Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет24/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар
Колданбалы курс, математика ТЖБ 4-ТОҚСАН 3-СЫНЫП[1], ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС 7
«Биология»
пәні бойынша таңдау курстары Жер және адам туралы білімді 
тереңдетуді және кеңейтуді, табиғат пен оның дамуы туралы диалектикалық-
материалистік көзқарасты қалыптастыруды, қоршаған ортаны қорғаудың және 
өз денсаулығына ұқыпты көзқарастың дағдыларын меңгеруді міндеттейді.
Республика аймақтарының негізгі және жалпы орта мектептерінде 
биология пәні бойынша жүргізілетін таңдау курстарының жалпы саны туралы 
жалпы мағлұматтар 4-кестеде берілген.
Қазақстан мектептерінің 7222-де биология пәні бойынша 11273 таңдау 
курстары жүргізіледі. Олардың 8465-і – негізгі орта, ал 5178-і – жалпы орта 
мектептерде жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептердегі таңдау курстарының жалпы саны 
бойынша Астана қаласы ерекшеленеді: бір мектепке шаққандағы курс саны 
республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Одан кейін Шығыс 
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан 
облыстарының мектептерінде биология пәні бойынша таңдау курстарының 
саны республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.
Негізгі мектептердегі таңдау курстары Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, 
Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жүргізіледі.
Жалпы орта мектептері бойынша Астана қаласындағы курстар саны 


39 
басқалардан әлдеқайда көбірек болса, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, 
Қостанай облыстарының және Алматы қаласының мектептерінде таңдау 
курстарының саны әлдеқайда азырақ.
4-кесте – Аймақтар бойынша биология пәнінен жүргізілетін таңдау 
курстарының жалпы саны
Облыс /қала Барлық мектептер 
саны 
Таңдау курстарының 
жалпы саны 
Таңдау курстары 
5-9 сынып 
10-11 сынып 
Ақмола
592 
1039 
579 
598 
Ақтөбе 
428 
193 
183 
54 
Алматы 
734 
1755 
1166 
615 
Атырау 
193 
265 
201 
92 
БҚО 
397 
683 
345 
373 
Жамбыл
450 
459 
328 
225 
Қарағанды 
531 
121 
126 
25 
Қостанай
548 
279 
135 
168 
Кызылорда 
292 
618 
996 
414 
Маңғыстау
130 
209 
151 
106 
ОҚО 
1021 
2241 
1292 
1275 
Павлодар
405 
549 
637 
353 
СҚО 
547 
105 
235 
32 
ШҚО 
676 
2061 
1635 
446 
Алматы 
201 
154 
86 
87 
Астана 
77 
542 
370 
315 
ҚР бойынша 
7222 
11273 
8465 
5178 
(ҚР облыстық білім беру басқармаларының мәліметтері бойынша)
ҚР жалпы білім беретін мектептеріндегі «Биология» пәні бойынша таңдау 
курстарының 
тақырыптары 
сыныптан-сыныпқа 
көшкендегі 
курс 
тақырыптарының сабақтастығын, оқу бағдарламалары мен оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкестігін (сурет) көрсетеді. Мысалы, 6-7 сыныптардағы 
таңдау курстарының басым көпшілігі жануарлар мен өсімдіктер әлеміне 
арналған. Мысалы, «Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне саяхат», «Қызыл 
кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер», «Қазақстанның флорасы мен 
фаунасын сақтау» тақырыптары осы сыныптардағы биология курсының 
мазмұнына сәйкес және 7-сыныпта жануарларға арналған курстардың үлесі 
өсуде. Оқу бағдарламасына сәйкес «адамды» оқып-үйренуге бағытталған 8-9 
сыныптың адам денсаулығы, физиологиясы, анатомиясы, гигиенасы, 
патологиясы туралы сұрақтар бойынша «Адам және денсаулық», «Адамның 
анатомиясы және физиологиясы», «Денсаулық пен медицина» таңдау 
курстарының үлесі өсуде. Жалпы биологияға арналған курстарда биосфера
биотехнология, ауылшаруашылық экономикасын оқып-үйренуге бағытталған 
тақырыптар кеңінен таралған. «Экология» тақырыбы биологиялық білім 
берудің ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанның барлық аймақтарында аса 
танымал. Таңдау бойынша курстардың кейбір бөлігі еліміздің флорасы мен 


40 
фаунасының өлкелік және аймақтық ерекшеліктеріне арналған.
Жалпы 
алғанда, 
биология 
пәні 
бойынша 
таңдау 
курстары 
тақырыптарының талдауы көрсеткендей, олардың көпшілігі биологияның 
«Ботаника», «Зоология», «Адам физиологиясы», «Жалпы биология» сияқты 
жекелеген бөлімдерін тереңдетіп оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, таңдауы 
бойынша курстарда заманауи биология ғылымының негізін қалайтын 
биохимия, биофизика, биоорганикалық химия, биотехнология, бионика сияқты 
пәнаралық интеграцияны күшейтуге бағытталған сұрақтар аса жеткіліксіз және 
эксперименттік биология сұрақтарына аз көңіл бөлінген. Бұл мектептің 
материалды базасының жеткіліксіз болуына байланысты, дегенмен мұндай 
тақырыптар 
оқушылардың 
қызығушылығы 
мен 
шығармашылығын 
дамытатынын ескерген жөн.
«Генетиканың негіздері» - 10-сыныпқа арналған курс (Омельчук А.А., 
Ақтөбе облысы Қандыағаш қ. № 5 орта мектебінің мұғалімі).
Курстың мақсаты мен міндеттері: адамның тұқымқуалаушылық 
белгілерінің механизмі мен жүзеге асуы туралы білімді тереңдету; адам 
генетикасының практикалық әдістері туралы оқушылардың ұғымын кеңейту; 
заманауи жетістіктер мен олардың практикалық мәні туралы ұғымды 
қалыптастыру; заманауи ақпараттық аймақта бейімделу, қажетті ақпаратты алу 
және сұрыптау дағдысын дамыту.
Бағдарлама мазмұнына келесі бөлімдер кіреді: «Жасуша туралы ілім», 
«Ағзалардың көбеюі және дамуы», «Өзгергіштіктің заңдылықтары», «Генетика 
және адам». Осылайша, аталған таңдау курсы 9-сыныпқа арналған «Жалпы 
биология» бөлімінің тақырыптарын, ең алдымен тірі жүйелердің генетикасы 
туралы білімді тереңдетіп оқытуға бағытталған. Курстың маңызды ерекшелігі 
болып генетика бойынша қолданбалы білім беру болып табылады. Ал «Гендік 
және жасушалық инженерия» сияқты бөлімдер, «ДНҚ-ның еселенуі», «ДНҚ-
ның репликациясы», «Транскрипция» тақырыптары бойынша есептер шығару 
курстың жаңашылдығын көрсетеді. Курс аналитикалық ойлауды және білім 
дереккөздерімен жұмысты дамытуға бағытталған.
«Адам өміріндегі жануарлардың маңызы» – 7-сыныпқа арналған курс 
(Б. Бралина, Ақтөбе облысы Қандыағаш қ. № 5 орта мектебінің мұғалімі). 
Курстың мақсаты – адам өміріндегі жануарлардың маңызын оқып-үйрену, 
Қазақстандағы жануарлардың таралу географиясы туралы білімді тереңдету, 
ғылыми қызығушылық пен білімпаздықты дамыту.
Міндеттері – ғылыми ойлауға қабілеттілікті дамыту: жануарлар 
тіршілігіндегі экологияның маңызын оқып-үйрену; үйдегі мал өсірудің 
артықшылығын танып-білу; оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Бағдарлама 7-сыныпқа арналған биология пәнінің оқу бағдарламасына 
сәйкес келесі бөлімдерден тұрады: «Қарапайымдардың тіршілігі және 
таралуы», «Қарапайымдардың экологиялық жіктелуі», «Былқылдақденелілер 
типінің сипаттамасы», «Буынаяқтылардың тіршіліктегі таралуы, олардың адам 
өміріндегі маңызы», «Омыртқасыздар типінің сипаттамасы». Курстың 
жаңашылдығы болып қазақ халқының мал өсірумен тығыз байланысты 


41 
тұрмыстық ерекшеліктерін оқып-үйрену болып табылады.
«Қоршаған орта және адам денсаулығы» 

8-сыныпқа арналған курс 
(Калиева А.М., Ақтөбе облысы Қандыағаш қ. № 3 мектеп-гимназисының 
мұғалімі). Курс оқушылардың табиғатқа ұқыпты көзқарасын, экологиялық 
жауапкершілігінің құқықтық принциптерін қалыптастыру қажеттілігіне сай 
әзірленген (аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат).
Курстың мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы оларды 
шығармашылықпен ойлауға және өздігінен шешім қабылдауға үйрету.
Міндеттері: экология проблемаларын негіздеу; оқушыларды оқытуда және 
тәрбиелеуде экологиялық принциптер мен амалдарды оқып-үйрену.
Ұсынылған курстар экологияның сан түрлі аспектілерін қамтиды: 
гидросфера және су проблемасы, агроэкология, қоршаған орта және адам 
денсаулығы, ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа әсері, Қазақстанның 
полигондары және біздің республиканың экологиялық проблемалары, 
өндірістік экология, экологиялық мақал-мәтелдер, қала мен ауыл экологиясы 
және т.б.
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері оқу бағдарламасына сәйкес 
келетін таңдау курстарының тақырыптарын ғана емес, сонымен қатар 
жекелеген сұрақтарды тереңдете оқып-үйрететін және қосымша салаларды 
қамтитын биология ғылымдарының да кең көлемін жүзеге асырады. Курстар 
мазмұнының сыныптан-сыныпқа көшкен сайын сабақтастығы және 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі байқалады.
Жобалық іс-әрекетке, тәжірибелік биологияға, өндіріске және ауыл 
шаруашылығына, күнделікті өмірге байланысты курс тақырыптарының аз 
болуы олардың практикалық бағытталмағандығын және оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында жаңарту қажеттігін 
түсіндіреді. Талдау барысында пәнаралық интеграцияны күшейтуге 
бағытталған курстардың жетіспеушілігі анықталды. Таңдау курстарын мазмұны 
бойынша да, қолданылатын оқыту технологиясы бойынша да түрлендіру қажет.
Аймақтарға бөлгендегі республиканың негізгі және жалпы орта 
мектептерінде өткізілетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет