Тақырыбы: Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері. Харди-Вайнберг заңы. Гендер дрейфі



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі52,39 Kb.
#95170
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс.19-20
Дәріс.№7-8.Doc3, Дененің еркін түсуі. 9-сынып2222222, Есептер шығару №2 Комбинаторика және ықтималдықтар теориясы, Садық А.Б практика бойынша есеп, Соц паспорт учащегося (7)

Дәріс №19-20


Тақырыбы: Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері. Харди-Вайнберг заңы. Гендер дрейфі.

Дәріс мақсаты:
 Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздерін қарастыру.
Дәріс жоспары:
1.Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері
2.Харди-Вайнберг заңы.
3.Гендер дрейфі.
1.Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері.
Популяциялық генетика — тұқым қуалаушылық құбылысын топ дарабастарында яғни популяцияда зертейтін генетиканың бөлімі. Генетик - популяционистер популяцияның генетикалық құрылымын жəне осы құрылымның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді.
Эволюция процесін зерттегенде, біз популяцияда жүретін генетикалық үрдістерді қарастырамыз. Генетикалық тұрғыдан эволюция дегеніміз - белгілі популяциядағы гендер жиілігінің өзгеруі. Сондықтан да популяциялық генетиканы эволюциялық генетиканың бір бөлігі ретінде де қарауға болады. Бірақ популяциялар генетикасының зерттеу тақырыбы нақты түрдің популяциялары болса, ал эволюциялық генетиканың тақырыбы болып бір немесе əр алуан түрлерге жататын кез келген популяция саналады.
Жеке алынған дарабас эволюциялық үрдістің бірлігі бола алмайды, себебі оның генотипі өмір бойы өзгермейді жəне де оның өмір сүру уақыты шектелген. Сонымен эволюциялық үрдістің қарапайым бірлігінің негізін жеке ағза емес популяция құрайды. Популяция дегеніміз белгілі ареалды мекендейтін, өзара еркін будандаса алу қабілеті бар бір түр ішіндегі ағзалар тобы болып саналады. Популяциялар үздіксіз ұрпақтардың қатары. Бұдан басқа, популяцияның генетикалық құрылымы өзгеруі мүмкін, яғни ұрпақтан ұрпакқа эволюция жолымен дами алады.
Мал шаруашылығында популяция деп белгілі санымен жəне нақты ареалда таралумен сипатталатын мал тобын түсінеді. Мұндай популяция басқа популяциялардан генетикалық құрылымымен, өнімділік сапасымен тағы басқа белгілерімен айырмашылығы бар. Шаруашылық сол тұқыммен ғана айналысатын болса популяция малдың белгілі бір тұқымынан ғана құралуы мүмкін, сонымен қатар популяцияның құрамына əр түрлі тұқымдар кіруі де мүмкін. Əдетте популяция - тұйықталған топ, себебі малды басқа популяциядан шеттен əкелу жəне шетке шығару шектелген, өйткені көпшілік жағдайда популяциядағы малдардың көбеюі, сол популяциядағы аналық жəне аталық малды жұптау арқылы іске асады. Белгілі бір популяцияның басқа популяциядан генетикалық құрамы бойынша айырмашылығы болады. Белгілі популяцияға дарабастардың барлық гендерінің жиынтығы генофонд деп аталады.
Популяциялардың қалыптасуы эволюциялық негізі үш фактор - тұқым қуалаушылық, өзгергіштік жəне сұрыптау арқылы іске асады. Популяцияның қалыптасуы кезінде пайда болатын эволюциялық өзгерістер микроэволюция деп аталады.
Популяциялардың екі түрін ажыратады: табиғи жəне жасанды. Табиғи популяцияның генетикалық құрамы негізінен табиғи сұрыпталудың нəтижесінде анықталса, ал жасанды популяцияның қалыптасуы адам арқылы жүретін қолдан сұрыптау арқылы іске асады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында өсірілетін малдар тұқымын алуан түрлі жасанды популяциялар ретінде қарауға болады.
Генетикалық құрылымы жағынан популяцияға қарама-қарсы түсінік - таза линия. Өздігінен тозаңданатын жеке өсімдіктің ұрпақтары таза линия болып саналады. Мұндай будандастырудан алынған дарабастар бір-бірімен генетикалық құрамы жағынан айырмашылығы жоқ болады деп санауға болады, өйткені олар популяцияға қарағанда толық гомозиготалық генотиппен сипатталады. Мал өсіруде таза линия алу қиын, себебі ұрпақтың гомозиготалық дəрежесін жоғарылататын туыс малдарды шағылыстыру инбредті депрессияға соқтырады. Сондықтан мал шаруашылығы тəжірибесінде таза линия алуға тырыспайды, мал тұқымын асылдандыру əр уақытта популяцияда жүреді. Ал зертханалық жануарлардың (тышқан, егеуқүйрық т.б.) жоғары гомозиготалы линияларын алудың генетикалық тəжірибелер үшін маңызы зор. Мысалы, жаңадан алынған вакциналардың, мутагендердің жəне т.б. препараттардың ағзаға əсерін генетикалық біркелкі дарабастарға (линияларға) енгізу арқылы анықтау өте ыңғайлы.
Сонымен популяциялық генетика тұқым қуалаушылықтың кəдімгі механизмімен айналыспайды, бірақ ол, осы механизмнің популяцияның эволюциясында атқаратын рөлін, Мендель заңдарының популяция деңгейінде іске асуын жəне қарапайым эволюциялық факторлардың популяцияның генетикалық құрылымына əсерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет