

2019-2020  жаңа  оқу  жылында  бақылаудың  негізгі  түрлері  ауызша, 

жазбаша формада және олардың аралас түрінде жүзеге асырылады. 

Бақылау  формасын  таңдау  меңгеруге  бөлінген  оқу  пәні,  оқу  сағатының 

саны,  оқыту  кезеңі  және    жоспарланған  оқыту  нәтижелеріне,  білім 

алушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілетіне  байланысты.  

Бақылау  тексерістері  білім  беру  ұйымының  басшысы  бекіткен  кестеге 

сәйкес  жүргізілуі  тиіс.  Бақылау  жұмыстарын  дүйсенбі,  жұма  және  соңғы 

сабақтарда өткізу ұсынылмайды.  

Білім мазмұнына жаңартулар енгізуді ескере отырып, оқу процесін және 

мектепішілік  бақылауды  тиімді  ұйымдастыру  үшін  жалпы  білім  беретін 

ұйымдардың әкімшілігіне төмендегідей нормативтер ұсынылады.  

 

1-кесте – Мектепішілік бақылау нормативтері 



 

№ 

р/с 

Бақылау нысандары 

Норма 

Сабақтар мен сыныптан тыс іс-



шараларына қатысу және талдау 

айына 8-10 сабақ (директор 

орынбасарларына), 

айына 2-3   сабақ (директор 

орынбасарларына) 

Сынып журналдарын тексеру 



тоқсанда  1-2 рет 

Білім алушылардың 



күнделіктерін(болған жағдайда) 

тексеру 


тоқсанда  1 рет 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

23 



 

Пән бойынша оқу 



бағдарламаларын тексеру  

 

тоқсанда  1 рет, жылына 4 рет 



Білім алушылардың жеке іс 

қағаздарын тексеру 

жылына 2  рет  (сынып жетекшілері үшін) 

Пән бойынша тақырыптық және 



күнтізбелік жоспарларын тексеру 

жылына 2  рет 



 

Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі  

 

2019-2020 оқу жылында критериалды  бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 

10-сыныптарда жүзеге асырылады.  

Критериалды  бағалау  жүйесі  формативті  бағалауды  және  ішкі  жиынтық 

бағалауды қамтиды.  

Критериалды  бағалау  білім  алушылардың  өз  әрекетін  бақылау  және 

бағалай  білу,  функционалдық  сауаттылығын  және  кең  спектрлі  дағдыларын 

қалыптастырудағы  оқыту  процесінде  туындайтын  қиындықтардың  себептерін 

анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Білім  алушыларға  дер  кезінде  қолдау  көрсету,  оқытудағы  алға  басуын 

көрсету,  оқыту  нәтижесі  бойынша  ата-аналарын    хабардар  ету    мақсатында 

әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады. 

Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, 

білімдегі  кемшіліктерді  анықтауға  және  олардың  жетістіктерін  көрнекі  түрде 

көрсетуге  бағыттайды.  Білім  алушы  мен  мұғалім  жеке  және  бірлесіп  одан  әрі 

даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады. 

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін 

бағалауға  мүмкіндік  береді.  Әр  сабақ  оқу  мақсаттарын  айту/көрсету  мен  оған 

жетудің  критерийлерін  таныстырудан  басталуы  керек.  Білім  алушы  қойылған 

оқыту  мақсаттарын  түсінуге,  оны  ой  елегінен  өткізіп,  оған  қалай  жету 

керектігін білуі қажет. 

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу 

материалын  қалай  игергенін,  практикалық  дағды  қалай  қалыптасқанын 

анықтауға  мүмкіндік  беретін,  нақты  анықталған,  алдынала  танылған 

критерийлермен салыстыруға негізделген. 

Әрбір  білім  алушы  дайындығының  жалпы  деңгейіндегі  өзгерістерді  де, 

бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да 

атап өту маңызды. 

Мұғалімге  мақсатқа  бағытталған  белсенділікті,  бастамашылықты, 

мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, 

жауапкершілікті ұстану маңызды. 

Бағалау  жүйесі    мұғалім  мен  ата-аналар  арасындағы  тығыз  байланысты 

қолдауды  және ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады.  

Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

24 



 

принциптері  түсіндіріледі,  ата-аналарға  арналған  практикалық  тренинг  немесе 

мастер-класс өткізіледі. 

Мұғалім  ата-аналармен  дескрипторларды  алдын  ала  талқылап, 

критерийлері  бұрыннан  белгілі  тапсырмаларды  таратып,  ата-аналармен  топта 

және  жұпта  жұмыс  істей  отырып,  ата-аналар  жиналысын  сабақ  формасында 

өткізе алады. Сабақта ата-аналарға, балаларына берілгендей, өздерін бағалауға, 

өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беріледі. 

Жиынтық  бағалаудың  қорытындылары  білім  алушыларға,  ата-аналарға 

немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.  

 

Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек 



ретінде 

әзірленген 

нормативтік-құқықтық 

актілер 


мен 

әдістемелік 

материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:  

-  «Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  өткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  

18  наурыздағы  №  125  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  14 

маусымдағы № 272 бұйрығы; 

– 

 «2019-2020  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта 



білім  беретін  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері 

туралы» әдістемелік нұсқау хат; 

– 

жаңартылған  білім  беру  мазмұны  аясында  орта  мектептерге  арналған 



критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;  

– 

бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау 



бойынша басшылық; 

– 

негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 



бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; 

– 

сыныптар,  пәндер  мен  тілдер  бөлінісінде  формативті  бағалауға 



арналған тапсырмалар жинағы; 

– 

сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған 



тапсырмалар жинағы; 

– 

сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған 



әдістемелік ұсынымдама.  

Әдістемелік құралдарды  nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар. 

Мұғалімнің  бағалау  қызметі  –  бағалау  критерийлерін  іріктеу,  әзірлеу 

және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері. 

Білім алушының бағалау қызметі үшін: 

– 

үнемі әртүрлі бағалау түрлерін қолдану (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау); 



– 

білім  алушылардың  оқу  жетістіктерінің  бағалау  критерийлерін  өз 

бетінше дайындау және таңдап алу; 

– 

бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алу; 



– 

кері байланысты үнемі қамтамасыз ету қажет. 

Мұғалім: 

1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы; 

2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес); 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет