Қараөзек бастауыш мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылының і-жартыжылдық оқу-тәрбие жұмысының есебі



Дата27.12.2016
өлшемі52,01 Kb.
#6205
Қараөзек бастауыш мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылының

І-жартыжылдық оқу-тәрбие жұмысының есебі.

Қараөзек бастауыш мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылының басында оқу-тәрбие жұмысының жоспары құрылып, бекітілді.

Жаңа оқу жылы1қыркүйек «Білім күні» мерекесімен басталды.

Мақсаты: «Білім күнін» және жаңа 2015-2016 оқу жылының басталуын атап өту. Оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау.

Салтанатты жиылысты құттықтау сөзімен мектеп меңгерушісі Серғазинова З.Қ . ашты.

«Алғашқы қоңырау» соғуын 1-сынып оқушысы Қайырбай Ерназар және

3- сынып оқушысы Қайырқожаев Жарқынға атабыс етілді.

Келесі кезекте оқушылар дайындаған мерекелік бағдарламасы бойынша

өлең оқып, ән шырқады.

Ата-аналар да өз құттықтау сөздерін, тілектерін білдірді.

Салтанатты жиылыс аяқталған соң , сынып жетекшілер өз сыныптарында «Менің елім-Қазақстан» тақырыбы бойынша тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатына ата-аналарда қатысты.Тәрбие сағаттарының мақсаты:

Жас кезінен «Отанға» деген махаббатын арттыру, Өркенниетті еліміздің сауатты, салауатты азаматы болып өсу. Егеменді Қазақстан елін мақтан ету.

Қыркүйек айында денсаулық мейрамына байланысты «Бірінші байлық-денсаулық» атты тақырыбы бойынша іс шара өткізілді. Оқушыларға эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Әр түрлі спорттық ойындар ойнаған оқушылар риза болды.

Қыркүйек айының ішінде «Ана күніне» байланысты апталық өткізілді.

Ана туралы өлеңдер оқылып, тақырып бойынша әңгіме жүргізілді.

Сонымен қатар тақырып бойынша сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Ұстаздар күніне байланысты мектебімізде «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» тақырыбы бойынша ертеңгілік өтті.

Оқушылар ұстаздарын құттықтап өлең оқып, ән айтты.

Спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде «Мықты,епті және батыл» атты спорттық жарыс өтті.Спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында.

Осы айда күз мерекесі де аталып өтті, тақырыбы «Алтын күз».

Оқушылар күзге байланысты сурет салды, тақырыпқа байланысты өлеңдер оқылды. Әр түрлі жұмбақтар шешіліп, ойындар ойнатылды.

Соңында дастархан жайылып оқушылар аналарымен дайындаған күзгі салаттарын қонақтарға ауыз тигізді.

Бала тәрбиесіндегі ата-аналар маңызын арттыру мақсатында І-тоқсан соңында ата-аналар жиналысында «Тәртіп-Отбасынан басталады» тақырыбы бойынша ата-аналарғаӘлімжан Р.С.баяндама оқыды. Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайту, кішкентай кезінен жақсы мен жаманды айырта үйрету,білімді және тәрбиелі тұлға өсіру. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу.Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.

І-тоқсанды оқушыларымыз жақсы нәтижемен аяқтады.білім сапасы 100% құрады.1-сынып қортылмайтындықтан,оқушылармен білім деңгейін тексеру жұмыстары өткізілді.Мектебіміздің 2-сынып оқушысы Қабдынұр Асылжан «өте жақсы» деген бағамен І-тоқсанды аяқтады,ал қалған оқушыларымыз «жақсы» деген бағамен шықты.

ІІ-тоқсан басында пәндер бойынша апталық өтті тақырыбы «Оқы,оқы және оқы!» Мақсаты оқушылардың тіл байлығын кеңейту,оқуға деген қызығушылығын арттыру.Оқушылар мәнерлеп олең оқыды, өз еркімен өлең шумақтарын шығарды.сахналық көрініс көрсетті.

Қазақстан Республикасының Пррезиденті,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» тақырыбы бойынша сынып жетекшілер оқушыларына әңгіме жүргізді.

Желтоқсан айында «Әр мамандық жақсы...» тақырыбы бойынша 3-сыныпта тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық туралы білімдерін кеңейту және жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Тәрбие сағаты оқушыларға өте пайдалы болып өтті. Оқушылар көп мәліметттер алды. Сынып жетекшісі Әлімжан Р.С. сабаққа байланысты әр түрлі деректер, буклет және суреттер қолданды.

Сонымен қатар «Тәуелсіздік күніне» байланысты салтанатты жиылыс өтті. Желтоқсан құрбандарын 1минут үнсіздікпен еске алдық.

Оқушылар өлең оқып, «Желтоқсан желі» әні хормен орындалды.

Қазақстан елінде және басқа елдерде де әрқашан тыныш бейбіт өмір болсын деген ниетпен оқушылар салтанатты жиылыс соңында «Ақ көгершін» әнін орындады.

Желтоқсан айында «Әліппемен қоштасу» мерекесі өтті.

Оқушымыз әліппені қалай меңгергенін көрсетті.Сынып жетекшісі Әлімжан Р.С. ашық сағатын өте жақсы өткізді.

1-сынып оқушысы Қайырбай Ерназар алғашқы «Әліппе» оқулығымен қоштасып, қолына «Ана тілі» оқулығын алды.1-сынып оқушысының әжесі келіп тілегін айтты.

Оқу жылының басынан бастап оқушылардын күнделіктері үнемі сынып жетекшілерінің бақылауында.Сонымен қатар сынып журналдары да тексеріліп отырады.

Барлық балалардың асыға күтетін «Жаңа жыл» мерекесі де келіп жетті.

Оқушылар үшін ата-аналарының келісімі бойынша Жаңа жылдық мерекеге оқушыларды қалаға апарып келуге келісілді. Көкшетау қаласындағы Құсайынов атындағы қазақ драма театырына жаңа жылдық көрініске апару ұйымдастырылды.Сейфуллин округінің әкімшілігі мектепке оқушыларды қалаға апарып келуге «газель» авто көлігін шығарды.

Жаңа жылдық көрініс сағат 12.00де басталды. Барлық оқушылар әр түрлі жаңа жылдық киім киді.Оқушылар жаңа жылдық ертегіні тамашалады.Ертегі аяқталған соң үлкен шыршаның жанында мереке әрі қарай жалғасты.Оқушылар тақпақтарын айтты, ән орындады, ойындар ойнады.

Соңында Аяз-Ата және Ақшақар жаңа жылдық сыйлықтарын таратты.Оқушылар мен бірге фото суретке түсті.Барлық оқушылар және Ата-аналары да риза болды.

«Кел жаңа жыл біздерге» тақырыбы бойынша мектебімізде де жаңа жылдық ертеңгілік мереке өтті.

Өлең оқып, ән айтып, би билеп мектеп залында безендірілген жаңа жылдық шыршаны айналды.

Барлық оқушыларға сыйлық және ойыншықтар таратылды.

Жаңа жыл мерекесі өте қызықты болды.

ІІ-тоқсан білім сапасы 100% құрады.2-сынып оқушысы Қабдынұр Асылжан өте жақсы деген бағамен аяқтаса,қалған сынып оқушылары жақсы деген баға алды.

І-жартыжылдық білім сапасының қортындысы бойынша :



1-сынып қортылмайды.

2-сынып Қабдынұр Асылжан- «5»

Қайырбай Ақгүл- «4»



3-сынып Қайырқожаев Жарқын- «4»

Жалпы мектеп бойынша білім сапасының І-жартыжылдық қортындысы 100% құрады.

Дайындық сыныбына келетін болсақ ,оқу жылының басынан бастап оқушыларымыз қолдарына қалам алып алғашқы жазу тәсілін меңгере бастады. әріп танып,оқуға да кірісті.1-10 дейін санауды және кері санауды үйренді.Әр түрлі тақпақ жаттап,ертегі айтып,ән айтып үйренуде.

Әрі қарайда оқушыларымыз көп білім алады деп сенеміз.

Жаңа жыл мерекесі аяқталысымен, оқушыларға арналған қысқы демалыс кестесі құрылып,бекітілді. Демалыстың әр күнін қызықты және пайдалы өткізу мақсатында жоспар құрылды.

Келесі ІІ-жартыжылдықты да жоспар бойынша өткіземіз деп сенеміз.



Мектеп меңгерушісі: Серғазинова З.Қ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет