Білім беру бағдарламасы В01421 «Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет» Кредит саны (ects): Семестр: 4



бет1/13
Дата13.02.2022
өлшемі280,96 Kb.
#131641
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Силлабус Тренажер


Жұмыстық оқубағдарламасы( силлабус)

Н 11/1-66-2020
2 баспа 05.01.2021






М.Х.Дулати атындағы Тараз өнерлік университеті
Өнер және спорт факультеті
Спорттық пәндердің әдістемесі кафедрасы





БЕКІТЕМІН



«Өнер және спорт» факультетінің деканы


_______________ А.Е.Жаскиленова




«_____» ____________20___ ж.

ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)


СПОРТТЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР МЕН ТРЕНАЖЕРЛАР


Білім беру бағдарламасы 6В01421 - «Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет»
Кредит саны (ECTS): 3
Семестр: 4
Пререквизиттер: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
Постреквизиттер: Келесі практика тәжірибесі
Оқытушының(лардың) аты-жөні
Мазболдиев Аскарбек Чарипжанович e-mail: amazboldiev@mail.ru
Оқыту форматы: аралас оқыту


Жұмыстық оқу бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты кафедра «Спорттық пәндердің әдістемесі»
Ескерту: Құрметті студент! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінемін. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді www.portal.tarsu.kz сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-lineанкетаны толтыру керек.
Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.
Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын жоғарылата түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.
**Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді.
Тараз, 2021
Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама№_____ «______» _____________202___ж.).

Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Спорттық құрылыстар мен тренажерлар» пәні аралас оқыту форматтында оқытылады. Пән бойынша 22 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 10,5с - лекция, 22,5с - практикалық және 57с білім алушының өзіндік жұмысы (соның ішінде – 9с - ОБӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) юолады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке есептеу - геометриялық үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар GoogleClassroom веб-сервисінде өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игерубойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілгенуақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.
Пән бойынша барлық практикалық сабактар 8-15 апталар ішінде университеттің оқу корпусында дәстүрлітүрде өткізіледі. Университеттің аумағында сабаққа қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда студент оқытушыға хабар беріп, оқуын Google Classroom бойынша жалғастыруына болады.



1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

-спорттық-жаттығу және бұқаралық спортта қолданылатын спорттық ғимараттар мен тренажерларды жобалау, салу және пайдаланудың жалпы негіздерін зерттеу.
- спорт ғимараттары мен тренажерларды пайдалану және оларға қызмет көрсету бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеру.

2

Сағат саны

Лекция – 10,5 сағат
Практикалық сабақтар- 22,5 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)- 48 сағат (соның ішінде ОБӨЖ (9сағат))
Барлығы - 90 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Осы курсты аяқтағаннан кейін:
Студент таныс болуы керек:
спорт ғимараттары мен тренажерлардың құрылу тарихы мен жіктелуімен.
Студент білуі керек:
спорттық мақсаттағы объектілерді, сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорт практикасында пайдаланылатын тренажерлік құрылғыларды салу және пайдалану үшін қажетті нормативтік деректер мен талаптарды.
Студент білуі керек:
пайдалану және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес спорт ғимараттары мен тренажерлардың базасын практикалық қызметте пайдалануын.

4

Білімін бағалау

1.Жеке үй тапсырмасы (ҮТ): 10*3=30 балл
2. Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЗ): 4*5=20 балл
3. Студент белсенділігі: 10 балл

5

Қорытынды бақылау

емтихан

6

Техникалықталаптар(қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі жәнеқосымшаәдебиеттертізімі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет